Арнұр Нұртаев: Ана мен сәби өлімі сәл азайғанымен, бұл көрсеткіш әлі жоғары

18.11.2019, 21:07

5

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы  мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардысараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр НҰРТАЕВ.

– Арнұр Исабайұлы, жаһандану мен әлем халықтарыныңбір-бірімен бәсекесу дәуірінде өмір сүріп жатқанымыз шындық. Әлеуметтікмәселелер шырмауында қалған қарапайым халықтың денсаулық көрсеткішінде құлдыраудеңгейі бары тағы рас. Осындай кезеңде мемлекеттің денсаулық сақтау ісіндамытуы қаншалықты қанағаттанарлық дәрежеде?

– Біз социализмнен қиялдағы коммунизмге келе жатып, капитализмге күртбетбұрыс жасаған, адамның білім-білігі, ақыл-ой санасы, өмір сүру деңгейі,өзін-өзі дәлелдеу қабілеттері бәсекелестік деңгейіне шарықтай көтеріліп,ақпараттар ағыны тасқындаған, замана заңдылықтары барлық салада өзгергентехнологиялық-инновациялық жаңа даму дәуірінде өмір сүріп отырғанымызды ұмытыпкетеміз. Әр ғасыр өзінің ғажабымен, апатымен бірге келеді. Қалай болғанда да,мемлекет әр кезеңде де халқын қамқорлыққа алуды естен шығармайды. ҚазақстанРеспубликасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізіндееліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-19 жылдарға арналған«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаны іске асыруғамемлекеттік бюджеттен жалпы 1 969 729 500 мың теңге шығын, әлеуметтікмедициналық сақтандыру қорының қаржысы, сондай-ақ ҚР заңнамасымен тыйымсалынбаған басқа да қаражат көздері жұмсалып, өз нәтижесін берді.

Үш жылдық бюджет аясында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосымша 2,3триллионнан астам теңге бөлінді. Бағдарламаның басты мақсаты  еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалықдамуын қамтамасыз ету үшін ең алдымен халықтың денсаулығын нығайту, өмір сүруұзақтығы ЕАЭО елдерінен 10 жылға кем көрсеткіштен ілгерілемей келе жатқан Қазақстандағыөмір сүру ұзақтығын 2020 жылға дейін 73 жасқа жеткізу болды. Қоғамдық денсаулықсақтау жүйесін дамыту, аурудың алдын алу және емдеу сапасын жетілдіру,денсаулық сақтау жүйесін басқару мен қаржыландыру тиімділігін арттыру,ресурстарды пайдалану ұтымдылығын арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдірунысаналарына екпін берілді. Бұл бағдарлама 2015 жылы мәреге жеткен «СаламаттыҚазақстан» мемлекеттік бағдарламасының заңдыжалғасы болды. Республикадағы халық санының жыл сайын 1 пайыздан аса өсуқарқыны одан да көп артты.  Халықтыңжалпы өлім-жітімі төмендеді, жас отбасылар демографиялық қозғалыслокомотивтеріне айналып, бала туу көрсеткіші көбейді, ана өлімі де, бала өліміде әлденеше есе пайыз төмендеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының растауы бойыншаҚазақстанда ана, сәби және бала өлім-жітімі көрсеткіштерінің төмендеуімыңжылдық дамудың 4-ші және 
5-мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндігін берді. 

Халық туберкулезден төбе шашы тік тұрып қорқып, үмітсіздікке берілмейтінболды. Соңғы бес жылда құрт ауруы 50 пайыз дерлік төмендеді және одан болатынөлім-жітім де екі еседен астам азайды. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан,қатерлі ісік дертінен көз жұму деңгейі де төмендеді. Адамның иммундық тапшылықвирусы синдромы да қатерлі індет деңгейінде қалып отырғанымен, оның таралуынтұрақты сатыда ұстап тұру мүмкіндігіне қол жеткіздік. 

– Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сенаттағыүкімет сағаты барысында: «Біз Атырау аумағындағы жаңа туған нәрестелер өлімінтексеруден кейін бүкіл республика бойынша медициналық карталарға аудитөткіздік. Талдау нәтижелерінде жаңа туған нәрестелер өлімі жасырылған 277мысалды анықтадық. Осыған орай, 2018 жылғы сәби өлімі көрсеткіштеріне түзетужасалды», – деп мәлімдеді. Осы мәселеге қатысты өз пікіріңіз қандай?

