Ақын Олжас Сүлейменов атындағы аллея ашылды

26.09.2019, 11:11

46

Бүгін Алматыдағы Атакентте Олжас Сүлейменовтың атындағы аллея ашылды. Бұл туралы Жас АЛАШ сайтының тілшісі хабарлайды.
Биыл Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай ашылып отырған аллеяның негізгі ұйымдастырушылары Экологиялық Альянс «Байтақ-Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі.
«Біздің негізгі мақсатымыз әрбір қазақстандыққа бір тал отырғызу акциясын іске асыру. Сол арқылы қазақстандықтарды экологиялық мәдениетке үйрету. Алматының экологиялық жағдайы қалай екенін білесіздер. Бұны құтқаратын тек ағаш. Біздің ұлтымыздың маңдайына біткен жұлдыз ол Олжас Сүлейменов. Олжас Сүлейменов біздің экологиялық альянстың құрметті президенті. Әрбір қазақстандыққа бір тал отырғызу акциясын Олжас ағаның өзі ұсынды. Сондықтан, аллеяға ақынның атын беруді жөн көрдік,» — дейді Экологиялық Альянс «Байтақ-Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Азаматхан ӘМІРТАЕВ. 
Ал ақын Олжас Сүлейменов аллеяны «Невада-Семей» деп атауды ұсынған екен. 
«Расымен, аллея алғашқы антиядролық қозғалыстың атымен аталу керек еді. Біз „Чернобыльден“ де бұрын құрылдық. Невада-Семей барлық экологиялық қоғамның бастауы болды,» — дейді Олжас Сүлейменов. 
Сондай-ақ ұйымдастырушылар Атакент бағында тоғыз мыңдай ағаш кесіліп, орнына Конгресс-Холл сарайы салынады деп тараған ақпаратқа қатысты да пікір айтты:
«Парктің жұмыс істеп тұрғанына біраз уақыт болған. Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек мұнда конгресс холл салғысы келіп еді. Мұндағы ағаштарды кесіп ғимарат салу деген қатыгездік қой. Өздеріңіз білесіздер, біз бұған қоғам болып қарсы тұрдық. Тоқтаттық. Қазіргі әкім де бізді қолдады. Қайта, бос орындарға тал егіп, көгалдандыру керек деп отыр. Біз „Экологиялық Альянс“ та болашақта ғимарат салғызбау үшін бар күшімізді салатын боламыз,» — деп уәдесін берді А.Әміртаев.
Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, қоғамдық бірлестіктің бұл шарасы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың 3 жылда 1 миллион ағаш акциясын қолдау мақсатында жүзеге асқан екен. «Біз алғашқылардың бірі болып әкімнің бастамасын қолға алдық» — дейді А.Әміртаев.

Айта кетейік, биыл тамыз айында Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев Алматыны жасыл желекке толтыру үшін осындай шараны қолға алуды ұсынған еді. Германия, Оңтүстік Корея мен Түркияның өкілдері қатысқан ресми жиында «1 миллион ағаш егеміз деп отырмыз» деген. Сондай-ақ Алматылықтар бұл бастаманы қолдайтынына сенімді екенін, өйткені алматылықтар дәл осы экология мәселесіне келгенде өте белсенді екенін айтқан.


Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.12.2020, 10:29
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 14:12
Әкімнің бірінші орынбасары сотталып жатыр
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 13:02
COVID-19: Қазақстанда вакцинациялау 2021 жылы басталады
Қарлығаш САЙЛАУБАЕВА 04.12.2020, 12:13
Қытайдың шірімейтін азық-түлігі ағзамызды ірітіп жүрмесін
Сайт әкімшілігі 04.12.2020, 09:35
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Бифат ЕЛТАЕВА 04.12.2020, 09:24
«Денсаулық министрлігі халықтың денсаулығын емес, дәрі сатуды ойлап отыр»

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    04.12.2020, 09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11