Ашаршылық апаты анықталды ма?

29.05.2020, 12:21

5

     1931-33 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық тарихын зерттеушілереңбектері негізінен оның себептерін, сипатын және демографиялық ауырсалдарларын анықтауға байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олардың алғашқыларыашаршылықтың негізгі себебіне 1931-32 жылдары құрғақшылық әсерінен, яғниклиматтық ахуалға байланысты егіннің шықпай қалуын алғашқы орынға қояды. Келесітоптың зерттеушілерін ашаршылықты кеңестік билік басшылары қасақана, әдейіұйымдастырды ма деген сауалға жауап іздеушілер құрайды.                     

    Мұндайда қазақстандықшенеуніктер мен оқыған азаматтарымыз қазақ тарихшыларының зерттеулерінменсінбей немесе үздіксіз сынап-мінеп және әдеттегідей шетелдіктердіңайтқандарына құранға ұйығандай таңдана табынатынын ескеріп, алғаш осышетелдіктердің көтеріп отырған мәселелеріне баса назар аударғанды жөн көрдік.Бірақ алдын ала ескертеріміз: шетелдіктер біздің қайғылы тарихымызға жүректеріауырғандықтан немесе біздің осы тарихты шынайы жазып берейін деп назар аударыпотырған жоқ. Алда біз есімдерін атайтын бір топ шетелдік зерттеушілер арасындақазақ тілінде жазылған еңбектерге итальяндық Николо Пианчиоло мен америкалықСара Камеронның ғана, онда да ішінараназар аударулары осының көрінісі.Өз елдерінде зерттелетін  өзекті мәселелер қалмағандықтан, шетелдіктердіңендігі басты мақсаты –  басқа тарихыжазылмаған елдердегі тың тарихи тақырыптарды қозғау арқылы зерттеудіқаржыландыратын қомақты гранттар ұтып алу. Осыны қазақ оқырманы ұмытпауы керекжәне баяғы ескі психологияны ұстанып, біздің тарихымызды басқалар дұрыстапжазып береді деп, «алақайлап» бөріктерін аспанға атуға асықпағандары жөн.                                 

  Өкінішке қарай, жоғарыдаайтқанымыздай,  Қазақстандағы ашаршылықмәселесінде шетелдіктердің өз арасында да ауызбіршілік жоқ. Мысалы, осымәселеге кеңестік заманда-ақ алғаш барған Роберт Конквест Қазақстандағыашаршылықтың кеңестік билік қолдан ұйымдастырған әртүрлі саяси жәнешаруашылықтық науқандардың жүзеге асырылуынан туындағанын және осығанбайланысты оның қолдан жасалғанын мойындай отырып, сонымен қатар оны билікәдейі ұйымдастырды деп айтуға болмайтынын да атап көрсетті(Қараңыз: RobertGonquest. The Harvect of Sorrow.London  2002.-412 p.// Айтылған пікірмына еңбектен алынды: 1932-1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты – Правда о голоде1932-1933 годов/ Под ред. Б.Г.Аягана. Алматы, 2012. 31-б.).Мұнан аңғаратынымыз, осы ашаршылықтуралы айтқан кезде «қолдан жасалған» деген сөзбен «әдейі жасалған» дегентүсініктің аражігін ажыратып айту керегін және олардың бір мағынаны білдірмейтінінескергеніміз жөн.

    Әдетте «қолдан жасалған» деп,мұндайда Роберт Конквест дұрыс көрсеткендей, кеңестік биліктің жоғарыдан ұйымдастырылған  әлеуметтік-саяси реформалары мен шараларынжүзеге асыруды  айтуға болады. Бұлардыңжан-жақты ойластырылмай, күштеуге, асыра сілтеуге негізделгендері және біржақтыұстаныммен жергілікті ерекшеліктерді ескермегендері қазір елдің бәріне белгілі.Ал енді «әдейі жасалған» деген сөз – «қасақана» дегеннің баламасы. Осығанбайланысты тақырыпты кеңінен зерттеген шетелдік әріптестері Роберт Дэвис пенСтивен Уиткрофт өздерінің ағылшыншадан орыс тіліне аударылған «Годы голода:Сельское хозяйство СССР 1931-1933» деген көлемді еңбектерінде Р.Конквесттіңөздеріне жазған хатында айтқан мынадай тұжырымына назар аударады: «Сталинцеленаправленно спровоцировал голод 1933 г… Видя надвигающийся голод, он могпредупредить его, но поставил «интересы Советского государства» вышенеобходимости накормить голодающих – таким образом сознательно содействовалголоду» ( Дэвис Р., Уиткрофт С. Годыголода: Сельское хозяйство СССР, 1931-1933. – М., 2011.- С. 447.).