– Жалпы, әлеуметтік факторлар салдарынан туындайтын түрлі қателіктердің,қаталдықтардың келешекте қайталанбауы үшін әрекеттеніп, заң сотынан да ауырадами ар сотына шынайы жүгінуіміз керек. Отбасындағы ұрпақ тәрбиесіне ұлт болыпкөңіл бөлетін уақыт жетті. Мемлекет осы дабылды қағып, сатылы-құрылымдыбағдарламалар қабылдауы керек. Іріктеу, таңдау, сараптау талғамынатәрбиеленбеген ұл-қыздарымызды ұялы телефон, ватсап, мультфильм, бейнетаспалартәрбиелеп жатыр. Таяуда көзі ұйқыға кеткенше телефон құшақтап жататын балабақшажасындағы қыз баланың кездейсоқ жұмбақ өлімі орын алды. Тағы бірде көшедеқұлаққаппен музыка тыңдап бейғам келе жатқан жасөспірім  көлік астына түсіп, жантәсілім етті. Ата-әже,әке-шеше балаларына жеткілікті көңіл бөліп, олардың денсаулығынажауапкершілікпен қарамайынша, өкініштерге ұрындыратын келеңсіз жайттардыңқайталануы ғажап емес. Медициналық білімді сапа деңгейіне көтеру, әрбірмедицина маманының Гиппократ антын шын мәніндегі адалдық кредосы ретінде ұстануміндеті заманауи қажеттілік болып алдан шығып отыр.

Ана мен сәби өлімі сәлазайғанымен, бізде бұл көрсеткіш әлі жоғары, дамыған елдердегідеңгейден айтарлықтай көп, сондықтан электрондық бақылау жүйесі арқылы алдағыуақытта трагедиялық фарстарға жол бермеуге күш салынады.  Көпбалалы аналардың алаңдарды босатпауы меншенеуніктердің есіктерін торуылдауының ар жағында шырқыраған шындық барынакүмәнданудың қажеті жоқ.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдықдиалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауынталқылау барысында оның орындалуына қосылатын өз үлестеріңіздің межесібелгіленді ме? Неге дәл қазіргі кезеңде денсаулық сақтау саласындағы заңдар көпөзгеріске ұшырауда, жаңа реформалар бірінен соң бірі енгізілуде?

– Таяуда ғана денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Hard-Talk-Vластьүлгісіндегі интернет-журналда тілшілерге берген сұхбатында өз бастамаларыныңсебебін реформашылдыққа құмарлықтан емес, тозығы жеткен денсаулық сақтаумашинасынан мұраға қалған, аяғына дейін тәмамдалмаған жобаларды жаңарту дептүсіндірді. Медициналық қауымдастық тарапынан да, халық тарапынан да қойылатынталап-тілектердің көбеюіне орай, осындай реформалар науқанының басталыпкеткенін мәлімдеді. Бұл біздегі денсаулық саласында әдістемелік дәстүрлердіңжоғалғанын, тұралап қалғанымызды білдірмейді. АҚШ, Германия, Ресей сияқтыалпауыт елдердің өзі аталған саланы жетілдіру жұмысымен жүйелі түрдеайналысады. Қазақстан халқының денсаулық сақтау қызметіне қанағаттану деңгейінің45 пайызды көрсетуі дамыған елдердегі 80 пайызбен салыстырғанда онша үздіккөрсеткіш болмаса да, біздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіміз тұрғысынаналғанда қанағаттанарлық екені анық.

Президент жолдауының «Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігінқамтамасыз ету» бөліміне түгелдей осы саланың көкейкесті мәселелері арқауболды. «Әлеуметтік жаңғыртудың жаңа сатысы» атты бағыт шеңберінде экономикалықжәне әлеуметтік мәселелерді шешуге, соның ішінде медициналық қызметтер сапасымен қолжетімділігін жақсартуға жұмылдырылған міндетті әлеуметтік сақтандыружүйесін іске қосу үшін 18 іс-шара бекітілді. Мемлекет амбулаториялық жәнестационарлық деңгейлерде көрсетілетін тегін медициналық көмектіңкепілдендірілген көлемінің бұрынғы шеңберін сақтайды, оның қаржы қорынмолайтуға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңге бөлінеді.Сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс,ауруларға шалдығу тұсында қазақстандықтарға көрсетілетін медициналық қызметтерпакеті едәуір кеңейеді. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне бір ретнұқсан келтіріп, халық алдында ұятқа қалғанбыз. Президент тағы қателесугеқұқымыз жоқ екенін, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылатын міндеттіәлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жүзеге асыруға заңды және жекетұлғаның, әр ұжым басшысының, әрбір жеке кәсіпкердің зор жауапкершілікпенқарауы қажеттілігін ескертті.

