Ақтөбеде тасқынның алдын алу үшін 190 млн теңге бөлінді

14.03.2018, 21:17

82

Ақтөбеге биыл да су тасқыны қаупі төніп тұр.  Төтенше жағдай қызметі су басу қаупі бар деген 43 ауылды айтып отыр. Ол елді мекендерде 12 мыңнан астам халық тұрады. Тасқынның алдын алу үшін бюджеттен 190 млн теңге бөлініпті. Қапшық-қапшық құмнан бастап, тікұшақ да дайын тұр екен. —  Облыста  165 гидротехникалық құрылым бар.  Оның жұмысын, жарақтылығын аудан әкімдері мен сол жергілікті жерде құрылған су тасқынына  қарсы комиссия мүшелері қадағалап отыр. Одан бөлек 21 жекеменшік су қоймасы бар. Олардың да жағдайын күнделікті  бақылауда ұстап отырмыз. Болжам бойынша, биыл наурыз айының соңғы онкүндігі мен сәуір айының екінші онкүндігінде  су тасиды.  Еріген қар суын қабылдауға біздің су қоймаларының қауқары жетеді. Бір жағынан биыл қар былтырғыға қарағанда аз түсті. Әрі күндіз  күн жылығанымен, түн салқын болады деп отыр синоптиктер,- дейді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан СЫЗДЫҚОВ.Өткен жылғы су тасқыны кезінде Ақтөбеде барлығы мыңға тарта үйге су кірді. 95 үй жарамыз болып қалған еді. Құтқарушыларды алаңдататын бір жайт бар. Егер толассыз жауын жауса, тура Аягөздегідей жағдай Ақтөбеде де қайталануы мүмкін. Себебі, аймақта жердің тоңы жібімей жатыр. Мұздың қалыңдығы 150 cм. Егер  Аягөздегідей тәулік бойы толассыз  жауын жауса, тоң еріп үлгермейтінін айтады мамандар. Соның кесірінен су жерге сіңбей, жауынның бәрі сай саламен ағып, ауыл-аймақты басып қала ма деген үрей де бар. Сондықтан, қазір құтқарушылар қауіпті аймақтағы үй-үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізбекші.

Зада Зейін, Ақтөбе облысы

Фотолар автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:15
25 қазақстандық Оңтүстік Корея түрмелерінде жазасын өтеп жатыр
Сайт әкімшілігі 16:00
Елжан Біртановтың қамау уақыты ұзартылды
Сайт әкімшілігі 15:07
Банктер, айырбастау пунктері мен ломбардтардың жұмыс уақыты өзгерді
Сайт әкімшілігі 14:15
Заң бар, ереже жоқ: БЖЗҚ-дан қаражат алу процесін кешіктіру туралы
Еркежан АРЫН 13:15
Вакцина - бір бөлек, адамдарды вакцинациялауға көндіру – бір бөлек мәселе
Сайт әкімшілігі 12:30
Ашық есік күні: обырдан сақтаныңыз

Аңдатпа


  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30
  • Ата-ананы өзекке тебетін заң қазаққа қажет пе?!
    19.01.2021, 09:15
  • Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан асты
    18.01.2021, 10:57
  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33