Ақын. Базар бастығы. Рэмбо. Депутат Бақытбек Смағұл кім?

11.06.2020, 06:31

54

   Күні кешеНұр-Сұлтанда өткен митинг кезінде жиналған жұртқа басу айтуға мәжіліс депутаты БақытбекСмағұл келіп, бір әйелге зекіп жібергені әлеуметтік желіні біраз шулатты.

  Баспасөзге сенсек, Бақытбек Смағұл нақтыбылай деген: «Бүгін жиналып жатқандарыңыз дұрыс емес. Әлемде пандемия. Қазір көпшілікжиналуға болмайды. Маскаларыңыз да жоқ. Билік бейбіт митингіге көнеді. Пандемияөтсін десе, тыңдамай жатырсыздар. Президент бейбіт митинг туралы заңға қолқойды. Блокбекеттер ашылды. Кішкене қоя тұрсаңыздаршы. Билік деген не? Сіз бенбіз. Билік, депутат деген бүгін бар, ертең жоқ. Пандемия өтсін, әлі талаймитинг өткіземіз. Мен өзіме жарнама жасап отырған жоқпын. Шыдаңыздар».

  Карантинненкейін ашыққан, ашынған, қажыған халық, әрине, депутаттың мұндай сөзін құлағынада қыстырмады. Қалың топтың ішінде аналар да өз талаптарын айтып шағымдансакерек, алаңға келген сондай аналардың біріне ауыр сөз айтқан Бақытбек Смағұлдепутаттардың онсыз да аздаған қадірін одан сайын қашырыпты. Халық қалаулысыәлгі әйелге былай депті: «Шабалаңдама. Келгеніме рақмет айт. Сен сияқты жаманқатындар халықты арандатады». Содан кейін әйелдің сол жерде жүрегі қысылып,ауырып қалды деседі.

  Бақытбек Смағұлов 1960 жылы 6 ақпандаҚызылорда облысының Қазалы ауданында туған. Ресми мәртебелеріне келсек,мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарықауымдастығының төрағасы. Қазалыда училище бітірген соң, Қызыл армия сапындаАуғанстанда әскери борышын өтеп келген (1978-81 жылдары). Одан кейін бандиттермен базарлар көбейген 90-жылдардың басында Алматыға келеді. Зор денелі жасжігіт күзетшіліктен бастап, базар бастығына дейін көтерілді. Ресми өмірбаянындаАлматыдағы «Болашақ» базарының директоры, «Көк базардың» бас администраторы,«Сәлем» базарының директоры деген лауазымдары бар.

   2000 жылдан бастап өзінің шығармашылыққабілетін байқата бастады. 2004 жылы заңгер мамандығы бойынша Орталық Азияуниверситетінің дипломын алса, 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Білімін «ұштауға»арналған сол уақыт арасында ол өз отбасын тастап, экономика ғылымының докторы,бұрынғы Қазақ ССР балық шаруашылығы министрі Қаһарман Бабағұловтың қызынаүйленеді. Марқұм Бабағұлов сол жылдары Алматыдағы Крючков атындағы машинақұрастыру зауытына жекешелендіру жүргізіп, оны «ТайҚазанТехносервис» ЖШС депқайта құрады. Бақытбек Смағұлов сонда 2000 жылдан 2005 жылға дейін басдиректордың орынбасары болды.

    Сосын, шығармашылыққа бет бұрғанкейіпкеріміз өлең жазуды ермек етіп, «Ауғанның от жалыны», «Мен көрген соғыс»,«Қан кешкен күндер», «Намыстың құлы – Алаштың ұлы», «Қаһарман», «Уш ыырла жебе»деген кітаптар жазды. Сол кездегі Алматының әкімі Иманғали Тасмағамбетовкежақын болып, біраз атақ-абырой жинады. Керек жерде өзінің жалынды, рухтыөлеңдерін оқып, ақыры «Нұр Отанға» мүше болды.

   2011 жылдың желтоқсанында V шақырылымдағы парламентмәжілісіне «Нұр Отанның» партиялық тізімі бойынша кандидат атанды. 2012-ніңқаңтарында мәжіліс депутаты болып сайланды. Ол қазір де депутат. 2016 жылданбері мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің мүшесі. ІІ дәрежелі«Айбын», «Құрмет», «За боевые заслуги», «Долг и честь» деген ордендері бар.Қазалы ауданының құрметті азаматы.

Әділ АҚЫЛБАЙТЕГІ


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:40
Ақмола облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 15:58
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректерді жарияланды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 13:40
Нұр-Сұлтандағы дәмханада болған жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде жатыр
Қарлығаш Зарыққанқызы 23.11.2020, 11:20
«Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:56
Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 09:40
Дәмханадағы жарылыс: кінәлі адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Аңдатпа


  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56
  • "Көлігім жоқ болса да қарыз төледім" - салық органдарына шағымданатындар көп
    21.11.2020, 11:05
  • Билбордтардан не пайда, жемқорлар саны азаймаса?
    21.11.2020, 10:52