Ақтөбелік шенеуніктер жаңа жылдық корпоративтен бас тартты

26.12.2018, 17:14

145

Ақтөбенің шенеуніктері биыл жаңа жылдық кештен түбегейлі бас тартты. Есесіне, мемлекеттк қызметкерлер атымтай жомарттық танытуға бел байлапты. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, мемлекеттік органдары оның орнына қайырымдылық балына атсалыспақшы екен. Қысқы қайырымдылық балына қатысу үшін әрбір шенеунік жарна төлеуі тиіс. Оның құны-10 мың теңге. Бұдан бөлек, жиын кезінде аукцион өткізіледі. Одан түскен барлық қаражат мұқтаж жандарға беріледі. Ұйымдастырушылар тек жарнаның өзінен 2 млн. теңгеден астам қаржы жиналатынын айтып отыр.«Кімнің идеясы екенін нақты айта алмаймын, бірақ, бастаманы барлық басқарма, департамент басшылары бірауыздан құптап отыр. Бұрынғы жаңа жыл кештеріндегідей дастархан жайылып, аста-төк ас, ыстық тамақ болмайды. Аты айтып тұрғандай, қайырымдылық балы болғаннан кейін мұқтаж жандарға көмек ретінде ұйымдастырылмақшы. Концертке де сырттан әншілер шақырылмайды, бәрі де қызметкерлердің күшімен әзірленеді. Бал кезінде аукцион өткізіледі. Одан түскен ақша да қайырымдылыққа жұмсалады», — дейді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Қанат ҚҰЛШЫМАНОВ.Мемлекеттік қызметтегілер қайырымдылық балға қатысуға құлшынып отырған көрінеді. Бүгіннің өзінде 200-ге жуық адам қатысатындықтарын растаған. Одан бөлек, меценаттар, қоғамдық қор өкілдері де шараға атсалыспақшы.Фото: total.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 12:27
Қазақстан – БҰҰ: мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнама
Сайт әкімшілігі 11:19
ҚазҰУ-дағы жатақхана құрылысының анық-қанығы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:40
Бекшин мен Қиясовтың қаулысы елді індеттен құтқара ма?
Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58