Арыстанбектің бүлдіргенін Ақтоты түзей ме?

24.09.2019, 12:49

4

Қашаңғықазақ тарихын шетелдіктер түсіреді?

Қасым хан туралысериал түсіріле бастағанынан ең алғаш, яғни шамамен бір жыл бұрын хабардарболғанда естіп-білгеніміз – аталған туынды арқылы көрнекті тұлғаныдәріптеумен  қатар, казақтың тамырытереңге кеткен сан қатпарлы тарихын, Отырар,Сарайшық, Сауран сынды тарихи орталықтарын әлемге әйгілеу мақсатетілгені және бұл реттегі жауапты жүктің түрік режиссері Гюнай МЕТИНГЕжүктелгені-тұғын. Бірақ жазушы Смағұл ЕЛУБАЕВТЫҢ әлеуметтік желіде жарияланғанашық хатынан кейін осы мәселеге қатысты басқа да жайттардың шеті шықты. Осығанорай, қаламгермен аз-кем тілдескен едік.

–Мен елбасының тапсырмасымен бір жыл бойы «Қасым хан» сценарийімен жұмыс істегенедім, – дейді жазушы.– Елбасысценарийдің бірінші нұсқасын оқыған кезде «өзбек» деген сөзді кіргізбей-аққойыңдар, ағайын жұртпыз ғой» деген. Негізі, Қасым хан мен Мұхаммед Шайбани 30-40жыл қырқысқан. «Арамызға сызат түсіп жүрер» дегеннен кейін мен «өзбек» деген сөзді«шайбанилер» деп өзгертіп, қайта бергенмін. Ол кісі оқып риза болып: «СценарийінСмағұлға жаздырып, Абылай хан жөнінде де қайтадан фильм түсіру керек екен» депсәлем айтқан еді. Соған мәз болып жүре беріппін. Оның үстіне бер жағындағыбасшылар да «бәрі ойдағыдай болады» деп сендірген.

– Сіз бірсериялы прокаттық фильм түсіруді ұсынған екенсіз. Бастапқыда осылайжоспарланған нәрсе қалайша 75  сериялытелехикаяға айналып кетті?

–Сериал түсіру идеясы елбасының Гюнай Метинмен кездесуі үстінде  туындапты. Содан кейін ол режиссер Түркиядажатып алды да, мені емес, басқа авторларды шақыра бастады. Өйткені мен бұдансериал жасауға қарсы болғанмын.

– Не себепті?

–Өйткені пәленбай айларға созылатын ол сериалда біз өне бойы қазақ пен өзбекболып үздіксіз «соғысып» жатсақ, оның саяси салдары болуы мүмкін. Бұл тіптіөзбек пен қазақтың ғана емес, қазақ пен түріктің арасына да сына қағарлықтайжағдайға жеткізуі ықтимал. Мұхаммед Шайбани мен Қасым ханның арасындағыалауыздық өзбекке де, қазаққа да белгілі. Оны біз ешкімнен жасыра алмаймыз.Бірақ енді келіп соны әйгілеп жатсақ, екі халықтың оған бүгінгі көзқарасықандай болуы мүмкін, қарым-қатынасына қалай әсер етеді, міне, осы жағынескермеске болмайды.

Естуімше,Гюнай Түркістан облысында сериалдың түсірілім жұмыстарына  кірісіп те кеткен. Прокатқа шығатын болса,бұл сериалды бүкіл әлем көреді. Сонда бір адамның, яғни Гюнайдың қанжығасынабайлап жіберетіндей  Қасым ханның бізге,қазақ деген халыққа қатысы жоқ па? Ол жай бір кейіпкер емес, ұлы хан ғой. Қашанға дейін қазаққа қазақ тарихын экрандашетелдіктер «үйретуі» тиіс?! Ертең экраннан қазаққа жат, басқа Қасым хандыкөріп, опық жеп қалмасымызға кім кепіл?