Қарағанды облысындағы пилоттық жоба сәтті жалғасуда. Бұл ерікті жарна емес,міндетті жарна. Медициналық сақтандыру арқылы денсаулығын түзегісі, емделгісікелетін әрбір адам осы қорға жарна төлеуге міндетті болады, бұл – жүйеніжетілдіру. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы– 1 пайыз, 2021 жылдан бастап  2 пайыз  ұстап, қорғааударады. Аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілгенорташа айлық жалақысынан 4 пайызды құрайды. Бірақ бұл қаржылық институтқақатысты болғандықтан, сақтандыру нарығын зерттеу, толық заңдастыру жұмысы 2023жылға дейін жалғасады.

    ҚР «Ақпараттандыру туралы» заңынасәйкес, «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицинатехникасын сараптау» және «Қауіпсіздік пен сапаны бағалау» порталдықбағдарламалық қамтылымынан оқиға-деректерді жіберу үшін және интернеткеқосылудың бірыңғай шлюзімен және «Электрондық үкімет» электрондық поштасыныңбірыңғай  шлюзімен жалғасу үшін «Цифрлықтехника және технологиялар институты» акционерлік қоғамымен бірлесіп, ұлттықорталық сервистерін жетілдірудеміз.

Мен өз ұжымымда ұрпақтар сабақтастығының үзілмеуін қадағалауға алдым, өзісінің кәнігі шеберлері – ардагер буын өкілдерімен қатар, соңғы уақытта жасмамандарды көбірек шоғырландырып, оқытып-үйретуге көп көңілбөлеміз. Бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспарға, «Волонтержылы» деп жарияланған 2020 жылы біздің азаматтардың, әсіресе жастардыңеріктілер қызметіне атсалысуына, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдар,ұнамды дағдылар қалыптастыруға, қатарларына студенттер мен оқушыларды тартуынаықпал  етеміз. 

– Денсаулық сақтау саласындағы флагман ұйымға жетекшілікетесіз. Отандық денсаулық сақтау саласындағы реформалардың ешқайсысы сіздердіайналып өте алмайды. Үстіміздегі жылы үкіметтің «ҚР Денсаулық сақтауминистрлігінің кейбір мәселелері туралы» жаңа қаулысымен құзырлы орган –Фармация комитетінің «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы менқауіпсіздігін бақылау комитеті» болып қайта құрылуына байланысты кәсіпорынатауы «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы»болып өзгертілді. Атау өзгергенімен, миссия өзгерген жоқ, сан салалымақсат-міндеттеріңіз заман талабына сай бұрынғыдан да еселеніп, күрделенетүсіпті. Жалпы, ДЗСҰО – қандай ұйым, қызмет мазмұны қандай?

–  Дәрілік заттар мен медициналықбұйымдарды сараптау ұлттық орталығы – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарайналымы саласындағы мемлекеттік сараптау ұйымы. Кәсіпорынның басты мақсаты –дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу жолыменреспублика аумағында өткізілетін дәрілік өнімдер мен медицина техикасының қауіпсіздігін,тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету. Бірде-бір дәрілік зат және бірде-бірмедициналық бұйым сараптамадан өткізілмей, ресми тіркелмей, ҚазақстанРеспубликасының нарығына жіберілмейді. Сондықтан бір жылдары «Методон дауының»басылып болмағаны сияқты, «сары қызбаға» арналған вакциналардың жеткізілмеуіненаразылықтың ара-тұра өршіп тұратыны сияқты, мемлекет тап осы денсаулық сақтаусаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын қырағы жүргізіпотырған уақытта контрабанда туралы қисынсыз әңгімелер өрбітуге еш дәлел жоқ.

ДЗСҰО екі монополиялық қызмет атқарады: мемлекеттік тіркеу кезіндегідәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптамадан өткізеді; Қазақстандатіркелген медициналық өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына бағалау жүргізіп,сонымен қатар монополиялық қызметпен технологиялық байланысты қызметтердіжүзеге асырады.

