11.03.2021, 17:30
664
Бүгін Теміртаудағы № 2 жылу электр орталығындағы механикалық цехта төтенше жағдай орын алды. Таратып айтсақ, дәнекерлеу жұмысы барысында, сол маңда тұрған өндірістік бояу құйылған бөшке жарылды. Салдарынан екі жұмысшы зардап шекті. Алғашқысының денесінің 25 пайызын күйік шалған. Қазір ол Теміртаудағы орталық ауруханада ем алып жатыр. Ал, екіншісінің халі ауыр. Жедел арада облыстағы Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген оның тұла бойының 95 пайызын күйік алған. Апатқа тап болғандарды емдеу шаралары жан-жақты жүріп жатыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР