Арыз айтсам деп едім

Сайт әкімшілігі

04.09.2020, 14:03

258

Арыз-шағымдарын кімге айтарын білмей дал болған ақсақал: «Осындай оймен 2015 жылы «Нұр Отан» партиясына қабылдандым. Бірақ алданыппын. Арада өткен бес жылда бірде-бір рет партия жиналысына қатысып, ойымды ортаға сала алмай келемін. Билет берген күні «жиналыс немесе басқа да іс-шаралар болатын кезде өзіміз хабар береміз» деген уәделері сөз жүзінде қалды», – деп күйінеді. Енді амал жоқтықтан, «Жас Алаш» газеті арқылы өз партиясы мен партияластарына, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа және де қала аудандарының барлық әкімдеріне былай деп базына айтпақшы.

     «Біз кемшіліктерді көргенде көңіл бөле бермейміз, немқұрайдымыз», – деп бастапты қария «Жас Алашқа» жолдаған хатын.

        Біріншіден, жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктердегі бақылаушылардың міндетін билет тексеріп қана қоюмен шектемей, жүргізушінің де тәртібі, мәдениеті, қозғалыс кестесінің бұзылмауы, көлік ішінің санитарлық нормаларға сай болуын, автобустардың аялдамаларға бір-бірімен жарысып емес, кезек-кезегімен, уақытымен келуін қадағалаумен толықтырса. «Оңай» қызметкерлеріне берілетін мүмкіндіктерді ұлғайтса. Барлық салондарда жүргізушілерге шағымданатын телефон және келеңсіз сәттер түсіріліп алынған бейәдеп бейнежазбаларды қабылдайтын сайттар ілінсе дұрыс болар еді. Бұлар жүргіншілермен қатар, жүргізушілердің де тәртіп сақтауына өз әсерін тигізері сөзсіз.

                                     Соңғы аялдама әлегі

      Бірнеше автобус бір мезгілде келіп, басы Гоголь көшесінен солға бұрылып, бағдар сызбасына сәйкес тоқтайды. Бұл бекітілген кесте. Тек базардан шыққан кәрі-құртаң тұтынушылар мен жүргіншілер жүктерін арқалап, 200 метрден астам оң жақ аялдамаға келесі бетке мәжбүрлі түрде жаяу-жалпылап өтіп жатады. Мүгедек жан болса мүлдем қиын-ақ. Тым болмаса бір бағыттағысы оңға бұрылып, келесі көшедегі бұрынғы бағыт бойынша сызбаға өзгеріс енгізсе екен деймін.

      Сонымен қатар осы Гоголь аялдамасы ақырғы болып есептелетіндіктен, осында келіп тоқтайтын №66  тіркемесі бар ұзын автобус (гормошка) Көк базардан шыққан троллейбустарға және тура қозғалыстағы басқа да көліктерге кедергі келтіруде. Осының себебінен жаяу жүргіншілер айналып өту үшін көгалды таптап, соқпақ етіп тастаған. Жүргізушілердің де ешқандай құқықтары қорғалмаған. Соңғы аялдамаларда қызмет көрсететін әртүрлі орындар тұрмақ, қарапайым дәретхана мен асхана да қарастырылмаған.

     Сондай-ақ көше атауларын өзгертіп, «Плаза», «Сити-пити» деп, әртүрлі дүкен-сүкендердің атауларымен атауды доғарған жөн деп есептеймін.

Жарымжан жарнама жайы

     Сөз соңында көргенді іс туралы да айта кеткенім жөн болар. Мен бала-шағамның арқасында әлемнің біраз жерін аралаған адаммын. Көргенім, ойға түйгенім жетерлік. Солардың бірі, Австралия елін мекен еткен ұлт пен ұлыстың саны Алматыдағыдан көп болмаса, аз емес, бірақ жарнамалар жалғыз тілде. Жергілікті ұлт тілінде ғана жазылады.

      Ал Алматыда бірнеше мемлекет қатар орналасқандай әсерде қалатының өтірік емес. Жарымжан жарнама жасағандарды ұлттың тілін қорлаушы ретінде үлкен көлемдегі айыппұлмен жазаласа, мұндай сорақылықтарға жол берілмес еді».

                                                                       

Редакциядан:

       «Неге екенін қайдам, көптеген газеттер апарған мақаламды қабылдап алғанымен, жариялауға қорқа ма, білмеймін, аяқсыз қалдырады» деп, сенімсіздеу қараған ақсақалға уәде еткеніміздей, қария ұсынған хатты назарларыңызға ұсындық.

      Қарап тұрсаңыз, қария әкім қабылдаудан қашатындай өрескел ештеңе айтып отырған жоқ. Жөн сөз. Құлақ асқан дұрыс болар. Тек бір таңғалдырғаны – «Нұр Отанның» мүшесі қайда барып, мұңын шағарын білмей жүрсе, қалған жұртқа не жорық?!   

Тегтер: әкім арыз шағым қоғам халық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 13:50
Қазақстанға құс тұмауын жабайы құстар әкелген болуы мүмкін
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 11:16
Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
Сайт әкімшілігі 28.09.2020, 09:34
Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 26.09.2020, 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Аңдатпа


  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16
  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43