Ақтауда металлургтер бас көтерді

Сайт әкімшілігі

18.04.2022, 05:25

949

Ақтауда металлургтер бас көтерді. «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ жұмысшылары ел Президентінің атына жалақыны 100% арттыруды талап ететін бейнеүндеу жолдады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігі мәлім етті. 

«ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ мұнай-газ саласына арналған болат құбырлар шығаруға және тау-кен өндіру өнеркәсібінде пайдаланылатын магистралды су таратқыштарды, жылу трассаларын және пульпо/шлам құбырларын салуға маманданған.

Жұмыс беруші компанияның мәліметіне сәйкес, 120 жұмысшы жалақыны көтеруді талап еткен және өз талаптары орындалмайтынын айтып, жұмысты тоқтатқан.

Айта кетейік, бұған дейін «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ қызметкерлері кәсіпорын директорына жалақыны 100% арттыру талабымен хат жолдаған болатын. Кәсіпорын директоры бұл хатты жалақыны көтеру мүмкіндігі мәселесін келісу үшін «ArcelorMittal Temirtau» АҚ акционеріне жіберген. Бүгінгі күнге дейін бұл мәселе өз шешімін таппады.

Тегтер: еңбек нарық халық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01