Арыста тағы жарылыс

22.09.2019, 13:03

176

Бүгін Арыс қаласы маңындағы әскери полигонда жарылыс болды. Бұл туралы Жас АЛАШ қорғаныс министрлігініңбаспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Нәтижесінде  келісімшарт бойынша арнайы дайындалған 10 сапер- әскери қызметші жарқыншақ жарақатын алды. Аталған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылды. Оларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Болған оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр», — делінген жазбада.
Айта өтейік, бұл осы айдың ішінде  екінші рет тіркеліп отырған жарылыс. 13 қыркүйекте Арыс қаласында әскери қойма аумағын тазарту кезінде оқ-дәрі бөлшектері жарылып, төрт әскери жарақат алған. Оны да министрліктің өзі хабарлап, "Әскери қызметшілердің оқ-дәрілер фрагменттерін жинау және жою жұмысына белгілі бір уақыт талап ететінін" қоса айтқан. 
24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймада жарылыс болды. Ресми деректер бойынша жарылыстан 4 адам қаза тапқан. Жарылыс күні Арыс қаласынан 40 мыңнан астам адам жақын маңдағы елдімекендерге көшіп кетті.  
27 маусымда арыстықтар қалаға қайта бармайтынын, биліктен өздерін басқа жаққа көшіруді талап етіп  Шымкентте шеруге шықты. 28 маусымда Шымкент пен көрші елдімекендерді уақытша паналаған арыс жұрты үйлеріне қайтты.


Фото: 365info.kz



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 16:19
Байбек: Депутаттарымыздың қоғамдық рейтингі енгізіледі
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 15:36
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 26.02.2021, 09:05
Өлейін десең – жан қымбат, өлмейін десең – дәрі қымбат
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 25.02.2021, 16:42
Қарағандыдағы той: судья «кінәлі» болмай шықты
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 13:45
Қаражат жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51