«Арыста ауыз су жоқ: Балалар ауырып жатыр»
Арыста болған оқиғаны бастан-аяқ көрген, жұртпен бірге босып, жанұшыра қашқан Арыс қаласының тұрғыны Мереке ҚАСҚАРБЕК атты тұрғынмен едел-жедел сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз. Мереке апат болар қарсаңда ұзатылмақ болып, тойға дайындық жасап жатыпты. Ол қазір Арысқа қайта оралған. Сондағы жағдайды баяндайды.
— Мереке, сұхбат беруге келісім бергеніңіз үшін рахмет! Осы қалада тудыңыз ба?
— Иә, мен Арыстың қызымын. Сонда тудым, сонда өстім! Бірақ ешқашан да өз туған жерімнен жан ұшыра дәл осындай қорқынышпен қашамын деп ойламадым. Бір-ақ сәтте басталған апат бір қаланы түгелімен көшіріп жіберді.
— Сол сәтті қайыра айтып беріңізші.
— Қатты қорықтық. Халықтың дүрбелеңінің ауыр болғаны соншалықты өз туыстарымызбен қауыша да алмадық. Анасынан көз жазған сәбилер, сәбиінен айырылып қалған аналар… Жанын сақтау үшін жалаң аяқ қашқан адамдар… Тым ауыр… Қаралы күн… Күтпеген жерден келді. Қаншама жұрттың жоспары жайына қалды. Жасалғалы жатқан той (оның ішінде менің ұзатуым), басталғалы жатқан құрылыс, жүргелі жатқан сапар бәрі тоқтады, бәрі өзгерді.
— Қазір Арыстасыз ба? Үйлеріңіздің жағдайы қалай екен?
— Иә, Арыстамыз. Терезелеріміз бен потолок аздап сынған. Жөндеу жұмыстарын жасаймыз дейді. Жағдай қалыпты. Алайда, тұрғындар қазір судан қиналып жатыр. Ауыз су келіп тұр. Бірақ ішуге жарамсыз. Тек жуынуға ғана жарайды. Іше алмаймыз (хлор). Кішкентай балалар көп ауырып жатыр. Алғашында көлікпен жүріп тарататын. Қазір оны да қойды. Жарылысқа дейінгі өміріміз бен кейінгі өмірімізді айтарлықтай өте үлкен айырмашылық бар. Бастысы аман қалдық. Сол жарылыстан кейн 28-не халықты кіргізе бастады. Мен өзім 29-на бардым. Арысқа кіргеннен күйіктің иісі білінеді. Базардағы жұмыс тоқтады. Азық-түліктер жарамсыз болып қалды. Бүтін бір халықтың киелі топырағы Арыстың өмірі бір-ақ сәтте тоқтады. Бірақ қазір жағдай жақсарып келеді. 17 облыстан, жекелеген азаматтардан, халықтан барынша көмек келіп жатыр.
— Әкімдік тарапынан ше?
— Мен ойлаймын Арыс қаласының тұрғындарына кішкене қылып қалашық салып беру керек. Немесе оқ дәрі қоймасын көшіру керек. Халык жоғарыдағылардын басу сөздеріне сеніп тағы жарылыс болу, болмауына ешқандай да тәуекел ете алмайды. Бір танысым бар. 2009 жылғы жарылыста әкесі қайтыс болды. Араға 10 жыл салған жарылыста анасы өмірден озды. Бұл әділдік деп ойлайсыз ба мысалы? Сол кездегі қателік неге тағы қайталанады? Әлде халық өмірі ойыншық па? Меніңше бұл дұрыс емес. Көмек көрсеткен барлық өкілдерге үлкен алғыс білдіреміз. Дегенмен халық мемлекеттің қазынасы. Сол қазынаның, біздің қауіпсіздігіміз бәрінен маңызды деп ойлаймын.
P.S.: Ақпаратты растау үшін Арыс қаласы әкімдігінің кезекші бөліміне хабарласқанымызда, «Facebook парақшамызда бәрі айтылған», деп Әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеді.
Ал, Арыс қаласы әкімдігінің Facebook-тағы парақшасында жарияланған «Арыс қалалық-санитарлық эпидемиологиялықжағдайы және ауызсудың жарамдылығы бойынша» тақырыбындағы видеороликте қала тұрғындарына тез бұзылатын азық-түліктерді пайдаланбау туралы кеңес айта келіп, әкімдік өкілдері «су мен ауаның құрамында адамның денсаулығына зиян келтіретін радоактивті, микробиологиялық микробтар жоқ» деген ақпар берді. Десе де, тұрғындарға суды қайнатып, үш сағат мерзімде пайдалануды ұсынған.
Суретті сұхбат беруші ұсынды.
Тегтер:
Сайт әкімшілігі
26.05.2023, 18:00
Тоқаев Ақордада Абу Даби шейхін қабылдады
Бифат ЕЛТАЕВА
26.05.2023, 15:00
Жамбыл облысы: Отандық БАҚ саясаты
Сайт әкімшілігі
26.05.2023, 12:11
Алматы облысында энергия тапшылығы қалай шешімін табады?
Сайт әкімшілігі
26.05.2023, 11:00
Министр БАҚ пен журналистиканың жайы туралы айтты
Жарас ШӨКЕ
26.05.2023, 09:51
Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
Сайт әкімшілігі
25.05.2023, 12:24
Шымкент – 100 пайыз