Ақтөбеде журналисті полиция ұстап әкеткен

04.01.2019, 20:00

4

Ақтөбедегі сот отырысынан хабар таратуға барған Азаттық радиосының тілшісі Жаңагүл ЖҮРСІНДІ полиция ұстап әкеткен. Азаттық радиосының Қазақстандағы қызметі хабарлауынша, журналист Ақтөбедегі қаржылық пирамида ісі бойынша сотталып жатқан Қуаныш Жақсыбаевтың үкімінен хабар таратуға барған. "Үкім шыққан соң айыпталушының жақтаушылары, қаржылық пирамида салымшылары шу шығарды. Судья үкім оқып жатқанда олар сот залындағы жиһаздарды сындыра бастады. Үкіммен келіспегендер наразылықтарын сот ғимаратының алдында да жалғастырды. Кейін полиция оларды автобусқа күштеп кіргізе бастады. Мен оқиғаны видеоға түсіре бастадым. Полиция видеоға түсірмеңіз деді. Қызмет бабымен жүргенімді айтып, қызметтік куәлігімді көрсеттім. Бірақ соған қарамастан қолымды қайырып, автобусқа салып алып кетті", дейді Азаттық тілшісі. Журналисі ішкі істер басқарамасына, прокуратураға хабарласқан. Кейін ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Азаттық тілшісінен кешірім сұрап, қателесіп ұстағандарын айтып, босатқан.Ал «заңсыз қаржылық пирамидасын құрып, 621 адамнан 146 миллион теңге ақша жинап алды» деп  айыпталған Қуаныш Жақсыбеков 6 жыл 6 айға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзеу мекемесінде өтейді. Дереккөз: Азаттық радиосы
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34