Ақшаның буы «айқайлатып» жатыр әншілер неге жалған ойынды жалғастыруда?

05.05.2020, 12:08

7

  Қанағат пен иманға қатысты ата-бабаларымызданбүгінгі ұрпаққа қаншама өсиет қалды. Құймақұлақ әр адам соны өміріне азық етіпкеледі. Ал ақпақұлақтар  аталы сөз бенарам сөздің, жақсы мен жаманның аражігін әлі ажырата алмай жүр. ОсындайдаЫбырай Алтынсариннің  «Қанағат» дегенәңгімесі еске түседі.  Ол былай:

    «Әзірет Әлиден бір жұт келіп:

–Толық байлық қайтсең табылады?– деп сұрапты.

Әли айтты:

– Қанағат ете білсең. Мал қаншакөп болса да, қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп тоймайды. Малы қанша аз болсада, барына қанағат ете білсе, бұл адамның көңілі жайлы, тынышырақ болады.  Сол үшін байлық – қанағатта».

    «Қанағат қарын тойғызады» деген халықпыз. Амалқанша, бізде  қанағатсыздық қанат жайыпкетті. Ашкөздік биліктегілердің  ғанаемес, кейбір төмендегілердің тәбетін ашып тұр. Солардың қатарында өздерін  «біз халықтың адамымыз» дейтін әншілер  де бар. «Өнерден өз жолымды таптым» депесептейтіндер көзі қызарып, қызба ойындарға қалай кірісіп кеткенін сезбейқалуда. «Байдың асын байғұс қызғанады» деп жүрмеңіздер. Бұл қоғамды қалтыратқандертке айналып бара жатқандықтан, тақырыпты талқылауға  тура келді. Өйткені заңсыз іс-әрекет күнсанап көбейіп, ұлтқа өнеге көрсететін азаматтардың өзі ұятты ұмытты.  

    Айталық, күні кеше заңсыз лотерея ойынынжарнамалағаны  үшін әнші Ернар Айдарұсталды. Осыған байланысты әлеуметтік желілердегі  ел азаматтарының пікірін барлық әншініңоқығанын қалар едік. Ал біз Алматы қалалық тергеу департаментіне хабарласып,тосын оқиғаға қатысты пікір білдіруін сұрағанымызда, әншілерден емес, өзімізденөзіміз ұялдық. Өйткені жарнамаға түскен Ернар да «алданып қалдық» депті. Ал«алданғандар» қатарының азаймауы бәрімізді алаңдатады.

   Соңғы тіркелген алаяқтық қылмысқа қатысты Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің  ресми өкілі Мырзахан Жақсылық бізге былайдеді:

–Соңғы уақытта қаржы саласы,оның ішінде қаржы пирамидалары бойынша бірнеше іс тіркелді. Дәл осыған ұқсасәлеуметтік желілерде конкурстар ұйымдастыру айғағы бойынша қылмыстар да бар.  Олар карантин режимін бұзып, 10-нан астам адамжиналып, заңсыз лотерея ойнатумен  айналысқан. Оны ұйымдастырушылар алаяқтық жолменазаматтарды алдаған. Яғни белгілі шоу-бизнес өкілдері арқылы халықтың сенімінекірген. Жарнамаға алданғандар үлкен ұтыстарға ие болудан үміттенген. Ұтысқақымбат көлік, бір бөлмелі пәтер тіккен. Ал шын мәнінде көліктер  жалға алынса, пәтер мүлде жоқ. Құқық қорғауорындары бұған дейін де БАҚ арқылы ескерту жұмыстарын жүргізген. Соғанқарамастан, белгілі артистер жарнама жасауға атсалысқан. Олар тергеу кезіндеалданып қалғанын айтады.  Ұтыс иелеріжоқ. Дегенмен сөз байласу арқылы жалған ұтыс иесі аталған. Осыған байланыстыолар Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни «Алаяқтық» іс бойынша  тергелуде.

     Ал елді арбап-алдағандардың жарнамасынжасаған әнші Ернар Айдар желіде: «Осы істің ақ-қарасын білмей, мені сынапжатқан ағайынға Алла сабыр берсін. Сол ұтыс ойынын өткізген ұйымдастырушыныңбарлығы қамалды», – деп жазды әлеуметтік желіде.

   Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев ЕрнарАйдардың алаяқтардың құрбаны болғанына жаны ашитынын байқатты. Бірақ Ернаралданатындай кәмелетке  толмаған балаемес қой. Осыған байланысты пікір білдірген Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы Ернар Қасымбеков былайдейді:

–Заң тұрғысынан қарасақ, лотереяқызметін 2016 жылы 16 сәуірде қабылданған «ҚР лотереялар және лотерейлік қызметтуралы» заңы реттейді. Осы заңның  1-бабы13-тармағына сәйкес, лотерея операторы – үкімет белгілеген лотерея жүргізуқызметін атқаратын заңды тұлға. Ал жеке тұлғаның лотерея қызметін ұйымдастыруғаешқандай құқы жоқ. Осы заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес, лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаларға лотереяұйымдастыруға тыйым салынған.

                 Қазірелімізде ережеге сай, лотерея ұйымдастыру «Сәтті жұлдыз» акционерлік қоғамына берілген.Олар қызметпен 15 жыл бойына айналыса алады. Сондықтан интернет болмаса, БАҚарқылы лотерея ұйымдастырып, оған автокөлік, пәтер, басқа да қымбат дүние-мүліктігу заңға қайшы. Заңды бұзған азаматтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралыкодекске сәйкес, жауапкершілікке тартылады. Онда заңсыз лотереяға қатысты нақтыереже жоқ. Бірақ кодекстің 153-бабымен жауапқа тартуға болады. Ол – заңсызкәсіпкерлік. Азаматтар лотереяны қаншалықты көп таратса, соншалықты көп қаражаттабады. Ал лотерея қызметін заңсыз жүргізгеннің өзінде, бағалы заттар ұтысқақойылуы міндетті  және ол кепілде емес, ұйымдастырушыныңөз атында болуы тиіс. Сонда ғана ақталуға бір мүмкіндік бар. Егер жалға алғанболса, бұл алаяқтыққа жатады.

