Аралас некенің бәрі бақытты бола бермейді

Бифат ЕЛТАЕВА

25.10.2021, 09:07

1149

«Қыз теңін тапса, тегін бер» деген халық мақалын көпшілік турасынан түсінгендей ме, қазіргі таңда өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарының саны жыл санап артып келеді. Оның себебін кейбірі неке ұлтқа емес, бірге өмір сүре алып кетуімен маңызды деп түсіндіреді. «Қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, таяқ жеп, баламен қаңғырып жүргенше, шетел болса да бағалай білетін жігітке тұрмысқа шыққан жақсы», – деген түсінікпен жүргендер де жетерлік. Алайда ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенетін болсақ, әрбір сегізінші ажырасу қазақтың басқа ұлт өкілімен некесі екен.

Сондай-ақ ұлттық статистика бюросының дерегінше, соңғы үш жылдың ішінде қазақтардың әртүрлі ұлт өкілдерімен некелесуі бойынша 1173 неке тіркелген. Ал Қазақстан бойынша өзге ұлттармен қазақтардың некелесуінің ең төменгі көрсеткішті Шығыс Қазақстан алады. Өкінішке қарай, некелескен екі жұпқа бір ажырасудан келуі көптеп кездеседі. Қазақ мен өзге ұлт өкілінің некесі 5-9 жыл, ұзаса 20 жылға дейін ғана жалғасатын көрінеді.

Бұл мәселе жайында отбасылық психолог Анжела Бейсенова қабылдауына өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығып, кейіннен опық жеп жүрген қаракөздеріміздің көп келетінін айтады. «Ең алдымен, өзіміздің ата-бабамыздың ұстанған ислам дінін бастапқы орынға қою керек. Көбі махаббат деп 1-2 күндік немесе 1-2 айлық алып ұшқан сезімнің жетегінде өзге ұлт азаматының не дініне, не ұлтына, ел мен жердің өзгеше салт-дәстүріне мән бермей етегінен ұстап кете береді. Әрине махаббат, тағдыр деген нәрсе бар. Оған құрметпен қарау да керек. Алайда сезім – мәңгілік дүние емес. Отбасы берік болу үшін сезіммен қатар екі адамның ортақ қызығушылықтары мен қалаулары, танымдары бір болуы керек. Міне осы жағынан келгенде өзге ұлт азаматына тұрмысқа шығып, зардап келіншектер соңында сезімнен опық жедім, ғашық боп көзімді шел басты, ештеңеге қарамадым, үлкендерді тыңдамадым деп өкініштен өзектері өртеніп, өздерін жазғырады. Қарап отырсаңыз, бұл жерде ата-ананың ақ батасы да үлкен маңызға ие. Сондықтан менің қазақ қыздарына, сіңлілеріме айтарым: ең алдымен өз ұлтымызды, салт-дәстүрімізді жақсы көріп, құрмет тұтсақ, онда өзге ұлт азаматына деген қызығушылық болмас еді», – дейді психолог.

Аралас некеге үйдегі тәрбиеден гөрі заңды тұсау әлсіз. Өйткені заңгер Бағдат Амандосұлы шетелдік азаматтардың Қазақстанда өзгелермен заңды түрде некеге тұрып, ажыраса алатынын айтады.

«Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасы заңының 14-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей некелiк және отбасылық қатынастардағы құқықтарды пайдалана алады. Ал некені тіркеу үшін жазба түрде некеге отыру туралы өтініш тапсыру қажет. АХАЖ-да некеге отыру үшін өтініш тапсырған жағдайда, шетелдік өз еліндегі құзыретті органнан некеге отыруға рұқсат ұсыну қажет, себебі ондай рұқсат болмаған жағдайда неке шетелдіктің мемлекетінде жарамсыз деп танылуы мүмкін», – дейді заңгер.

Ешкімнің өміріне қол сұғуға қақымыз жоқ. Дегенмен өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығып жатқан қыздардың елді шулатып, «бақытымды таптым» деп жар салуы басқа қаракөздерді қызықтырып жүргеніне не жорық? мұның дәлелі ретінде жуырда ғана нигериялық жігітке тұрмысқа шыққан Заиданы келтіруге болады. Ол: «Жолдасым – Нигерияның тумасы. Ол адамды бірден өзіне баурап алады. Ата-анам ол кісімен танысқан соң жүректері орнына түсті», – дейді. Заиданың әлеуметтік желідегі қуанышты жазбасында оның әрекетін қолдап, бақыт тілеп жатқандар жетерлік.

Алайда «ұлттың жаманы жоқ, жүрек қалауын тапса болды» дейтіндерге аралас некеден опық жеген қазақ қыздарының тағдырларын мысалға келтірсек, аз емес. Ары бармай-ақ өткен жылдары өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған марқұм Жанар Хамитованы еске түсірсек болады. Ол түрік азаматына тұрмысқа шығып, кейіннен ажырасып, екі ұлын да көрместен елге қайта оралды. Бірақ ұлдарына деген сағынышы жегідей жеді ме, өз өмірімен қоштасты. Сондай-ақ 21 жасар Томиристі Мәскеуде жанжал кезінде терезеден секіріп кетті деп дағыстандық экс-премьердің ұлы Муртузали Меджиев жазадан құтылып кеткен болатын. Дәл осы секілді оқиғалар көп. Осы оқиғалардан қазақ қыздары сабақ ала білуі керек. «Өзгенің қаңсығы –таңсық» демекші, бақытқа емес, опасыздыққа көптеп тап болуы мүмкін екенін де естен шығармаса екен дейсің.

Тегтер: отбасы қоғам мәселе тұрмыс

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:43
Ақмола облысында ауыл тұрғыны көлікке оқ жаудырды
Әділ АҚЫЛБАЙ 09:13
Қазақтардың түсіне де кірмейтін заң
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 14:40
Мұғалімдердің жалақысы қысқара ма, БҒМ пікір білдірді
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 12:35
Тоқаев: Финтех саласындағы аймақтық көшбасшы Kaspi.kz капитал нарығы динамикасын арттыруда
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 11:07
«Іле-Алатау» ұлттық табиғи паркінің басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды – заңгер
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 09:12
Коронавирус жұқтырғандардың саны 900 мыңнан асты

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14