– Мүмкін, олайболмайтын шығар. «Ертұғырылдай» тамаша туынды түсірген Гюнай Метин «Қасымханды» да сол деңгейде ұсынар. Әлде сіз «Қасым ханның» қай нұсқада, қалайтүсіріліп жатқанын анық білесіз бе? 

–Білемін. Әлеуметтік желіде жарияланған ашық хаттан кейін «әзірше дайын болғаныосы» деп, маған 110 беттік сценарий жіберді. Соны оқығаннан кейін күдігімніңбәрі расталды. Сценарий қазақ тарихын, Қасым ханды білмейтін адамның қолыменөте үстірт жазылған. Қасым хан туралы қаншама тарихи кітаптар бар, тым болмаса солардыоқымаған. Сосын, ертегіге ұқсап кеткен. Қасым ханның Ватиканмен, түріктіңСұлтан Мехметімен байланысы көп айтылады. Сөйтіп, басқа жаққа кетіп қалған.Міне, осындай ауытқулар мені шошытып отыр. Бұл  болмайтын нәрсе.

– Сізгесценарийді кім жіберді?

–Ешкімді бір-біріне қарсы қоймау үшін мен оны айтпаймын.

– Негізі,«Қазақфильмнің» қатысымен түсіріліп жатыр ма?

–«Қазақфильмнің» қатысы жоқ деуге болады. Министрлік тікелей қаржыландырып отыр.11 миллиард деген – киностудияның түсіне де кірмеген ақша. Ондай қаржыға үлкен-үлкен11 фильм түсіруге болады.

– Әдеттеминистрлік қаржыны «Қазақфильмге» бөлетін де, ары қарай киностудия фильмтүсірушілерге өзі беретін еді ғой.

–Бұл бір әдеттен тыс жағдай болып отыр. Бұлай болмауы керек еді. Жалпы, меніңосы уақытқа дейінгі тәжірибемде кез келген фильм әуелі сараптамалық талдаудан,талқылаудан өтіп барып қана өндіріске кететін.

– Гюнайдыңсценарий бойынша сізден басқа авторлармен жұмыс істегенін айттыңыз. Олар кім,сонда?

–Бірінші шақырғаны – Жайық Сыздықов деген кинодраматург. Ол Гюнаймен ортақ тілтаба алмағанын әлеуметтік желіде айтып, «ол бұл тақырыпты білмейді, сондықтанарамызда қайшылық пайда болды» деді. Сосын, Гюнай Бекболат Шекеровті шақырды.Ол киностудияда бас редактор болып жұмыс істеп жүрген жігіт. Бекболаттың оған қаншалықтыараласқанын білмеймін, әйтеуір, сценарийде аты-жөні екінші болып тұр.

– Аталғанжобаның ойдағыдай болып шығатынына сене алмауыңызға, негізінен, Гюнайдың қазақтарихын жетік білмейтіндігі себепкер болып тұр ма, сонда? Әйтпесе«Ертұғырылдың» жоғары деңгейде екеніне дау жоқ…

–«Ертұғырылдың» өте сәтті шыққаны онда бірнеше түрік драматургі жұмыс істеді. Алмына сценарийде сол қолтаңба атымен жоқ. Драматургиялық шеберлік, динамикакемшін. Киноның негізі – сценарий. Ал біз сценарийді көріп отырмыз. Сондықтанел- жұрт күткендей, Елбасы ойлағандай, «Қасым хан» шықпайды деп айта аламын.Осы күйінде түсіріліп кетсе, туыстас екі елдің арасында үлкен саясикелеңсіздіктер туындайды. 

– Сонда нақтыұсынысыңыз қандай?