– Қазақстанда 2020 жылдан бастап дәрі-дәрмектің рецептарқылы босатылымын оңайлату үшін электрондық рецептілердің қағазсыз жүйесіенгізілетіні мәлімделді. Электрондық рецептілер қандай тұрғыда тиімді, пайдалы?Сонда қандай препараттар рецептісіз босатылады?

– 2019 жылғы маусым айындағы жағдай бойынша Қазақстанда 7748 дәрітіркелген, оның ішінде 1634 препарат рецептісіз босатылады. Рецептісізбосатылатын дәрілер тізбесіне суық тиюге қарсы өсімдік тектес препараттар,антисептиктер және сыртқа қолдануға арналған дезинфекциялық препараттар,асқазан-ішек жолының жеңіл бұзылыстарында қолданылатын дәрілер енгізілген.Дәріханалардан жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы препараттарды,сондай-ақ дәрумен тапшылығының жай-күйлерін емдеу және алдын алу кезіндеқолданылатын минералдық заттары бар көпқұрамды дәрумендерді де рецептісіз сатыпалуға болады.

Бір жаңалық – рецептілер жазып беру рәсімдерін және дәріханалардан препараттар  алуды оңайлату мақсатында 2020 жылдан бастапминистрліктің ақпараттық жүйелерінде толық электрондық жұмыс үлгісіне ауысужоспарланды. «Қағазсыз ауруханаларға» көшу шеңберінде қазірдің өзінде жекелегенөңірлер (Атырау, Қарағанды қалалары және Шығыс Қазақстан облысы) рецептілержазып беруді электрондық үлгіге ауыстырып, рецептілік дәрілер онлайн режиміндебосатыла бастады. Бұл рецепт жазылымы уақытын үнемдейді, тағайындау кезіндегіқателікке жол бермейді және қайта тағайындауды оңайлатады. Ең бастысы, емделусапасын арттырады, дертіне дауа іздегендер адаспай шипа табады.

Қазақстанда тіркелген дәрі-дәрмектер туралы бүкіл ақпаратты, оның ішіндерецептісіз босатылатын дәрілік препараттар тізбесін ДЗСҰО ndda.kz(http://www.ndda.kz/category/search_prep) сайтынан немесе App Store немесеGoogle Play қосымшалары арқылы DariKz мобильді қосымшасы арқылы табуға болады.Қазақстандықтар дәрі-дәрмектер, соның ішінде рецепт арқылы және рецептісіз босатылатын препараттар туралы маңыздыақпаратты 1439 жедел желі нөмірі бойынша ала алады.

– DariKz мобильді қосымшасы туралы таратып айтсаңыз. 

– DariKz мобильді қосымшасын пайдалана отырып, отандастарымыздыңҚазақстанда тіркелген дәрі-дәрмектер туралы бүкіл ақпаратпен танысуынамүмкіндік туды. Қосымшаны жүктеп алған пайдаланушыларға дәрілік препараттыңдозалануы/концентрациясы, сақтау мерзімі және айрықша белгілері туралы, дәрініңтүпнұсқалық, әлде дженерик екені, оның дәрігер рецептісі арқылы немесерецептіден тыс босатылуы туралы барлық ақпарат қолжетімді болады. Қосымшаға«шекті баға» опциясы қосылады, оның көмегімен азаматтар дәрілердің бағаларынқадағалап, егер алшақтықтар орын алып, ол Қазақстанда рұқсат етілген, заңнамажүзінде бекітілген шекті рұқсатты бағадан асып кеткен жағдайда препараттыңқұнына шағым түсіре алады. Сонымен қатар «Сапа сертификаттары» қосымша бетіненқазақстандықтар берілген қауіпсіздік пен сапа сертификаттары туралымәліметтерді қарай алады, ал «Жаңалықтар» бөлімінде ДЗСҰО қызметіне байланыстыөзекті ақпаратпен және хабарландырулармен танысады. DariKz дәрілерді іздеуқосымшасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын цифрландырубағдарламасының шеңберінде және тұтынушының дәрі-дәрмек туралы маңыздыақпаратпен мағлұматтану, қажет дәрісін тез табуына көмектесу мақсатында іске қосылды.   