     Айналып келгенде, осының барлығыжұрттан  сауатты, заңнан хабардар болудыталап етеді. Өйткені жұртты алдаудың амалы көп. Сіз 10 мың теңгеге әншінің бірән жинағын алып, пәтер немесе  көлік ұтыпалатындай боласыз. Бірақ сіз секілді 20-30 мың үміткер де сондай дәмедежүргенін білесіз бе? Олардың көліктері жалға алынған, пәтер мүлде болмауымүмкін. Аса қымбат емес сыйлықты 100 адам алды дегеннің өзінде, қалған ақшаұйымдастырушылардың қалтасында қалады. Ол ондаған миллион теңге болуы мүмкін. Қомақтықаражатты ұтыс ойынынан бір айда табуға болады. Ал танымал емес болсаңыз, 3-4ай қиналуыңыз мүмкін. Дегенмен теледидардан күнде көріп жүрген әншілерге дегенхалықтың сенімі жұртты ойынға қатысуға итермелейді.

    «Гарант 24 ломбард», «ЕSTATE Ломбард» және«Выгодный займ»  деп аталатын екі ұйымныңқылмыстық әрекеті естеріңізде ме?  Ондада танымал әнші Айқын бастаған азаматтарға жұрт сенген. Соңында аһ ұрып қалды.Ал жұртты қарық қылмақшы болған жұлдыздар «алданып қалдық» деп  шыға келді. Осыған байланысты пікір білдіргенбелгілі әнші, сазгер Марат Омаров былай дейді:

–Мұны масқара деп айтсақ тааздық етеді. Өнердегі адамдардың жат әрекетке баруы ақылға қонбайды. Өнер, сахна– біздің екінші үйіміз, оның киелі екенін ерте ұғындық. Қалай сөйлеуді,жүріп-тұру, қарым-қатынасты сол жерден үйрендік. Сондай киелі жерді көріпжүрген өнерпаздардың қосымша табыс табу үшін халықтың  ең соңғы тиын-тебенін алдап  алуы нағыз арсыздық. Ән ұрлауды былай қойып,енді халықты алдау деген – өзі түгіл, халықты сыйламау. Осындай қиын кездеқайырымдылықпен айналысудың орнына оңай ақша табуға ұмтылу жақсылыққа апармайды.Өнердің бағасы арзандады.  Енді бірадамның кесірінен осы салада жүрген бәріміздің беделіміз түседі.

    Шын мәнінде әншілердің азаматтығына сына қағылды.Бұрын қандай еді? Өткен ғасырларға көз жүгіртпей-ақ қоялық. Бүгінгі БибігүлТөлегенова,  Ескендір Хасанғалиев,  Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаеваның өміржолдары жастарға өнеге. Болмаса Майра Ілиясова, Айгүл Қосанова, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Елшібаева сынды әншілердіңжеңіл ақша тапқанын көрдіңіз бе?  Жоқ. Алқу қалтаның қамымен жүгіргендер, негізінен, тойдан қалмайтын эстрада әншілері.Солар туралы пікір білдірген  журналистАрман Сқабылұлы  facebook парақшасында:  «Соңғы күндері «жұлдыздар» төңірегіндедау-дамай өршіп тұр. Әнебір әншінің лотерея «аферасы» шыдамның шегін үзіпжіберді-ау деймін. Бүгін бір арнада оларды жұлдыз емес, шегірткеге теңеп жатты.Жалпы, оларды «жұлдызға» теңеу дұрыс па? Ол теңеу қайдан шықты?» – деп жазды.

    Иә, оларды жұлдыз қылған журналистер екенінұмытпайық. Енді олар қолына қалам ұстағандарға қарсы теріс пікір айта бастады. Алұлттық өнерді дәріптеуші Ерлан Төлеутай: «Мен осыларды əнші деп дəріптейтін,осылардың концертіне баратын тобырдың қараңғылығына, ашық ауыздығына таңғаламын.Бұлар мен үшін қашанда алаяқ «фанерщик» болатын, бұдан былай да аферист болыпқала бермек. Ал енді мынау пандемия жағдайында алаяқтық жасағаны тіптен шектеншыққандық», –  дейді.

     Таңғалуға болмайды. Ұтыс ойындары арқылыелді алдап, ақша табатындардың қатары алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін.Өйткені оған тыйым салатын заң солқылдақ және қадағалаушы орындар осы мәселегетүпкілікті нүкте қоя алмай отыр. Әйтпесе олар әлеуметтік желілерде, инстаграмдане болып жатқанын білмей отыр дейсіз бе? «Біреудің өзі жақсы, біреудің көзіжақсы» деген ұстаным да ұры мысық секілді ортаға түсіп кетеді. «Ертең тойғакелмей қоя ма?» деген ой да миды ашытып тастаған. Ал өз өнерін «Алланың бергенбағы» және «Ұтыстар ойынын» акция деп санайтын арзан сөздің иелері ендігі жердеқара халықтың қалтасына қол сала бермесе екен дейміз. Жұрт та хан сарайындай коттедждетұратын, қымбат көлік мінетін мырзасымақтарға жем болғанды тоқтатқаны жөн.

Жолдасбек Дунабай,

«Жас Алаш»


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34