Ақтөбе шенеуніктері жер беруді тоқтатты

12.09.2019, 14:26

34

Ақтөбе әкімдігі тұрғындарға мемлекеттен тегін берілетін жер телімдерінүлестіруді тоқтатты. Себебі бөлінген жер учаскелеріне су, жарық, газ тартуғабюджетте көк тиын ақша жоқ дейді биліктегілер.

Шенеуніктердің айтуынша, қаладағы 19 мың жер теліміне коммуникация жүргізу үшінжергілікті бюджеттен 15 миллиард теңге керек. Ол түгілі бұған дейін бөлінгенжер учаскелерін қарық қыла алмай отырғандарын шенеуніктердің өздері демойындайды. Себебі қаладағы бірнеше ықшамауданға әлі су мен жарық, газ тартылмаған.Салдарынан Ақтөбеде отырып тұрғындар от жағып, суды тасып ішуге мәжбүр.

Злиха Маханбетова он жылдан бері жердің кезегінде тұрғанын айтады. 10 сотықжерін күтіп шаршаған тұрғын қазір баласының қолында тұрып жатыр. Алайда зейнетжасқа келген тұрғын биліктің жер беруді тоқтатқанына қарсы. Сөзінше, онсыз даүй-күйсіз қаңғып жүрген халықтың  үйсалуға болмаса, мойындарына несие арқалап, пәтер алатын жағдайы жоқ.

— Мен осы баламның үстінде тұрып жатырмын. Он жылдан бері өзімнің декүткен жерім бар. Биыл шілдеде барып сұрағанда жер тоқтатылды деді. Сонда қалай?Үкіметтің жерін беріп беріп келіп, енді тоқтаттық дегені. Бір үйде үш отбасы тұрамыз. Біздің жасымыз келген. Біз ипотекаға, жиырма жылға несие ала алмаймыз.Жер берсе балалар бірдеңе қылып салып берер еді. Жер тоқтатты деген адамныңмиына қонбайтын дүние ғой, — дейді ол.

Ал әкімдіктегілер бұл мәселенің қашан нақты шешілетінін  өздері де білмейді.


— Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы бойынша жер телімін беру рәсімі уақытшатоқтатылды. Себебі жер учаскелеріне инфрақұрылым тартылмаған. Қашан осы жертелімдеріне инфрақұрылым желісі тартылад, содан кейін ғана жер беру рәсіміқайта жаңартылады, — деді Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісіҚамбар МҰҚАШЕВ.

Ақтөбеде соңғы алты жылда 22 мың жер телімі беріліпті. Алдымен  осылардың жағдайын реттегенше ешкімге жер берілмейдідеп шешіпті биліктегілер.  Ал дәл қазіргіуақытта Ақтөбеде 150 мыңға жуық адам жер учаскесінің кезегінде тұр.

Фотолар автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 12:49
Алматыда азық-түлік апта сайын қымбаттап жатыр, бұған тоқтам бар ма?!
Сайт әкімшілігі 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады
Сайт әкімшілігі 09:24
Бір тәулікте 720 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42