Арба жарыстырмасақ, рухани жаңғырмай қалғандай екенбіз

27.09.2019, 13:22

16

Жол бойында қарапайым дені дұрыс дәретхана мен қызмет сапасын жақсартпай жатып, вайнерлер мен видеоблогерлердің құрақ сөзімен туризмді насихаттап һәм өз жұмыстарын бюджет есебінен мақтаттырып жүрген Алматы облысының әкімдігі енді, бұл іске шетел студенттерін қосты. Арбабәйгесі арқылы елде экстремалды спортты дамытуға болады деп санайтын Алматыоблысы ішкі саясат басқармасы аталған шараны экс-президент Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ «Рухани жаңғыру» және "Ұлы даланың жеті қыры"мақаласымен байланыстырған екен. Назарбаевтың мақаласы болмағанда мұндайжобалар, Кегенде арба жарысы жүзеге асар ма еді?!


Қалай десек те, қазақ даласында алғаш рет (!) қолға алынған арба бәйгесі деп сипатталған идеяға Н.Назарбаевтың мақаласы түрткі болған. Облыстық ішкісаясат басқармасы бұл мақаланы жүз қайтара оқып барып, көшпенділердің көші-қонмәдениетін қайтсек халықаралық деңгейге жеткіземіз, қалай көрсетеміз, қалайнасихаттаймыз деген сұрақтарға күні-түні бастарын қатырған екен. Сөйтіп «Рухани жаңғыру» түстеріне аян боп келді ме, әлде, шетелдегі дайын шараның өңін өзгерте салды ма, әйтеуір, бюджет ақшасын шашатын, сөйте тұра, «бірінші рет өтіп жатыр» алақайлап мақтанатын арба жарысын қолға алғандай. Шетел демекші, басқарма басшысы көшпенділерді насихаттау жобасын іздегенде ұлы далаға еш қатысы жоқ Ұлыбританияға ерекше үңіле қарапты. Оксфорд пен Кэмбридж студенттеріарасында 100 жыл бойы жалғасып келе жатқан кеме жарысын мысалына қайта-қайта келтірген басқармабасшысының сөзінше, оны тамашалауға әлемнің түкпірінен туристер тоқтамай ағылады екен. Сөз ретіне қарасақ, Ұлыбританияға миллиондап баратын туристерді тек кеме жарыстары қызықтыратын сияқты. 


«Дәл сондай экстремалдыспорт түрін Жетісу жерінде қалыптастыруға болады. Соны ескеріп, Ұлы Жібек Жолынқайта жандандыру мақсатында студенттер арасында көпкүндік жарыс жасау туралышешімге келдік. Жағажай туризмі қалыптасып бітті. Оған ешкім қызықпайды. Еуропапен Американың азаматтары үшін қазір Орталық Азия жаңа локация. Біздіңтабиғатымыз, салт-дәстүріміз ерекше. Соның ішінде тауға шығу, шыңды бағындыру,жайлауда өмір сүру, яғни, көшпенділердің мәдениетімен танысу олар үшін қызық.Қазір көбі экстрималдық туризмге басымдық береді», — дейді Алматы облысы ішкісаясат басқармасының басшысы Рұстам АЛПЫСБАЕВ.


Р.Алпысбаевтың бастамасымен Кеген ауданындағы Қарқаралы жайлауында өткен арбабәйгесіне Қазақстаннан басқа Үндістан, Қытай және Өзбекстан сынды Ұлы ЖібекЖолы елдерінен келген студенттер қатысатыны айтылған еді. Бірақ, Жібек жолы бойындағы сол шетелдік студенттер «Рухани жаңғыру» мақаласын үтір-нүктесіне дейін оқып шабыттанып, қанаттанған Рұстам Алпысбаевтың ғұлама идеясына тіпті қызықпағандай. Арнайы шақыртса да бірде біреуі келмепті. 

Есесіне, біздің шенеуніктер Алматыда оқып жатқан Өзбекстан студенттерін жарысқа қоса салған.  Ал, Үндістанның Ченнай қаласынан келді деген қыз-жігіттер Қазақстан-Ресей медицина университетінің студенттері.



«Өте қуаныштымын.Ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Мен мұндай жарысқа алғаш ретқатыстым. Алған әсерімді сөзбен жеткізу қиын»,  - дейді Қазақстан-Ресей медицина университетінің студенті Ахинс-Робин РОБИНСОН.


Ал, басқарма басшысының сөзімен айтқанда Орталық Азияны жаңа локация,

экстрималды туризмнің отаны деп санап, табиғатымызды, салт-дәстүрімізді бір көруге ынтық делінген Еуропа мен Америка азаматтары арба бәйгесін тамашалауға еш қызықпағандай. Өйткені бәйге басында шетелдіктерден гөрі әкімдіктегілердің барып кел мен шауып кел шенділері көп болды. 

Жарысқа қатысушылар үшін лагер және көшпенділердің тұрмысын таныстыру үшін киіз үйлер тігілгенін айта кетейік. Ал,арба жарысы шөл, жазық, таубағыты және жабық трассадағы арба биатлонысынды кезеңдерден тұрды. Шетелдіктер үшін өткен һәм шетелдіктер қатыспаған бұл жарыста бас жүлдені үздіксіз рухани жаңғырып жатқан қазақстандықстуденттер жеңіп алды. Аталған шара жылда өтпек. Бірақ, осы арба бәйгесіне бюджеттің қанша қаржысын шашып тастағандарын, тастайтындарын әкімдіктегілер әлбетте, айтпай кетті. «Рухани жаңғыруда» халықтың ақшасын үнемде деген сөз жоқ қой. 


Фотолар автордікі.





Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39