– Бүгінгі таңда Қазақстанның фармацевтикалық нарығытүпнұсқа түріндегі және баламалы түрлердегі дәрілік препараттарға толып кетті. Ауырыпем іздегендер дәрі-дәрмектің алуан түрлілігінен көздері тұнып, дәрігеркеңесінсіз таңдау жасауда бастары қатады. Осы жерде дженерик деген дәрілік түрсипатын оқырманға түсіндіре кетсеңіз. Түпнұсқалық препараттардың дженериктерденайырмашылығы қандай?

– Түпнұсқалық дәрілік препарат – бұл тұңғыш рет синтезделген және клиникағадейінгі (жануарларда зерттелген) және клиникалық (адамдардан зерттелген)зерттеулердің толық айналымынан өткен және белсенді компоненттері патентпенқорғалған, өндіру тәсілі де патенттелген дәрілік зат. Патенттік қорғау мерзімішектеулі болғанымен, соның өзінде 15-20 жылға дейін жарамды. Түпнұсқалықпрепаратты әзірлеу үдерісі ұзақ, сондықтан да қымбат тұрады. Патент мерзіміөткенде басқа фармацевтикалық компаниялар түпнұсқалық препаратты жаңғыртып,қосымша заттары мен өндіру технологиясы ерекшеленетін дәріні ұқсас нұсқадажасап шығара алады, міне,  генерик немеседженерик деп жүргеніміз сол. Оның өндірушісі де, атауы да өзгеруі заңдылық.Тіпті бір түпнұсқаның әртүрлі саудалық атаулармен бірнеше баламалы нұсқасыболуы мүмкін. Түпнұсқалық препаратты эталон санағанымызбен, дженериктердіңбелсенді заттарының сандық және сапалық құрамы да, дәрілік түрі де ауылынаналыс кетпейді және тиімділігі мен қауіпсіздігі тиісті салыстырмалы зерттеулердедәлелденеді. Жоғарыда аталған қымбат тұратын сатылы зерттеулерден өткізілмейді,патенттелмейді, сосын да түпнұсқалық түрлерге қарағанда дженериктер арзантұрады. Қазақстанның фармацевтикалық нарығының басым бөлігі, яғни 85 пайызыдженериктер үлесінде. Бұл бүкіл дүниежүзіндегі дәрілер нарығына тән көрініс.Қалтасы қымбат дәрі-дәрмекті көтермейтіндердің дженерикке жүгінуі заңдылық.Дегенмен де азаматтардың қырағылық пен сақтық танытқаны, арзанына қызығып,жалған, жасанды өнімге ұрынып қалмағаны абзал. Қазақстанда шамамен 8000 дәрілікзат тіркелген. Әрқайсысының халықаралық талаптарға сәйкестік сертификаты бар.Қазақстанда тіркелген барлық дәрілер туралы толық ақпаратты, препараттыңдженерик немесе түпнұсқа екені туралы мәліметті www.ndda.kz сайтындағымемлекеттік тізілімнен, ал ағымдағы жылдан бастап DariKz мобильді қосымшасынанқарауға болады.

– Енді вакцинация төңірегіндегі бітпейтін дауға шолужасайық. Халықтың екпелерге деген сенімінің азайып кетуі неліктен? Қазақстандақанша вакцина тіркелген және олардың сапасы қалай тексеріледі, біздің елімізгеқалай жеткізіледі?

– Қазіргі уақытта ДЗ және МБ мемлекеттік тізілімінде ірі өндірушілерөндіретін 65 вакцина тіркелген. Олар Еуропаның Бельгия, Франция, Ирландия,Нидерланд елдерінен, Америка, Ресей, Қытай, Үндістан, Корея және Израильмемлекеттерінен жеткізіледі. Вакциналар сапасы біздің зертханаларымызда үшсатылы тексеруден өтеді, тіркелуден кейін де олар нарықтағы бүкіл айналымкезеңінде фармакологиялық қадағалауда болады. Қазақстанда бір ғана вакцина(обаға қарсы) өндіріледі, 19 инфекциялық ауруға қарсы вакциналау жүргізіледі. Екпенауқанының арқасында туберкулезге шалдығудың соңғы 20 жылда 2,5 есе, ал оданболатын өлімнің 15,3 есе, ал қызылшамен ауырудың 3,4 есе азайғанын қанағатпенайтамыз. Қыркүйектен бастап 20-29 жастағы ересектер тобы арасында қызылша менқызамыққа қарсы қосымша иммунизация жасау басталды. Күрделі шешімдер деқабылданды: мысалы, Қазақстанда қолданылып келген Жапонияның БЦЖ вакцинасынөндіруші қайтарып алып, туберкулезге қарсы вакцинация уақытша тоқтатылды,Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында бұл вакцина қайта квалификацияланады.

