Ақтөбедегі митинг: Билік аш халықпен ойнамасын

16.01.2020, 14:36

135

Бүгін Ақтөбеде шетмемлекеттерден көлік сатып әкелген жүзге жуық жүргізуші митингіге шықты. Олар билдіктен шетелдік номері баркөліктердің тіркеу процесін жеңілдетуді талап етеді. Олар президенттен бүгінгікүнге дейін елге еш кедергісіз кіргізілген көліктерге заңдастыру мәселесінойластырсын  немесе кеденнен өткізудіжеңілдетсін деп отыр. Естеріңізге салсақ, күні кеше еліміздің ішкі істерминистрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ шет елден кіргізілген көліктерге талап күшейтілентінін және он күнніңішінде Қазақстанға тіркеуге қойылмаған көліктерге айып пұл салатыны туралы  қатаң ескерткен болатын. 

Наразылық шарасынашыққан ақтөбелік жүргізушілердің дені арзан көлікті Армения еліненәкелгендер.  Сөздерінше билік халыққақарсы емес, керісінше қара халықтың жағдайына қарап талап қою керек.

«Екі миллионға әкелген машинаны 4-5 миллионғарастамошка жасай алмайсың. Өйткені оны қара халық әкеліп отырған. Ол жақтанмашинаны бай адамдар әкеліп жатқан жоқ. Байлар көлікті авто салоннан сатыпалады. Қара халық күнелтуі үшін, жеті орындықпен  таксист боламыз деп сол жақсан арзан машинаалып жүр.  Тек бізге заңдастырып берсін,болды. Немесе льготный растамошка жасап, қазақстандық номерге налог төлетугемұрша берсін», — дейді Мақсат Балғазин.

Шет елден көлікәкелуге баста тиым салынғанда мұндай күйге түспес едік. Ал қазір Қазақстандағытіркеудің бағасы көліктің құнынан көп дейді жүргізушілер. Олар тіркеуденқашпаймыз, алайда биліктегілер тек тиімді жағын ойластырса, елге кіргенкөліктерді заңдастыру мәсілесін қайта қарастырсын деп отыр.

«Мысалға екі миллионға машина әкелсең, екі жарыммиллион сол растамошкаға кетеді. Ол дұрыс емес деп ойлаймын. Көбісі жұмыссызжүргендер. Соны билік ескеру керек. Аш адаммен ойнаудың соңы неге әкелетінінбілу керек»,- дейді Жалғас Наурызғали.

Ішкі істерминистрлігінің мәліметінше қазір елімізде шет елден кіргізілген көліктердіңсаны 200 мыңға  жуық.  Сөздерінше шет елдің номерімен тайраңдап жүрген жүргізушілер заң бұзса не айыппұл не әкімшілік жауапкершіліккетартылмайтындарын да біліп алған. Мысалға тек Ақтөбе облысының өзінде жолережесін өрескел бұзған осындай  шетелдік көлік 14адамның өліміне себеп болыпты.

«Бұл машиналармен қылмыс та істеледі. Оны да білукерек. Мыңға жуық әкімшілік шара қолданатын баптар бар. Камераға тсүкен. Алоларды біз білмейміз қалай? Кіргізген машинаны кімнің айдап жүргенін білмейміз.Тіркеуде жоқ қой енді. Бейберекетсіздік болмайды ғой. Сол бойынша есепте тұрукерек»,- деді  Ақтөбе облысы полициядепартаменті басшысының орынбасары Қанат Әлиев.

Полициядепартаменті қазір Ақтөбе облысындағы 17 000-ға жуық көліктің шет елденкіргізілгенін айтады. Сөздерінше заңды, жол ережесін де өрескел осы көліктербұзатын көрінеді.  Алайда бүгін үкіметкеқалайда өз талабымызды жеткіземіз деп жиналған жүргізушілер енді президентҚасым Жомарт Тоқаевқа хат жазып, қол жинамақшы.

Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 12:27
Қазақстан – БҰҰ: мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнама
Сайт әкімшілігі 11:19
ҚазҰУ-дағы жатақхана құрылысының анық-қанығы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:40
Бекшин мен Қиясовтың қаулысы елді індеттен құтқара ма?
Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58