   Осы пікірін Р.Конквест өзінің әйгілі еңбегінде нақтылайтүсіп, «Кеңестер Одағындағы коммунистік идеология ерлерді, әйелдерді жәнебалаларды өлшеусіз жаппай қыруға негіздеме жасап берді» деп жазған еді(Gonquest R.TҺe Harvest ofSorrow:SovietColltctivization and tһe Terror-Famine. London, 1986. P.196.). Алайда Р.Конквесттің бұл тұжырымын оныңжоғарыда аталған әріптестері мақұлдамай, «асығыс жасалған қорытынды» ретіндеқабылдады.Біздің ойымызша, Р.Конквесттің айтқандарыИ.Сталиннің Украинадағы аштыққа байланысты ұстанымдарына негізделген. Ондааштықтың басталғанынан И.Сталин алдын ала хабардар болды. Роберт Дэвис пенСтивен Уиткрофт жоғарыдағы еңбегінде осы пікірді нығайта түсетін мәліметтеркелтіріп,  Сталиннің аштық туралы толықхабардар бола тұра, бұл туралы тіптен саяси бюро мүшелерімен болған әңгімелердеде біраз уақыт өте ұстамдылық танытып, оны айтудан қашқақтағанын және «аштық»деген сөзді оның саяси бюро мүшелеріне 1932 жылы 18 маусымда жазған хатындағана алғаш рет ауызға алғанын, ал Украинада кейбір аудандарда аштық орыналғанын ондағы 1931 жылдың астық жинау науқанының қорытындысын сынға алғанда,яғни әлдеқайда ертерек атап көрсеткенін жазады.                                         

    Ал енді Қазақстан жағдайындаресми орындардың Қазақстандағы алапат аштық туралы мәліметтері (О.Исаевтың,Т.Рысқұловтың хаттары арқылы) И.Сталинге аштық әбден асқынған 1932 жылы ғанабелгілі болды. Сондықтан да Коммунистік партияның басшылығы 1932 жылдың 17қыркүйегінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығытуралы арнайы қаулы қабылдап, республикаға көмек көрсетудің алғашқы шараларынбелгіледі. Осыған жақын пікір айтқан Дана Далримпл менМ.Эллман Қазақстандағыашаршылық қолдан жасалды деген пікірді қолдай отырып, мұны Сталин бастағанбасшылықтың әлеуметтік және саяси, нақтырақ айтқанда ауылдағы халықтың тұрмысерекшеліктерін ескерместен, елді индустрияландыруды жеделдете дамыту саясатыныңтікелей салдары деп көрсетеді.

     Зерттеушілердің тағы бір тобыашаршылық құрбандарының санын анықтауға талпына отырып, бұл қасіретті кеңестікбиліктің жергілікті ұлттарға арнайы ұйымдастырған геноциді деп қарастыруға болама деген сауалға жауап іздейді. Осындайда айта кететін бір нәрсе, КеңестерОдағындағы ашаршылық туралы шетелдіктер арасындағы басты маман, жоғарыда атап өткеніміздей,Р.Конквесттің ашаршылықтың «қолдан ұйымдастырылғанын» мойындай отырып, соныменқатар оны Кеңестер Одағындағы белгілі бір халықтарды этникалық тұрғыдан жойыпжіберуді көздеген геноцидтік саясат деп сипаттаудан бас тартқаны, жалпы, оныңөз зерттеулерінде «геноцид» деген атауды ешқашан қолданбағанын атап айтқан жөн.

     Алайда шетелдік Норман Неймарк,Курт Йонассон тәрізді зерттеушілерҚазақстандағы ашаршылықтың геноцидтік сипаты бар екенін атап көрсетеді. Бірақкейінгі жылдары Қазақстандағы ашаршылық мәселесін белсенді зерттеп жүргенНиколо Пианчиоло да,Сара Камерон да оны 1948 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында қабылданған геноцид туралықағида ұстанымдарының кейбір ережелеріне сәйкес келмейтіндіктен, геноцид депсипаттаудан бас тартады. Айта кеткен жөн, бұл авторлар кезінде докторантретінде Қазақстанға алғаш келгендерінде бізге жолығып, пікірімізді біліп,қандай архивтерде нені қарау керегі жөнінде біздің ақыл-кеңесімізге жүгінгенеді.                                        

