Арыстағы жағдай. 200 періште

29.06.2019, 23:15

338

Назарларыңызға  Арыстағы жарылыстың куәгері болған оқырман хатын жариялап отырмыз. Өздерінің жағдайын «біз өлімнен қаштық» деп жеткізген Ақбөпе ЕРГЕШ 5 минуттың ішінде 200 баланың тағдыры қалай шешілгенін айтып берді.
"Әр адамның өз шындығы бар. Құлақпен естігенді емес, көзбен көріп,  куә болғанды жазып отырмын.  24 маусым 2019 жыл.  Таңғы сағат  9:00 шамасында Түркістан облысы,  Арыс қаласы,  Батырлар аллеясында 200-ге жуық бала жиналды. Арыс қаласына қарасты Шөгірлі елді-мекеніндегі «Көксарай»  жазғы сауықтыру  лагерінің 2 маусымына сапар шеккелі отырған бүлдіршіндер айдың күннің аманында жарылыстың бел ортасында қалды. Дер кезінде  шешім қабылдап үлгердік.  6 автобусқа балаларды мінгізіп,  уақыттан ұтылмай қаладан алыстап шығуды мақсат еттік. Қауіп қасыңнан төнгенде,  сәбидің көз жасын көргенде берілмеген,  көп баланың бас амандығына алаңдап қызмет еткен лагерь тәрбиешілеріне мың алғыс.  Қаладан ұзап шығам дегенше,  3 жарылыс пен жол кептелісі,  түрлі апаттарға куә болдық.  Жан түршігерлік оқиға көз алдымызда. Алыстық,  жұлыстық,  берілмедік,  шыдадық.  Перзенттен айрылып ана,  анадан ажырап бала қалды. 5 минут кешіксек не боларын ойлаудың өзі қорқынышты еді.  Жол бойы жылаған балаға басу айтып,  ауырған балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Көлік ішінде көз жасын көл қылған балаларға  бей-жай қарай алмадық. Біз де ботадай боздадық. 
Қаладан 65-70 км-ге алыстап «Тойтөбе» қырына жеттік. Биікке шығып балаларды сумен,  азық-түлікпен қамтамасыз еткен лагерь ұжымы ата-анамен байланысқа шығып отырды. Абыр-сабыр азайып,  ел арасы тынышталғанша 3 сағат қырда отырдық. Мемлекет қауіпсіз деп таныған аймақта жанымызды шүберекке түйіп,  «көптің тілеуі қабыл болады» демекші алақан жазып дұға еттік. 
Түскі 14:00 шамасында балаларды аман-сау лагерге алып келдік. Түскі тамақтарын беріп,  жуындырып  ата-аналармен тілдестіріп жүрекке аз да болса жылу сыйлап,  көңілге тыныштық ұялады. 
Бір тәуліктің 24 сағатына төтеп беріп түннен аман шықсақ,  атар таңымыз арайлы болар деген арман болды. 
Айрықша алғысымды біз үшін құтқарушы атанған Мұхтархан АРЫНҰЛЫ мен лагерь меңгерушісі Жанат БАТЫРБАЙҚЫЗЫНА,  лагерь ұжымы мен тәрбиешілерге білдіреміз. Шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз.  Атар таңның арайлы,  батар күннің қайырлы болуын тіледік. Арыстың қаласы қайтадан халыққа,  әр үйі жарыққа толсын..."

Еске салайық, 24 маусым күні таңертең Арыстағы әскери оқ-дәрі қоймасында алдымен өрт шығып, кейін жарылыстар болған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жарылыстан үш адам мерт болып, 160-тан астам адам зардап шеккен.


Фото: оқырманнан

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:15
«Экопатруль» жобасы Семей қаласының экологиялық проблемаларына назар аударады
Сайт әкімшілігі 10:02
"Омикрон" штамы туралы алғаш хабарлаған дәрігер жаңа симптомдарды айтты
Сайт әкімшілігі 08:52
Коронавируспен ауырып жатқан 397 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 08:32
Лицензиясынан айырылған университет студенттердің құжаттарын қайтармай отыр
Мариям МАҚСАТ 26.11.2021, 16:00
Өлім мен өмір арпалысынан өтіп жүр
Сағындық ОРДАБЕКОВ 26.11.2021, 10:40
Дәрігерлер кімге «жем» болып жүр?

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30