«Арысқа диверсия жасалған болуы мүмкін»

28.06.2019, 14:37

175

Әскериқоймадағы жарылыстан соң Шымкентке қашқан халық Арысқа оралып жатыр. Бүгін, 28маусым күні таңғы сағат 7 шамасында алғашқы автобус қалаға кірді. Тұрғындароблыстық әкімдік ұйымдастырған арнайы көлікпен келді. Өзінің жекеавтомашинасымен келіп жатқандар да бар. Бұл туралы өңірдегі ЖасАЛАШ тілшісі хабарлайды.

«Аман-есен Арысқа жеттік. Үйім станция жақта. Қазірсол жаққа жеткізіп тастайды деп отырмын. Бастысы, жарылыс тағы да болмаса болды.Қоянжүрек болып қалдық қой. Осы уақытқа дейін Шымкентте болдық. Халыққа рақмет.Барын аямады», — дейді арыстық ақсақал Ілияс ӘЛМЕНҚҰЛОВ.

ЖасАЛАШ тілшісінің хабарлауынша, Арысқа Түркістан облысының әкімі ӨмірзақШӨКЕЕВ, Қорғаныс министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ пен Ішкі істер министрі ЕрланТҰРҒЫМБАЕВ та келген.

«Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасы 30-жылдардан бар. Олкезде үлкен қала болмаған. Енді бұл қойманы көшіреміз. Бейнебақылаудытергеушілер қарап жатыр. Өрттің шығу себептері анықталады. Бірнешеболжам бар. Химиялық процестерден от тұтануы ықтимал. Диверсия болуы дамүмкін. Енді адам өліміне келетін болсақ, нақты үш адамнан айрылып отырмыз. Әлітүтеп жатқан жерлер бар. Оны өшіреміз», — деді қорғаныс министрі.

Кеше, 27 маусым күні Шымкентте Арыс халқы наразылық шарасына шыққан еді. Олар «үйімізгеқайтудан қорқамыз, Шымкент немесе облыстың басқа жерлерінен үй беріңдер» деген талап қойған. Сол кезде облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қалаға жол ертең ашылады деген.


Фотолар автордікі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.01.2022, 20:08
Аңшылық байдың ермегі, кедейдің азығы
Сайт әкімшілігі 28.01.2022, 18:09
«Технарлар» тентіреп кетпесін десек...
Мауыт Нұрымжан Керейұлы 28.01.2022, 14:00
Керейді «Кере» қыла жаздады
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 14:48
Билік түзелмей, ел түзелмейді
Жарас КЕМЕЛЖАН 27.01.2022, 09:25
«Қара пимадан» «ақ макасиге» дейін
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 15:50
Күнде бір отбасыға үй әперейік!

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48