Ақтөбеде хиджаб дауына байланысты 72 оқушы сабаққа келмей отыр

13.03.2018, 21:16

176

Ақтөбеде орамалды оқушылар әлі сабаққа бара алмай жүр. Екі тоқсан бойы мектепке келмегендері үшін қыздар келесі сыныпқа көше алмай қалулары да мүмкін.  Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева айтып отыр. Жалпы, оқу жылы басталғанда сабаққа 396 оқушы хиджабпен келген. Үшінші тоқсанның басында орамалды 340 оқушы болса, ата-аналармен әңгімелесуден кейін 268-і баламызды тиісті мектеп формасымен жібереміз деп келісімге келген. Қазір 72 оқушы сабаққа келмей отыр.

— Оқушылардың  арасында  екі  тоқсан бойы сабаққа келмегендері бар.  Бұл жөнінде  біз министрлікке хат  жазып отырмыз, себебі, қалай дегенде де бұл біздің балаларымыз. Сабаққа келмегендіктен  мектеп бағдарламасынан қалып қойып жатыр.  Егер бала осылай қала берсе, әрине, заң негізінде  ол сыныптан-сыныпқа көше алмайды,- дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Мектеп формасына қатысты мәселе аймақтағы күрделі тақырыптардың бірі екенін облыстық дін істері басқармасының басшысы да жоққа шығармады.

— Кейбір азаматтар  мектепте хиджапқа жол берілмеуін конституцияға  қайшылық ретінде бағалап жүр.  Бұл  жерде азаматтыр құқықтық сауаттылықты толық игермеуінен осындай пікір қалыптасқан. Шын  мәнінде мемлекеттің барлық құқықтық  нормалары Конституциядан бастау алады. Басын ашып алатын бір мәселе,  ата заңда  діни сенім бостандығы деген ұғым жоқ.  Ата Заңымызда ар-ождан бостандығы деген  ұғымның  аясы қамтылады. Ал мектеп киіміне қойылатын негізгі талаптар  білім және ғылым  министрлігінің бұйрығымен бекітілген.   Ол жерде  әртүрлі діни конфессияларға қатысты киім  элементтерін қосуға болмайтындығы да атап көрсетілген. Бұл мектепте хиджап киюге  үзілді кесілді тыйым салынатындығын көрсетеді, -деді облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас ҚАЛМАҒАНБЕТОВ.

 

Теологтар мен педагогтар қыз балалардың мектептегі киіміне қатысты мәселені заңға негізделген ереже, талаптармен түсіндіріп жатыр. Бірақ, оған құлақ аспай жатқандар да баршылық. Ата-аналық міндетін дұрыс атқармағандардың үстінен әкімшілік хаттама толтырып жатыр. Бүгінде 18 адамға cоттың шешімімен 5 АЕК көлемінде айыппұл салыныпты. Жалпы, оқушы қызын хиджабымен сабаққа кіргізбегені үшін басқа қалаға апарып оқытуға бекінгендер де болды. Білім басқармасындағылардың айтуынша, үшінші тоқсанда 32 оқушы отбасымен  Алматы мен Шымкентке қоныс аударған. Алайда, көшуге не себеп болғанын ашып айтапты.

Зада Зейін

Ақтөбе облысы

Фотоcуретті түсірген автор

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:15
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Сайт әкімшілігі 09:58
Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдей түсті
Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ 09:03
Ұлы даланың болашаққа жеті арманы
Бифат ЕЛТАЕВА 09:02
"Мен қазақ қыздарына қайран қалам"
Қуаныш ЕРМЕКОВА 16.10.2021, 15:38
Балаға қамқорлық - болашағымызға жасалған жақсылық
Нұрай РАХЫМ 16.10.2021, 14:34
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынан үміт көп

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29