Ақтөбеде балалар лагерінде діни кітаптар таратқан кім?

08.10.2019, 14:18

255

Ақтөбеде балаларды тегін лагерьге шақырып, артынан діни әдеби кітаптар таратқан ұйым іздестіріліп жатыр. Әзірге «Нұр» деп аталған лагерьдің тек жазғы мезгілде ғана жұмыс істегені анықталып отыр. Мамандар балаларға таратылған діни кітаптар "Інжілдік христиан баптистері" діни ұйымынікі болуы мүмкін деген болжам жасады. Оқиғаға қатысты жан-жақты тексеріс басталған.

Діни кітап таратылған лагерь жайлы ақпарат алғаш әлеуметтік желіде пайда болды. 6 сынып оқушысы «Балаларға арналған киелі кітап», «Киелі кітап», «Киелі кітап әңгімелері» деп аталатын әдебиеттерді жазда тегін лагерьде алғанын айтады. 

Бұдан №71 мектеп директорының міндетін атқарушы Лаура ДОСҚАЖА хабарсыз болғанын айтады. 

Ұстаздардың айтуынша қазір осы жағдайды құзырлы орындар жан жақты тексеріп жатыр. Балалардың анасынан да түсінік алынған. Алайда анасы да, балалар да лагерь туралы дұрыс, нақты ештеңе айтпай отыр дейді. Ал облыстық діни басқарма күдікке ілінген бұл ұйымның 2012 жылы ресми тіркеуден өткенін айтады.

«Біз қазір бұл діни кітаптардың қайда таратылғанын, қандай діни бірлестік бергенін анықтап жатырмыз. Білуімізше бұл діни бірлестік інжілдік христиандық баптистік ұйым. Бұл діни бірлестік 2012 жылы бізде ресми түрде тіркелген. Қазір тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», -  дейді Ақтөбе облыстық дін істер басқармасының басшысы Әлімбек ТҰРАЛИЕВ. 

Сондай ақ, дін істер басқармасындағылар діни ұйым өкілдері  өз әдебиеттерін көшеде емес, өз ғибадатханаларында таратса ол заңға қайшы емес деп отыр. Оған қоса егер мұндай ұйымдарға  баруға  кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-анасы рұқсат берген болса ол кезде де заң бойынша қудаланбайды. Алайда тексерісті енді ғана бастадық деген мамандар бұл жағдайдың бәрін бүге-шігесіне дейін тексеріп, анықтайтын боламыз деп отыр.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17.01.2022, 10:30
ТЖ кезінде 68 жанармай құю станциясы зардап шекті - Алматы әкімдігі
Сайт әкімшілігі 15.01.2022, 22:02
Ө.Шөкеев: «Сайрам ауданының тәжірибесін қолдану керек"
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 09:02
Бір тәулікте 10 мыңнан аса COVID-19 жұқтырған
Сайт әкімшілігі 13.01.2022, 18:02
Алматыда өртенген әкімдік ғимараты тазартылып жатыр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 13.01.2022, 11:17
Қарағандыда жедел жәрдем дәрігерлері Президенттен көмек сұрады.
Сайт әкімшілігі 12.01.2022, 16:06
Алматыдағы бүлік суреттері мен видеоларын қайда жіберу керегі айтылды

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08