Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді

Сайт әкімшілігі

03.12.2020, 13:28

1938

Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мегаполистің дамуы тақырыбында ең үздік ақпараттық өнім байқауын жариялаған болатын.

 Байқауда 2020 жылдың басынан бастап шыққан қазақ және орыс тілдеріндегі барлық материалдар сынға түсті.

Айта кету керек, бұл байқауда «Жас Алаштың» авторы,  әріптесіміз Тоқтар Жақаш «Жас Алаш» газетіндегі «Ең үздік аналитикалық мақала» атты номинациямен марапатталып, жеңімпаз болды. Біз өз тарапымыздан әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз.

Ал әкімдіктің мәліметінше  байқауға қатысушылар мына аталымдар бойынша (екі тілде) бақ сынады:

— «Үздік сюжет»;

— «Үздік сұхбат»;

 - «Үздік деректі материал»;

— «Үздік визуалды өнім»;

— «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым»;

— «Үздік аналитикалық мақала»;

— «Үздік фоторепортаж»;

— «Үздік жаңалықтар материалы»;

 - «Үздік бейнематериал»;

— Арнайы номинация

 – «Қаланың COVID-19-ға қарсы күресі туралы үздік материал».

Конкурсқа журналистің немесе блогердің өзі ұсынған немесе Қазақстанда тіркелген БАҚ редакциясы жіберген материалдар қабылданды.

Алматы қаласының әкімдігі конкурстық жұмыстарды журналистика және медиа саласының сарапшыларынан құралған тәуелсіз комиссия бағалағанын мәлімдеп отыр. Байқауда жеңімпаз атанғандардың барлығына Алматы қаласы әкімінің атынан Алғыс хат және сыйлықтар берілді.

Тегтер: марапат алғыс әкім әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 22.10.2021, 19:23
Қуатты өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31