Армения президентін Дариға Назарбаеваның таланты тамсандырды

23.05.2019, 17:15

83

Армения президенті Армен САРКИСЯН Еуразилық медиафорумға қатысып, форумды ұйымдастырған Сенат спикері Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ таланты жайлы айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты жазды.

— Еуразиялық аймақтағы журналистік ортаға орасан ықпалыбар керемет институт үшін құттықтап қояйын. Еуразиялық медиафорум туралы ойласам,екі-үш концепция туындайды. Еуразия деген не? Бұл география ғана емес. Еуразиябір сөздің аясынан әлдеқайда кең. Еуразия туралы сөз болғанда Қазақстан жайлыайтпауға болмайды, — деді Саркисян.

Оның айтуынша,Еуразиялық медафорум дегенде алдымен Дариға Назарбаеваның аты аталады.

«Біздің ұғымымыздағы форум (Еуразиялық медиафорум. – ред.)– бұл алдымен Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева, Тұңғыш президент НұрсұлтанНазарбаевтың, Қазақстан үкіметінің қолдауы. Біраз жылғы үзілістен соң бұл жергеқайта келу мен үшін өте қуанышты жағдай. Біздің өмірімізде өзгермейтін нәрселерде бар екен ғой. Мұндағылар жұмысты баяғыда сізбен бірге бастаған және әлікүнге жалғастырып келе жатқан адамдар. Қаншама жыл бойы қасыңыздан табылатын мұндайкоманда жасақтау сіздің талантыңыз! Сізге алғыс білдірсем деймін», — деді президентДариға Назарбаеваға.

Бұл форумға енді10-20 жылдан кейін де қастысқысы келетінін айтқан Армен Саркисян 2018 жылдыңнаурызынан бастап Арменияның президенті болып сайланған.

Ал, Еуразиялық медиафорум2002 жылдан бері өтіп келеді. Форум құрылған күннен бастап ұйымдастырукомитетінің басшысы болып Дариға Назарбаева жұмыс істейді.

XVI Еуразиялықмедиафорум биыл Алматыда өтіп жатыр, әлемнің 50 мемлекетінен 600-ге жуық өкілқатыспақ.

Фото: zakon.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.02.2021, 21:54
Түркістанда бір отбасыда бес адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51