Өкінішке қарай, иммундық профилактиканың бүкіл әлемде инфекцияларменкүресудің тиімді әрі қолжетімді тәсілі болып мойындалғанына қарамастан, соңғыуақытта балаларын кездейсоқ уыттану т.б. жағдаяттардан қорғау ниетімен, тіптідіни көзқарас жетегіндегі ата-аналардың дәстүрлі екпелерден бас тартуы жиілепкетті.

Иммунизацияға қарсы көрсетілімдері бар балалар да кездеседі. Олардыбалабақшаларда оқшаулау мәселелері де көтеріліп тұрады. Біздіңше, балаларды,бұл орайда, бөліп-жарудың мағынасы жоқ. «Ұжымдық иммунитетті» қалыптастырутәсілінің, «иммунитет төзімділігінің» жеміс беретініне сенім артамыз. Жаппайқолданылатын вакциналардың сапасына жұртшылықтың көзін жеткізу жұмыстарыжалғасады.

– Фармацевтикалық нарық қатысушыларына үкімет, министрліктарапынан қандай қолдау көрсетіледі? Шетелдік өндірушілер мен отандықөндірушілерге қойылатын талаптар, көрсетілетін артықшылықтар бар ма?

– ДЗСҰО өтінім берушілермен апта сайын кездесу өткізеді. Дәрілікпрепараттар мен медициналық бұйымдардың пайда-қауіп арақатынасын бағалау жәнедәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың клиникалық зерттеулерін жүргізугеарналған материалдарды бағалау қызметтерінің бағаларын жоспарлы бекіту жөніндекөпшілік тыңдалымдар өткізеді. Фармацевтикалық нарық қатысушыларына қолдаукөрсетуге арналған  support@dari.kzпоштасына жазып, үнемі ДЗСҰОжұмысы жөнінде, импорт пен экспорт мәселелері туралы өз сұрақтарын қоюға немесеұсыныстарын қалдыруға болады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің жаңаредакциясына сәйкес, тіркеу куәлігі мерзімінің өтуіне дейін ҚазақстанРеспубликасының аумағына әкелінген және өндірілген дәрілік заттар менмедициналық бұйымдар Қазақстан Республикасының аумағында шектеусіз қолданылады,айналыста болады және пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген қызметтергебелгіленген бағалар прейскурантының жобасында отандық тауар өндірушілер үшінжеңілдіктер көзделген. Осы орайда, ДЗСҰО көрсететін қызметтерге бағалардыантимонополиялық органмен келісім бойынша денсаулық сақтау министрлігі белгілейді. Бірыңғай дистрибьютор қосымшакелісімде медициналық ұйымдардың бастамасы бойынша түзетілген өтінімдеұсынылған сатып алынатын дәрілік заттар көлемдерін азайту туралы талаптардықарастыруға құқылы.

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысына сәйкес, бірыңғайдистрибьютор жеткізу мерзімдерін бұзған; сатып алулар өткізілмей қалған;балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдері туралы нұсқаулар болған жағдайлардаалпыс күндік қажеттілікке дейін медициналық ұйымдардың өз бетінше сатып алуынжүзеге асыру тәртібі регламенттелді. Осындай өзгерістер азаматтар үшін сапалыдәрі-дәрмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, ал бағаларға реттеу енгізуреспубликаның бүкіл өңіріндегі бірыңғай баға саясатына жол ашады.

– Арнұр Исабайұлы, жұртшылықтың көбінің медицина туралыбілім деңгейі тек ауру, аурухана және дәрігер үштігінің шегінен аспайтыны хақ.Халық денсаулығы шебінде «Әр күн – майдан» екенін толық суреттеп бергенмазмұнды сұхбатыңызға рақмет.

 ӘңгімелескенГүлзира СЕРҒАЗЫ

Фото: Автордікі  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:47
Атырауда блок-бекеттердің неге қойылғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:26
Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:07
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:30
Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды
Еркежан АРЫН 30.09.2020, 00:40
52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын
Амангелді СЕЙІТХАН 29.09.2020, 11:05
Атамекенім қайда екен?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16