05.10.2019, 09:47
549
Біріншіден, әрқайсымыз пікір айтуға қақылымыз. Десе де, діннің атынан дінмаманы ғана ой-пікір айтуға құқылы. Әсіресе, уағыз-насихатты исламоқу-орындарындағы «Дағуа» факультетін бітірген мамандар ғана айтаалады. Олар иршад методологиясын жан-жақты меңгергендіктен, әртүрлі әлеуметтіктоптың көңіл-күйіне қарай қалай уағыз айту керектігін жетік біледі. Атап айтарболсақ, уағызшы хикметут-ташриға (шариғат хикметі), сиясатул-шария (шариғаттың саясаты),қағидатул-шария (шариғат қағидаттары), хилайи-шария (даналық, тапқырлық),мақаситул-шария (шариғат мақсаттары), бәлаға (шешендік өнер) және т.б.шарттарды игеруі шарт. Яғни, жүз жерден аузыңмен құс тістеген сөзге ділмәр,қызыл сөздің кенішін қазып, құлашыңды жазып сөйлейтін шешен бол, дін маманы,оның ішінде дағуа маманы болмасаң уағыз айтуда қателікке бой алдырасың.Исламдағы осы дәстүрді ескерген ҚМДБ бірнеше жыл бұрын РАНТ-ны (республикалықақпараттық насихат тобы) құрған болатын. РАНТ-ға мүше болу үшін дін уағызшыларыарнайы аттестациядан өтеді. Және олар арнайы «Жадынама » бойыншажұмыс істейді. Егер, уағыз-насихат айту барысында бекітілген ережегеге сай емесой-пікір айтылса, ол үшін жауапкершілікке тартылады. Осы себептен де бүгінгекүнге дейін бірталай уағызшы РАНТ құрамынан шығарылды. Демек, адам өзіне беймәліміспен шұғылданбағаны жөн. Қазақ «Дүмше молда дін бұзады» деп тегіннентегін айтпаған.
Екіншіден, бұл мәселеге заңдық тұрғыдан қарайтын болсақ, ҚР Діни қызмет жәнедіни бірлестіктер туралы Заңы бойынша уағыз-насихатты Әділет басқармасыныңтіркеуінен өткен Діни бірлестіктердің қызметкері және діни миссионер дегенлицензиясы бар адам ғана айта алады. Егер, арнайы рұқсаты жоқ адамуағыз-насихат айтса, оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойыншаайыппұл салынады. Білуімше елімізде пәтерге тығылып жиналып алып уағыз айтатындіни топтардың мүшелеріне бірнеше рет айыппұл салынды. Оның ішінде ДарынМүбаров та бар. Яғни, бей-берекет уағыз айтудан сақтанған жөн.
Үшіншіден, қазіргі қазақ қоғамындағы күйіп тұрған тақырыптың бірі қытай қаупідесек асыра айтқандық емес. Себебі Қытай — әлемдегі алып державалардың бірі.Одан Қазақстан түгілі алпауыт ел АҚШ-тың өзі қауіптенеді. Қарыз беріп, артынаноның бодауына жер сұрайтын елден кім-кім болса да, қауіптенеді. Қала бердідемографиямыз үшін де елімізден қытай зауыттарының ашылуы аса қатерлі. Осытұрғыдан алғанда халықтың алаңдаушылығын дұрыс деп есептеймін. Бұл мәселегеэконмист, қаржыгер, саясаттанушы талдау жасаса құба-құп. Ал ақын адам халықжағында болу керек деп ойлаймын. Демек, әркім өз орнын білуі керек!
Фото: facebook.com
Жазбаавтордың рұсатымен жарияланды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР