Арақ арқалатқан азап

Дана Жарылқасынқызы

25.11.2020, 09:35

1518

Шеті шексіз ғаламда түрлі адам болса, түрлі тағдырлардың да бары анық. Бар ғұмырын  болмашы дүниеге арнап, өмірдің мәнін  білмей кеткен азаматтар да аз емес. Ал, қазірде ішкілікке салынып, өзін тоқтата алмайтындардың легі көбеймесе, азаймайтыны да ақиқат. Әлемдегі ең актуалды проблемаға әлі ешбір ел нүкте қойған емес. Қанша  жерден тырысса да, ішімдікке қарсы сан түрлі акциялар өткізілсе де олардың нәпсілерімен күресу өздерінен басқа ешкімнің қолынан келмейтіні  де рас. «Бар  өмірім зая кетті»,-деп күйінеді араққа салынып,  азапты арқалаған азаматтарымыз. Біздің кейіпкеріміздің де өмірі өкінішке толы...

Бейсенбай Ақмырзаев

–Әке-шешемнен ерте айрылып, бұзық балдардың қатарына қосылдым. Ортам дұрыс болмай, ішімдікке деген әуесім арта берді. Әкем тірі кезде оқуда озат, алға қойған арман-мақсаттарым да бар еді. Ол кісі қайтқан соң бәрі жайына қалды. Мұғалімдер де мені жөнге салмақшы болып тырысты. Ананы бір айтып, мынаны бір сылтауратып сабақтан қашып кететінмін. Солай жүріп оқуымды да тастадым. Жәй ғана қызығушылықпен басталған ішімдіктің соңы тәуелділікке алып барды. Туыстарым да, достарым да менен бас тарта бастады. Ішімдік ішкеніме мәз болып бүкіл өмірім де өте шығыпты. Қазір, тіпті, қалаған күннің өзінде бұл шайтанның суынан бас тарта алмаймын. Басымда баспанам да, қолыма қондырған құсым да, артымнан қалдырған ұрпағым да жоқ. Үйім болмаған соң қыстың күні тоңғаннан арақ ішесің, бойыңды жылытасың. Дүкенге барғанның өзінде алкоголь көрсем тұрып қалам. Қаныма сіңіп кеткен. Ары қарай аяғым да бармайды. Өзімнің соңғы тиыныма арақты қалай алғанымды да байқамай қаламын. 2012 жылы Өзбекстаннан Қазақстанға келдім. Ішіп жүріп, құжаттарымды да жоғалттым. Қалтамнан қалай түскенін білмеймін, есімді жисам құжаттарым жоқ. Арақ, бірішіден, денсаулығымды құртты. Екіншіден, жақындарымнан айырды. Ең өкініштісі – ойымды кесіп, арманымның күл талқанының шыққаны. Домбырада ойнауды армандайтынмын. Бала кезімде армандарым көп болды. Оның бәрі сағымға кетті ғой. Жақында ауырып, төсек тартып қалдым. Сонда өз-өзіме ауруханада жатып: «Мен мына өмірге не үшін келдім?»,-деген сұрақты қойдым. Жастықтың буында жүріп бұл өмірдің мәнін іздемеппін де. Соңғы кезде осы сұрақ мені жиі мазалап жүр. Қазір, әйтеуір біреудің малын бағып болсын күн кешіп жүрмін. Биыл қаңтар айында Алматы қалалық бейімдеу орталығында болғанмын. Күн суықта паналайтын жердерім сол,-деп күйінді.

Ішімдікке тәуелділік қызығушылықпен келетіні рас. Бұнымен күресу үшін бірнеше мемлекеттік мекемелер де, арнайы қорлар да бар. Алматы қаласының өзінде ащы суға тәуелділерге арналған «Психикалық сауықтыруы орталығы» мен Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  бар екенін ескерсек, оларда да үй-жайсыз қалған бірнеше адамдарды бауырына басып, қамқорлық танытуда. Тек қана баспана мен жылы тамақтан бөлек, олардың заңды түрде құжаттарын реттестіріп, психологиялық көмек көрсетеді. Ал, психикалық сауықтыртыру орталығынң маманы ішімдіктің құрығына арнайы санаттағы адамдар ғана емес, кез келген жан ілігуі мүмкін дейді.

Гүлмира Әбдібаева, Алматы қаласы психологиялық сауықтыру орталығының наркологиялық қызмет жөніндегі директордың орынбасары.

–Былтырғы мен биылғыны салыстырмалы түрде алып қарағанда көрсеткіш 8,5%  төмендеді. Яғни, 2019 жылы есепке алынған науқастардың саны – 6800 болса, биыл – 5900 адам біздің орталыққа тіркеуге алынды. Бізге түскендердің 80%-араққа салынғандар, ал  20% -нашақорлыққа әуестер. Сауықтыру орталығында  2000-ға жуық адам ем алып, сақтық шаралары көрсетілді. Емдік шаралары бойынша биылғы көрсеткіш былтырғы нәтижеге қарағанда 20 пайызға төмен. Қаражат жағына келсек,  барлық науқас комплексный тарифпен есептелінеді.  Жыл басында әр науқасқа 10 мың теңгеден жоғары қаражат бөлінеді. Бұл сомма толығымен оларға жеткілікті. Науқастарымыздың арасында ем алғандар да, орталыққа бірнеше рет түскендер де, мәжбүрлі түрде емделіп жүргендер де, толығымен сауығып кеткендер де бар. Біз ешқайсысына қол сермеп, есік жаппаймыз. Келген адамның барлығына көмектесуге дайынбыз. Олар көбіне ашуланшақ, өзіне сенімсіз, IQ төмен, өтірікке жақын болып келеді. Мұндағы науқастарды қандай да бір категорияға бөлмейміз. Көпшілігі ішімдікті  іші пысқаннан, қатарларынан қалмас үшін, отбасылық жағдайындағы қиындықдың салдарынан немесе жеке өміріндегі проблемалары да әсер етіп, қызығушылықпен бастайды. Бұл қызығушылықтың соңы тәуелділікке әкеліп соғады. Жоғарыда айтқанымдай бұл санатта ешқандай категория болмайды. Ол ЖОО бітірген болсын, мықты маман болсын, жалпы кім болса да ішімдіктің құрығына түсуі мүмкін. Бүгінде ем алушылардың 70-75% -еркектер болса, 25-30% -әйелдер.  Жас ерекшелігіне қарай, көпшілігі 40-50 жастың арасындағы ересектер, кәмелет жасқа толмаған балалар жоқ, ал жасөспірімдерден 7-8 адам бар,-деген ақпаратымен бөлісті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенер болсақ, Қазақстан ішімдік ішуден 76 орынды иемденген.  Көрші елдермен салыстырмалы түрде алып қарау үшін төмендегі кестені назарларыңызға ұсынамыз:

Мемлекет атауы

Жалпы көрсеткіш

Ерлердің үлесі (%)

Әйелдердің үлесі (%)

76

Қазақстан

7.7%

13,6%

2,4%

82

Қытай

7,2%

11,7%

2,5%

96

Қырғызстан

6,2%

11%

1,7%

130

Тәжікстан

3,3%

5, 7%

0,8%

138

Өзбекстан

2,7%

4,8%

0,7%

148

Түркия

2

3,7%

0,4%

Шекаралас елдерді өндіріспен басып озбасақ та, алкоголді тұтынудан алдыңғы шептеміз.Мақтануға да тұрмайтын бұл статистиканы қалай төмендетуге боларын да білмейміз-ау. Көрші Өзбекстан елінде 2010 жылдан бастап «Алкогольді өнімдерді» жарнамалауға тыйым салған болатын. Дей тұра жақында ғана шарапты белгілі бір (мейрамхана, сауда орталықтарындағы тамақтанатын орындарда) жерлерде ғана жарнама жасауға болатындығы жайлы ұсыныс жасалған. Есесіне арақтың бағасын тағы да қымбаттатпақ.  Бұндай тыйым бізде де бар. Нәтижесі жоғарыдағы кестеде көрініп тұр.

Еnergyprom.kz мәліметіне сенсек 2020 жылдың алғашқы алты айында ішімдіктің бағасы 7%-ға артқан. Ашық дереккөздерде ақпараттарда көрсетілгендей, елімізде  жылына 250 млннан астам литр сыра өндіріледі екен. Пандемия кезінде Қазақстанда ішімдіктің бағасы 6,5 % қымббатаған. Былтырғымен салыстырғанда сатылымның қымбаттағаны қуантқанмен, ішімдікке сұраныс азаймай тұр. Жақсы істің  насихаты кеш жүреді ғой. Шайтанның сасық суының кесірінен қанша азамат өкінішке оранып, қаншама отбасы қайғы жамылды десеңізші… Ішімдіктен тиюдың басқа қандай амалын жасасақ болады?  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 22.10.2021, 19:23
Қуатты өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31