–Бұл сценарийді тарихшылар, кинодраматургтер, жалпы, білікті мамандар  талқылауы тиіс және оны баспасөзде, тіптіменің сценарийіммен қосып жариялауы керек. Қайсысы тарихқа, шындыққа жақын,қайсысы Қасым ханның аруағына обал жасамайды – халық өзі таңдасын. Осы нәрсеөте қажет. Өйткені ертең сериал түсіріліп кетсе, оның жауабын кімнен сұраймыз?«Жау кеткен соң қылышыңды боққа шап» дейді қазақ. Яғни түк істей алмайсың, құройбайлап қала бересің. Осындай жағдай болмасын дейміз. Әйтпесе біздің Гюнайға,оның «Ертұғырыл» деген сериалына еш қарсылығымыз жоқ. Жалпы, түрік сериалдарынадеген біздің құрметіміз ерекше. Түрік сериалдары өте жоғары деңгейде, әсіресетарихи сериалдары керемет түсірілген. Болашақта біз де солай жасауымыз керек.Ал енді прокаттық фильм жасау тұрғысында бізде мықты режиссерлер бар.

– Мысалы?

–Мысалы, Рүстем Әбдірашев. Оның «Алтын тақ», «Алмас қылыш» атты фильмдері, мейліЕуропа, мейлі Америка, мейлі түрік болсын ешқандай тарихи фильмдерден кем емес.Оларды тек тарата білу керек. Біз де бала емеспіз. Кинода 40 жылданбері жүрміз. Бүкіл әлем киносын көріп жүрміз, олардың да деңгейін білеміз.Сондықтан «Қасым ханды» өзіміз түсіре аламыз деп айта аламыз. Бізде де тарихифильмнің ешкімнен кем соқпайтын деңгейі жасалды. Сериалдарға дауым жоқ. Бұлтұста сәл-пәл кенжелеп жатырмыз. Бірақ ол да уақыттың еншісіндегі шаруа. Алдағыекі-үш жылда тарихи сериалдарды жасау тұрғысындағы мәдениетіміз де қалыптасады.

– Мәдениет жәнеспорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесуіңізге осы ашық хатта айтылғанмәселе түрткі болған шығар?

–Иә. Ашық хаттың өзін мен министр ханымның атына жаздым. Себебі, біріншіден, менсценарийде тарихқа да, оған деген қазақы көзқарастан да ауытқу болатынынсездім. Екіншіден, бізді алдап кеткендеріне наразылығымды білдірдім және «cценарийдіталқылау керек» дедім. Өйткені бұған дейін бір жерде талқылау болды дегендіестіген жоқпын. Осыдан 3-4 күн бұрын Ақтоты Райымқұловамен тікелей кездесіп,сөйлестім. Ол кісі бәрін түсініп отыр. Тек бұл тақырыптың ол министр болғанғадейін бекітіліп кеткенін айтты. Бірақ алдағы уақытта өз бақылауына алып, жан-жақтызерттейтінін білдірді. «Ертең кеш болып жүрмесін. Баяғыда 30 миллион шығарып,бүкіл сценарист, режиссер, актерлерді шетелден шақырып түсірген«Көшпенділердің» кебін кимесін. Бұл сіздің де, сондай-ақ осы жобаның идеяавторы елбасының да абыройы үшін керек» дедім.

– Министр сценариймен таныс па екен?

– «Оқыдым» деп айтқан жоқ, енді оқитын шығар. Әйтеуір,«түсірілім алаңына барамын, режиссермен сөйлесемін» деді.

– Ал әуелде тапсырыс берген адаммен кездеспедіңіз бе?

– Нұрекеңе «осылай, осындай болып жатыр» деп тек хат жаздым.Бірақ жауап болмады. Меніңше, хатым ол кісінің қолына тимеді-ау деймін. Қабылдауын сұрап едім, бірақ өтінішім далаға кетті.

– Хат жазғаныңызға көп болды ма?

– Осы жылдың басында жазғанмын.     

– Енді министрараласып, әлденені өзгертеді, әлдебір ықпал ете алады деген үміттесіз бе?

– Қалай болғанда да, осы жобаның нәтижесіне министр дежауап береді. Сондықтан ол жан-жақты пікірлерді қарастыруы керек. Сөйтіп,мемлекет басшысының алдына мәселе қоюы тиіс.

– Сондай уәде берді ме, енді?

– Жоқ, маған ондай уәде берген жоқ.

– Әңгімеңізге рақмет.


Сұхбаттасқан Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

       

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34