Аралда дәрігерлер шақыртуларға өз көліктерімен барып жүр

29.05.2018, 20:54

102

Қызылорда облысы Арал ауданында жедел – жәрдем көлігі жетіспей тұр. Соның салдарынан кейбір дәрігерлер шақыртуларға жеке көліктерімен шығып жүр екен. Онсыз да экологиялық өңір саналатын аймақтың тұрғындарын бұл жағдай ашуландырып отыр.«Өткен демалыс күні 4 айлық немерем қатты ауырды. Дене қызуы көтеріліп, жөтелген болатын. Кішкентай нәресте қалтырап жатқан соң дәрігерлер ауруханаға алып кететінін айтты. Заттарын жинап, сыртқа шықсақ жедел-жәрдем қызметкерлері жеке көлікпен келген екен. Сонда мұны қалай түсінуге болады? Қазір күніне 2 бригада ғана жұмыс жасап жүр екен. Сол күні ауылға кеткен жедел-жәрдем көлігі бұзылып қалыпты. Амалсыздан қызметкерлер шақыртуларға өз көліктерімен шығып жүр. Ал, оның ішінде науқасты тасымалдауға ешқандай жағдай жасалмаған», — дейді Арал қаласының тұрғыны Тортай БЕЙІСОВ. Өкінішке орай, шақыртылымға өз көліктерімен шығып жүрген мамандармен сөйлесу мүмкін болмады. Ертеңгі күні жұмыстарынан айырылып қалуға қорқатындарын ашық білдіруден, артық кете алмады.Арал ауданда медициналық көмекке мұқтаж жандар көп. Сондықтан жедел-жәрдем көлігінің жетіспей тұрғандығы өзекті мәселеге айналып отыр. Сала мамандары қазіргі таңда аталмыш проблема Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының назарында екенін айтып ақталады.«Бүгінгі күні Арал ауданына 3 жедел-жәрдем бригадасы бөлінген. Бір автокөліктің бұзылып тұрғанын растаймыз. Техника болған соң істен шығатыны белгілі. Алдағы маусым айында облысымызға жаңадан медициналық көліктер келеді. Сол кезде Арал ауданына су жаңа 3 жедел – жәрдем көлігі бөлінетін болады. Осылайша бұл проблеманы түбегейлі шешеміз», — деп мәлімдеді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал ТҰРСЫНБАЕВА.

Фотолар автордікі. 

МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15