Ақтөбе шенеуніктері балалар жататын интернатты қонақ үйге айналдырған (видео)

05.07.2019, 00:51

94

Мемлекеттік мекемелерді арнайылап тексеруге баратын комиссия мүшелері өзгелердің есебінен өмір сүруді тоқтатар емес.

Бұл жолы «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдері Ойыл ауданынының қаржысын тексеруге барған Ақтөбе облыстық тексеру мекемесінің қызметкерлерінің ісін әшкери етті.

Оқиға осыдан тура бір ай бұрын тіркелген.

Ойыл ауданына іс сапармен барған тексеру комиссиясы 27 мамыр мен 5 шілде аралығында «Ойыл аудандық білім, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ-не қарасты «Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп-интернаты» КММ-нің ғимаратында орналасқандығы туралы факт анықталды. Мектеп-интернаттың негізгі құрылтайшысы Ойыл аудандық әкімдігі болып табылады.
Тексеріске келген комиссияның жеті мүшесі мектеп-интернатқа ағымдағы жылдың 27 мамырынан бастап Ойыл ауылдық округі әкімі міндетін атқарушы қызметкердің қолы қойылған келісім шарт негізінде орналасқан.

«Келісім шартта Тексеру комиссясы қызметкерлері 27 мармыр мен 5 шілде аралығында әрбір қызметкердің әр күнініне 3 549 теңге қаражат төлеу көрсетілген. Қаражатты 2019 жылдың 1 маусымына дейін төлеу қажет болған. Фактіні анықтау барысында қаражаттың сол уақытқа дейін төленбегені анықталды», — деп хабарлайды «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.
Агенттік өкілдерінің мәліметінше, аталмыш интернат жалпы білім беру функциясын атқаратын коммерциялық емес ұйым болып табылады. Оған қоса санитарлық талап бойынша да интернетта ересек адамдар жатқызылмайды.

«Бұдан бөлек, келісім шарт талабына сәйкес, ғимаратты арендаға алу бойынша қаражат төленетін жерінде Мектеп-интернат реквизиті емес, Ойыл ауылдық округінің әкімдігінің реквизиттері көрсетілген. Сонымен қатар, видеоматериалда мектеп-интернат қызметкерлері комиссия қызметкерлеріне азпаздық және де дастархан дайындау қызметтерін көрсетіп жүргендері түсірілген.
Тексеру комиссиясы қызметкерінің айтуы бойынша аталған қызметтердің барлығы келісім шартта белгіленген екен. Бірақ, анықтау барысында келісім шартта ондай пункттің көрсетілмегендігі белгілі болды», — дейді агенттік өкілдері.

Бір қызығы аталған интернат басшылығы облыстан келген шенеуніктерді жатқызып, қонақ қылуды мойныма алған жоқпын дейді. Сөзінше Жергілікті әкімдіктің талабы сондай болған.


Фото: ru.sputniknews.kz/

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 05.03.2021, 14:30
Өрістегі малға тыныштық болмай тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.03.2021, 13:12
Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 15:47
Түркістан ет экспорты бойынша көш басында
Жайна ТӘТТІМБЕТ 04.03.2021, 15:31
Тәнін сатқан еркек, еркек пе?
Сайт әкімшілігі 04.03.2021, 14:14
Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 04.03.2021, 11:35
«Қазақстанда газ құбырларының 75% тозды». Ресейдегі оқиға қайталануы мүмкін бе?

Аңдатпа


  • "Жас Алаштың" 100 жылдық мерейтойына орай бильярдтан турнир өтеді
    05.03.2021, 16:25
  • Қарағандыдағы үш газет қазақшаға қалқан бола ма?
    05.03.2021, 13:12
  • Әкім бол, туысыңа жақын бол!?.
    04.03.2021, 10:15
  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44