Әркім әлі келгенінше «жеп» жатыр

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ

08.09.2021, 08:36

1616

      Жемқорлыққа етіміз өліп кеткені соншалық – ашкөздік, мүмкіндік болса «асап» қалу, ебін тауып «екі жеу», әркімнің әлі келгенінше «қарпып» қалуға тырысуы халқымыздың қанына сіңген қасиетіне айналып барады. «Түйені түгімен жұтып жатқандардың қасында менікі не тәйірі» деп, одан сайын жан-жағына ашкөзденіп қарап қояды, тіпті. Кез келген қолға алынған маңызды нысанның құрылысына бөлінген қаржыдан «кертіп» қалуға тырысатындардан бастап, той-жиынға барғанда ішкен-жегенінен қалғанын, өзімен бірге ала барған сөмкесіне сала қайтып, тіпті өлімнің дастарханынан да бірнеше «пакетті» сықита толтырып шығуға көз үйреніп барады.

         Бұдан да жаман күнімізде тойға барып, тіпті қаза болған үйге адам кіргізбей, көршілері жайғайтын, мүмкіндігінше өлім болған үйде қазан асылып, қонақ күтуге көбірек көңіл бөлініп кетуінің алдын алып, о дүниелік жанды салтына сай шығарып салуға назар аударылмай қалмауына жанталасатын, қаралы үйге салмақ салмауға тырысатын қасиетімізден түк қалмағандай. Дастарханға қойғанын жеп, артылғанын салып алып, бермегенін тілге тиек етіп, өлімнен де пайда көріп қалуға қысылмай барамыз. Әркім әлінің келгенінше жеп жатыр, әйтеуір. Осы қасиет мемлекетіміздің түбіне жетпесе болғаны...

Елімізде жыл басынан бері жол ақысын төлемегендерге 29 млн теңге айыппұл салыныпты. Әрі кетсе 80 теңгелік жолақыдан осынша мәселе тудырып отырмыз. «Менің 80 теңгемнен кедей болып қалмас» деген масылдық психология. «Басқалар миллиардтап жеп жатыр ғой, менің төлемеген жолақым ештеңе шеше қоймас» деген ой. «Жыл басынан бері Қазақстанда 8081 жолаушы билетсіз жүргені үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Оның 65 пайызы Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларының 622-бабы 2-тармағын бұзған, яғни қоғамдық көлікте жүргені үшін ақы төлеуден жалтарған», – деп мәлімдеді City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі.

 Ең сорақысы сол – санамыз өсудің орнына кері кетіп бара жатқандай. Өйткені аталмыш компания өкілдері «бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 274  пайызға көп» деп баға берген. Яғни халықтың араны ашылып барады. Мүмкіндігінше айласын асырғысы келгендер қоғамда күн санап көбейіп барады. Елдің бәрі осы елді жеп-жеп тауысып, іске алғысыз етіп, басқа елге кетуге асығып жүрген секілді әсер қалдырады. Кету демекші, қазір шетелге оқу іздеп кеткендер де  қайтпаудың қамын жасап, еліміздің грантымен оқудан бас тартып, яғни елге қайту үшін міндеттелмеуге тырысатындары байқалуда. «Бастапқы алған бір жылдық шығынымды қайтарамын, бірақ әрі қарай өз күшіммен оқимын» деушілерге дау жоқ. Азаматтық ұстанымы, өз еркі деп қоя салар едік. Ал соңғы кездері мемлекет қаржысымен оқығысы келетіндер бағасы арзан бірнеше жерді, жылжымайтын мүлік ретінде кепілге қойып, шетелде қалып қойған жағдайда сол жерлерді «құрбан ете салудың» жолдарын алдын ала іздеуде.

Осы орайда айта кетер жайт, «<a href=«aikyn.kz/126200/%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b0%d1%88%d0%b0%d2%9b-%d0%b1%d0%b0%d2%93%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%bb%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d1%81%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0-%d0%bc%d2%af%d0%bc%d0%ba%d1%96%d0%bd%d0%b4/» style=«font-family:»Times New Roman",serif; color:blue; text-decoration:underline">Болашақ

» бағдарламасы бойынша 14 мыңнан астам адам шетелде оқыған екен. Соның ішінен 159-ы елге қайтпаған көрінеді. Олардың мемлекетке қарызы 1,9 миллиард теңге екен. Бұл қаржының шамамен 500 миллион теңгесі ғана қайтарылған көрінеді. Алайда қайтпаудың қамын ойлайтындардың күн санап көбейіп бара жатқанын ескерсек, бұл сан арта түсетін сыңайлы. Соңғы жылдары бағдарлама бойынша білім алып, шетелден қайтпай қалған стипендиаттардың қарасы көбейгеніне алаңдаған еліміз олардан жылжымайтын мүлiктi кепiлге қоюды талап ете бастаған болатын. Алайда жастардың шетелде қалып қоюына бұл шарт та тұсау болмай отыр. Елге қайтпай қалған жастардың кепiлге қойған мүлiктерiн мемлекет тартып алып жатса, өз кезегінде жастар да мемлекеттен айласын асырып, арзанға сатып алған бірнеше жерді жоғары бағалатып, мемлекет тартып алған жағдайда іші ашымайтындай жолдарын қарастырып жатыр. Пәтер немесе үйден гөрі айдаладағы бірнеше жерді кепілге қойып, мемлекеттің «өз бидайын өзіне қуырып беріп» жатқандарға не дерсің?! Бірнеше жыл мемлекеттің есебінен оқиды, сол елден жоғары жалақы төлейтін жұмысты табады да, сосын айдаладағы бірнеше жерді мемлекетке қарызының есебінен құрбан ете салады. Қарапайым халық жолақыдан жеп, «болашақтықтар» айдалада жатқан жер арқылы «лақтырып», шенділер миллиардтар арқылы тақырға отырғызып кетіп жатқан Қазақияның болашағы не болмақ?!
Тегтер: жемқорлық сыбайлас жемқорлық пара мәселе

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:16
«Astana Media Week – 2021» биыл жаңашылдыққа толы болмақ
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39