Ақтөбеде полицейлердің туыстары митингіге шықты (видео)

09.09.2019, 21:04

29

Ақтөбеде тергеу кезінде күдіктіні азаптаған деген айыппенсотталған төрт полиция қызметкерінің туыстары мен әріптестері сот үкіміменкеліспейді. Бүгін олар облыстық прокуратура алдында наразылықтарын білдірді. Талаптары прокурорлар қылмыстық істі қайта қарап, сот әділ шешім шығарсындейді. Сот залында қолдары кісенделген полицейлер соттың үкімі шыққан күнге дейін  қызметте болған. Тіпті біреуі күні кеше полициякүнінде  майор шенін алыпты.


2019 жылдың 6 қыркүйек күні Ақтөбе қаласы №2 сотыныңсудьясы Әлима ӘБДІРОВА  полицейлер РусланЕСАНОВ, Марат ТЕМІРҒАЛИЕВ, Асылбек ТАЛАСБАЕВ және Дастан ХОДЖИБАЕВҚА қатыстыүкім шығарды. Олардың үстінен ҚР ҚК 146 бабы, 1 бөлімі, 2 тармағы бойыншақылмыстық іс қозғалған еді. Алайда полицейлер сот үкімді оқығанғадейін жазаға тартыламыз деген ойларында да болмаған сыңайлы. Төрт полицей 4-5жылдан жаза арқалап кетті.

«Сотталған күнгедейін  жұмыс жасады. Түскі асын ішкен соң балап үйге келмеді. Егерде менің балам сондайзаң бұзатын болса неге осы күнге дейін жұмыста жүрді? Екіншіден 23-шілдедеполиция күніне орай неге оған майор атағын береді? 2016 жылы  террористермен күрескенде біздің балаларымызкерек болды да енді керек болмай қалды ма? Міне, сол кезде медаль алды. Біздіңталабымыз істі қайта қарасын», —  дейдіӘсия МЫРЗАБЕКОВА.

 

«Бұл балалардытөрт жыл, бес жылға соттап жберіп тұр. Осы тұрғанда ата-аналары  не үшін сотталғанын білмей жүрміз. Наркомандыұрды деген. Оны ұрмады деген құзырлы органдардың қағаздары бар. Сол қағаздардыңбәрі сот залында қараусыз қалып тұр. Қазақша айтқанда өмір бойы сотталыпжүрген, адам өлтіріп тоғыз жылға сотталған, есірткі тартушы есебінде есептетұрған адамның бір жапырақ қағазына бола елді қорғап жүрген, халықтыңтыныштығын сақтап жүрген төрт бірдей азаматты соттап жіберіп тұр», —  дейді Талғат ӘЙТЕНОВ.   

Әділдік іздеп жиналғандардың алдына облыстық прокурордыңорынбасары  шықты. Алайда соттың үкімінәлі қолымызға алмадық деген ол жиналғандарға прокуратураға емес, сотқа барыпарыздануын сұрады.

«Үкім әлі дайынемес. Барлық сұрақтарыңыз бен талаптарыңызды сотқа барып қойыңыздар», —  деді Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары ҒалымжанТІЛЕУБАЕВ.

Қызметкерлерінің істі болып, сотталғанын полиция департаментініңбасшылығы біледі. Тоғыз ай бойы тергелген қылмыстық істің үкімін қолға алғаннанкейін әріптестерімізді  заң аясында қорғайтынболамыз деп отыр.

«Департаментбасшысы Арыстанов қазір командировкада жүр. 15-де келеді. Осы кісілердің бәрінөзі қабылдайды. Біз жолда қалмаймыз. Жұмыс жасаймыз. Көмектесеміз», —  деді Ақтөбе облыстық полиция департаментібасшысының орынбасары Қанат ӘЛИЕВ.


Ұлдарымыз жазықсыз, заңсыз сотталды деген жүзге жуық адаменді сотқа қайта аппеляциялық шағым түсірмекші. Оған қоса жоғарғы сот,еліміздің Бас прокуратурасына, тіпті президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА дейін іскеараласуын сұрап хат жолдамақшы.

Фотоларавтордікі.

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:20
Kaspi банкке шабуыл жасағандар ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:15
Коронавирустың жаңа симптомы аталды
Сайт әкімшілігі 09:19
Коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді
Айжан БҮРКІТБАЕВА 29.10.2020, 11:03
Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
Мариям МАҚСАТ 29.10.2020, 10:59
Ауылдықтар ауызсуға жарымай отыр
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 29.10.2020, 10:39
Жолдың жыры келер жылы тамам болмақ

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04