29.11.2019, 15:56
271
Бүгін Ақтөбе мектебінде Тұңғыш Президент күніне орай «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын жалпы республикалық ашық сабақ өтті. Бұл жөнінде ҚазАқпарат хабарлады.
Ақтөбе қаласындағы №72 мектеп-лицейде «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» деп аталатын жалпыреспубликалық ашық сабақ өтті. Оған қатысу үшін М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті әлеуметтік-саясат пәндері кафедрасының жетекшісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов арнайы келді.Алтай Тайжанов мектептің Әбіш Кекілбаев атындағы мұражайын аралап, білім ордасына арнаған ізгі лебізін тілектер кітабына жазып қалдырды.
Әрі қарай кездесу 9-сынып оқушыларының арасында, «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты тәрбие сабағымен жалғасты. Сабақ барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды рөлі ашып көрсетілді. Білім алушылардың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту, қасиетті Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке, кеңінен айтылды.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа бастамалары талқыланып, профессор оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында құрметті қонаққа кітап тарту етіліп, қатысушылар естелік фотоға түсті.
Фото: ҚазАқпарат
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР