24.06.2019, 23:25
187
Арысқаласындағы жарылыстан бір адам қаза тапты. Бұл туралы Түркістан облысыныңәкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВ брифингте айтты.
«Арысқаласындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны — 31. Оның екеуі ауырхалде жатыр. Бір адам қаза тапты. Снаряд оның көлігіне түскен», — деді облысбасшысы.
Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, дәрігерлердің көмегіне мұқтаж жандардыңбарлығына көмек көрсетіліп жатыр. Қала халқы жарылыстардың таңғы тоғыздан кетебасталғанын айтады. Содан бері қандайда бір түсініктеме бермеген қорғанысминистр Шөкеев мырзамен бірге ел алдына шықты. Генерал Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ әскерибөлімдегі ешқандай радиациялық снарядтардың жоқ екенін мәлімдеді.
«Ордабасыауданы, Сарыарық ауыландағы штабта өткен брифингте қорғаныс министрі жарылыстар5-6 күнге созылуы мүмкін екендігін айтты», — дейді Түркістан облысынадғы «ЖасАЛАШ» тілшісі Бақытжан ӘБДІРАШ телефон арқылы.
Қазір қаладағы барлық адам қауіпсіз жерге көшіріліпті. Полицияұры-қарылардан қаланы күзетіп жүр екен. Арыс толық бақылауға алыныпты. Бүгінпрезидент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ та Түркістан облысына аттанбақ. Бұл туралымемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік УӘЛИ хабарлады.
Фото: ult.kz
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР