Ақтөбе қоқыс қалаға айналып барады

26.08.2019, 14:51

204

Жарты жылдан бері қаланы қоқыстан тазарта алмай келген Ақтөбенің билігі енді қызметке төленетін тарифті өсірмекші. Сөздерінше қаланы қоқыстан тазартатын он мердігер компанияның  жетеуі тарифтің аздығынан жұмыстан бас тартқан. Әкімдік те бар мәселе бағада болып тұрғанына айтады. Өйткені еліміз бойынша қоқысқа төленетін ең арзан баға Ақтөбеде екен. Қазір мердігер компаниялар тарифтің бағасын адам басына 195 теңгеге дейін өсіруді ұсынған. Шешімі қалалық маслихаттың отырысынан кейін белгілі болады.


Қоқыстан көз ашпаған ақтөбеліктер үйлерінің дәл түбінде тау болып жиналған қоқыстардың апталап жататын айтады. Сөздерінше иістенген қоқыс жәшіктерінің қасында тұрмақ түгілі жүріп өту тіпті мүмкін емес. Жарты жылдан бері жыр болған қоқыстан шаршаса керек, бүгін тұрғындар осы мәселені қарайтын қала әкімінің орынбасарын өздері әдейілеп іздеп келіпті. Тұрғындар тарифті көтеру үшін алдымен жауаптылар өз міндеттерін дұрыс атқарсын, қаланы таза ұстасын дейді. 
«Үйдің қасынан өте алмайсың. Қоқыс толып жатыр. Оны жинайтын арнайы көліктерді көрмейміз. Негізі тарифті көтермеу керек. Не үшін көтереді? Бір жетіде бір рет жинай ма, жинамай ма, сол үшін бе?»,- дейді қала тұрғыны Бейбатпа КӨНІСОВА. 
«Мысалға мен зейнеткермін. Маған қолайсыз. 67 мың теңге зейнетақы аламын. Жангелдин көшесінде тұрамын. Бірінші және бесінші күндері жинайтын еді негізі. Өткен демалыстың бірінші күнінде жиналған жоқ. Содан әлі жатыр»,- дейді тағы бір тұрғын Елтай КӨКЕНБАЕВ. 
Алайда әкімдіктегілер қазіргі бар мәселе қоқысқа төленетін тарифте екенін айтады. Сөздерінше осы бағаның аздығынан  қоқыс шығаратын мекемелер жұмыстан бас тартып жатыр. Оған қоса, 500 мыңға жуық тұрғыны бар қаланың тек қырық пайызы ғана қызметке ақша төлейді. Қазір мердігер компаниялар әкімдікке бағаны 195 теңгеге дейін өсіруге ұсыныс жасапты. Ал әзірше, әкімдіктегілер қаладағы қоқысты өзіміз жинап жатырмыз дейді.
«Негізінде біз жинап жатырмыз. Өз күшімізбен, қосымша, мына біздің кәсіпкерлер бар, мердігерлер бар. Көмек ретінде бізге көмектесіп жатыр. Келесі сессия маслихатына барлық құжаттарды реттеп, ұсынамыз. Депутаттар алдында осы мәселені көтеріп, талқылаймыз. Көтеріп жатқан жағдайда, 195 теңге аралығында көтеріледі»,- дейді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді ӘУБӘКІРОВ. 

Қала әкімінің жақында ғана тағайындалған орынбасары ақтөбеліктердің қазір қоқыс үшін төлеп отырған 104 теңгесі елде жоқ тариф дейді. Сөзінше, қоқысқа төленетін баға көршілес облыстарда әлдеқайда жоғары. Мәселен  Ақтау мен Қостанай облыстарының тұрғындары бұл қызметке 160 теңге төлесе, қызылордалықтар 150  теңге төлейді. Осылайша көршілес облыстарға зерттеу жүргізген әкімдіктегілер енді, мердігерлер ұсынған 195 теңгені маслихаттың кезекті отрысында көтермекші. Егер депутаттар мақұлдаса Ақтөбеде қоқыс шығаруға төленетін қызмет құны бірден тоқсан теңгеге қымбаттайды.



Фотолар автордікі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:20
Коронавирустен емделіп жатқан 790 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 09:12
COVID-19: қайтыс болғандар жөнінде ақпарат шындыққа сәйкес келмейді
Еркежан Арын 07.05.2021, 09:02
Сот жүйесіне жасанды интеллектінің көмегі бола ма?
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 07.05.2021, 08:49
«Жас қазақ» әні қалай туған?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 06.05.2021, 13:34
Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 10:32
Бауыржан Байбектің өкілі Мамайға қатысты азаматтық іс қалай жүріп жатқанын айтты

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56