13.12.2019, 06:26
153
Ақтөбе облысындабір мезетте бір отар қойды айдап кеткен ұрылар ұсталды. Олар Қобда ауданыСарыбұлақ ауылының шетіндегі үйдің қорасынан 113 бас қойды түн ортасында қолдықылған.
Қос күдікті ұсақмалды қырық шақырым жердегі аудан орталығына түнделетіп жеткізген. Бір отарқойды алдын ала дайындап қойған үй ауласына қамаған. Тіпті малды союға алдын ала бес қасапшыны дажалдапты. Тәртіп сақшылары мұнда жеткен кезде ұрылар 23 бас қойды сойып,бұтарлап үлгерген. Ол ет қазір иесінеқайтарылып, қарақшылар қамауға алынған. Қазір Олардың басқа да мал ұрлығынақатысы бар-жоғы анықталуда.
«23 қойды күдіктілер сойып үлгерген. Қалған тоқсан бас қойды полиция қызметкерлері қой иесінеқайтып берді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, екі күдікті қамауға алынды», — дедіАқтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Фотоны автор ұсынды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР