Ақтөбелік әйел баласын тастап кеткен

03.04.2018, 21:02

116

Ақтөбеде 32 жастағы келіншек  әлі бір жасқа толмаған сәбиін өмірінде бір-екі-ақ рет көрген әйелге тастап кеткен.  Көп ұзамай туған баласына мейірімі аз көкек ананы полицейлер іздеп тапты. Бұл туралы өңірдегі zhasalash.kz сайтының тілшісі хабарлайды.

Полицияға ақтөбелік тұрғын арызданыпты. Ол нəрестені туған анасы уақытша қарай тұру үшін өзіне қалдырып кеткенін, бірақ сол күйі қайта оралмағанын айтқан. Енді келіншек бұл «әрекеті» үшін заң алдында жауап беретін болады. Өйткені, полицейлер оның үстінен Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша іс қозғапты. Ал 11 айлық Софьяны уақытша «Үміт» сәбилер үйіне орналастырған. Қазір жағдайы жақсы.-Анасы келіп кетті. Осы уақытқа дейін қайда жүргенін сұрап едік, бір жағдайлар болып қалды деп қысқа қайырды. Әрі қарай оны тиісті органдар анықтайтын болар, ал біздің міндетіміз- баланың жағдайын жасау. Анасы келген кезде өзіне қайтарып алғысы келетінін айтты. Біз оған қамқоршылық органына жібердік. Әрі қарай бұл іспен сол кісілер айналысады,- дейді «Үміт» сәбилер үйінің әлеуметтік педагогы Жанна ТАСТАНОВ.Өз баласына мейірімі жоқ келіншектің мәселесі қорғаншылық жөніндегі комиссияның алдағы отырысында қаралатын болады. Ақтөбе қалалық білім бөліміндегілер бұған дейін оның үстінен шағым түспегенін айтып отыр. Софьядан бөлек көкек ананың тағы екі ұлы бар болып шықты.  Қазір тұңғышы нағашы әжесінің қолында, ал екінші ұлы өз шешесінің қарауында екен.

Зада ЗЕЙІН, Ақтөбе

Фото: автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 13:45
Қаражат жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51