«Артық қыламыз» деп тыртық қылды

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

16.07.2021, 09:32

1607

Жезқазған қаласы Жеңіс көшесіндегі 23-үйдің маңында балалардың  ойын алаңы пайдалануға берілді. Мұндай мүмкіндікті бұл маңдағы балдырғандар ұзақ күткен еді. Алайда жаңа сергу алаңқайы кішкентайлардың үмітін ақтамады. Пайдасынан гөрі зияны көп болып тұр. Барлық гәп ­– ойын орнының астына денсаулыққа зиянды құм төселуден болып тұр. Ата-аналар «Бұл есеп үшін салынған алаң ба? Бейкүнә балғындар неге жауапсыздықтың құрбаны болмақ?» деп аттан салды. «Бір қызымнан бір қызым әм сорлы» демекші,  алаңқайдың табанында жатқан кір топырақ желмен бірге 1-қабатта тұратын пәтерлерге кіріп жатыр.

– Алаңға тым болмағанда қаладағы өзеннің  жағасындағы құмды әкеп төгу керек еді. Мына құмның құрамы таза емес, өндіріс қалдықтарына ұқсайды. Жел тұрса ақ шаң көтеріліп, зықымызды шығарады. Ата-аналар мен балалардың тамағы жыбырлап, жаппай жөтел қысады. Төменгі қабаттағылар терезенің әйнегін ашудан қалды. Құмның құрамында қандай зиянды зат барын зерттеуді сұраймыз, – дейді қала тұрғыны Рәзия Байтуғанова.

Бұл төңіректегі бұрыннан өсіп тұрған теректердің жапырақтары тозаңға  тұншығып, қурап қалған. Мұны көрген тұрғындардың үрейі екі есе ұлғайған. Тапсырыс беруші, яғни жергілікті  әкімдіктің шенеуніктері жоба техникалық регламент пен бөлінген қаражатқа сәйкес салынды деп ақталуда. Жезқазған қаласы ТКШ бөлімінің бастығы аймақтағы республикалық  «Хабар 24» телеарнасының тілшілеріне мынадай уәж айтқан:

    – Бөлінген қаржының жалпы сомасы аз болған соң, астына төсейтін тартан қарастыра алмадық. Сол себепті астыңғы жағына құм құйған. Заң аясында жобаның сметалық құжаты бекітіліп, тендер бойынша байқау өткізілді. Тұрғындардың шағымын естіген соң, біз мердігермен жедел түрде келіссөзге келдік. Олар шикілік шыққан жердегі келеңсіздікті жақын арада қалыпқа келтіруге уәде берді.

Жергілікті билік  Жеңіс көшесіндегі 10 аулаға  ойын алаңдарын салуға 40 млн теңге қаржы бөлген. Аталған тендерде 28 млн теңге ұтып алған мердігер қазірдің өзінде  бес алаңды  тәмамдаған. Орындаушылар тарапынан кеткен кемшілікті билік жауаптылардың мойнына қайта ілді.

Айта кету керек,  мұның сыртында, биыл қалада 500 млн теңгеге тағы 50 балалар алаңы салынады. Кезегін күтіп тұрған жаңа алаңқайлар  заман талабына сай жабдықтармен тұрғызылмақ. Балалар алаңының сыртында, футбол, баскетбол алаңдары да болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:00
Мектеп формасының құны 25-30% қымбаттады
Әділ АҚЫЛБАЙ 05.08.2022, 08:28
"Жасыл Қазақстан": Су ресурстарын басқару жөніндегі жобаның берері мол
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 16:28
Шолақайдағы жантүршігерлік оқиға: күдікті туралы деректер айтылды
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 15:30
Қашықтан оқыту енгізілмейді
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 14:30
Қазақстанның солтүстігі Ресейге қосылуы керек деп мәлімдеген ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Аңдатпа


  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47
  • Халықты жоқшылық қысып барады...
    01.08.2022, 13:40