Ақтөбе оқушылары бір жылда 146 рет қылмыс жасаған

23.01.2019, 15:44

115

Ақтөбедегі мектептердің ішкі тәртіп ережесіне оқушылардың суық қару ұстамауы туралы пункт енгізілді. Ақтөбе қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, орта білім беретін мектептер жасөспірімдер арасында қылмыс көбейіп кеткен соң ішкі тәртіп ережесін жаппай өзгертуге мәжбүр болған. Қалалық білім бөліміндегі жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру секторының меңгерушісі Гүлназ МЫРЗАҒАЛИЕВА: — Ішкі тәртіп ережесіне мектепке суық қару әкелмеу, оны оқушылардың мүлдем қолданбауы туралы пункт енгізілді. Ақтөбе қалалық білім бөлімі бұл талапты мектеп жарғысына енгізуді ұсынған еді. Бірақ, жуырда ғана қазыналық мемлекеттік мекеме болып, құқықтық статусы мен жарғысын өзгерткен мектептерге бұл қиындық тудыратын болды. Сондықтан, ішкі тәртіп ережесін ғана өзгертіп отырмыз, — дейді.Ішкі тәртіп ережесі – оқушы, мұғалім және ата-аналардың міндеттері мен құқықтары көрсетілген мектептің ішкі құжаты. Ақтөбе мектептерінде ішкі құжат өзгерген соң жаппай түсіндіру жұмыстары басталған.Жергілікті полиция 10 қаңтар күні ескі зират аумағында болған 40 шақты оқушының төбелесін әлі де тексеріп жатқанын хабарлады. Ақтөбедегі төрт мектептің оқушылары қатысып, жергілікті университеттің бірінші курс студенті жарақат алған бұл оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.Полицияның мәліметінше, 2018 жылы Ақтөбе облысында жасөспірімдер 146 рет қылмыс жасаған. Оның екеуінде жасөспірімдер кісі өлтірген.Дереккөз: Азаттық радиосы
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:29
ҰБТ-ны алып тастау қажет — Талғат Нәрікбаев
Сайт әкімшілігі 12.06.2021, 10:20
«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев
Еламан СЕРІК 11.06.2021, 12:07
Мектептерде парақор директорлар әлі отыр
Сайт әкімшілігі 11.06.2021, 10:49
«Жастар-Отанға!» 5 бағытты қамтиды
Еркежан АРЫН 11.06.2021, 10:23
Қазақстан БҰҰ-ның экологиялық бастамасын қолдайды
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 11.06.2021, 09:02
Егемендік халыққа не берді?

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02