    Айтылғандарды қысқаша қорытқанда,жалпы, шетелдік зерттеушілердің Қазақстандағы 1931-33 жылдардағы  ашаршылық туралы зерттеулерінің дерекқорларыжетісе бермейтіндеріне қарамастан, жалпы алғанда, объективтілігін және тарихишындықты дұрыс бейнелейтінін атап көрсеткен жөн. Әсіресе Р.Конквесттің «солзамандағы эмигранттардың мемуарларын, дипломаттар есептерін және едәуіркейініректегі диссиденттердің жазбаларын пайдалануы кеңестік деревняның айқын көрінісінсуреттеді». Алайда шетелдіктердің Қазақстандағы ашаршылықты арнайы қарастырмай,оны бүкіл кеңестік аймақтың және бүкіл елде орын алған сталиндікқуғын-сүргіннің құрамдас бөлігі ретінде зерттеулері және әсіресе шетелдіктердіңқазақтың дәстүрлі қоғамын, соның ішінде мал шаруашылығын жақсы білмеулеріолардың 1931-33 жылдардағы Қазақстанда орын алған ашаршылықтың басқа кеңестікаймақтарға ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерін нақтырақ көрсетулеріне мүмкіндікбермеді. Мысалы,  Роберт Дэвис пен СтивенУиткрофт өздерінің жоғарыда аталған көлемі 544 бетті қамтитын іргелі зерттеуеңбектерінде Қазақстанның мал шаруашылығында қалыптасқан апатты жағдайға бес-ақбет, ал Қазақстандағы ашаршылықты көрсетуге екі-ақ бетті арнады. Мұндайда,әрине, мәселенің тиянақты, кең көлемде зерттелуі туралы айту қиын.                                                                                            

   Авторлардың өз зерттеулерінің кейбірбөлімдерінде қазақстандық мәліметтерді басқа кеңестік аймақтармен салыстырақарағандарына қарамастан, олардың ашаршылық себептерін анықтауда барлық кеңестік аймақтарға ортақжалпылама қорытындыны – құрғақшылық кесірінен егіннің шықпай қалуын осыашаршылықтың басты себебі деп алға шығарып қарастырғанын көреміз. Олар былайдеп жазды: «… по нашему мнению, и они, и Конквест недооценивают роль климата идругих природных условий в неурожаях 1931 и 1932 гг.и ошибаются, полагая, чтоурожай 1932 г. был скорее средним, чем плохим. Два урожая друг за другомозначали абсолютный дефицит хлеба к весне 1932 г., и в последующие двенадцатьмесяцев положение усугубилось». Алайда Қазақстан жағдайында,  негізінен, дәстүрлі мал шаруашылығыменайналысқан қазақтар қырылғандықтан, шетелдік ғалымдар айтып отырған климаттықауыртпалық, яғни егіннің шықпай қалуы Украинадағыдай немесе Еділ бойындағыдайашаршылықтың негізгі себебі бола алмайды.

    Жалпы, сандаған ғасырлар бойы қазақтар,әсіресе ашаршылық апаты аса ауыр болған Орталық Қазақстан аймағы бидайөнімдерін негізгі тамақ өнімі ретінде пайдалана қойған жоқ. Оның есесіне малеті қазақтардың негізгі және басты қорегі болды, оны көптеген аймақтар нанғақоспай, таза күйінде тұтынды. Кейбір жылдары климаттық жағдай ауырлап, қардыңқалыңдығынан мал өз  аяғымен жайылаалмай, жұттан жаппай қырылғанда да қазақтар бұлайша жаппай ашыққан емес.Сондықтан да ет дайындау және коллективтендіру науқандарында қазақтардан малдыжаппай тартып алу 1931-33 жылдарда Қазақстанда орын алған ашаршылықтың бастысебебі болып табылады. Мұны біз Стивен Уиткрофт мырзаның өзіне ғылымиконференцияларда бірнеше рет ескерттік.                        

     Айта кеткен жөн, мұны кейінгіжылдары Қазақстан архивінде жүйелі де тиянақты жұмыс жасаған Николо Пианчиоложәне Сара Камерон тәрізді зерттеушілер дұрыс түсініп, өздерінің еңбектеріндеқазақ тілінде жазылған қазақстандық тарихшылар еңбектерін пайдаланып, объективтіқорытындыларға келе бастады. Мұндайда атап көрсетуді қажет ететін бір маңыздымәселе – жоғарыда біз еңбектерін талдаған тарихшылардың бәрі Қазақстан тәуелсізел болған соңғы ширек ғасыр бойына мемлекеттік тілде – қазақ тілінде жарықкөрген еңбектердің бірде-бірін өз зерттеулерінде пайдаланған жоқ. Шетелдікзерттеушілердің тіптен орыс тілінде шыққан қазақстандық зерттеушілереңбектеріне де аз назар аударатынын айтуға тура келеді. Мұны жергілікті тарихшылардыменсінбеу деп қарауға болады.

    Кезінде 1931-33 жылдардағыҚазақстанда орын алған ашаршылық куәгерлерінің естеліктері  жинақ түрінде жарық көрген болатын (Нәубет: публицистикалық ой-толғамдар. Алматы, 1990;Қызылдар қырғыны..-Алматы, 1992.; Зауал: Мақалалар, естеліктер. 1991.; 32-ніңзұлматы (профессор Қ.М.Атабаев жетекшілік жасаған тарихи-этнологиялықэкспедиция деректері) деректер жинағы. Алматы: Қазақ университеті, 2014 жәнет.б.).Өкінішке қарай, шетелдіктер қазақ тілінбілмейтіндіктен, олардан да мүлде хабарсыз. Мұны біз төменде айтамыз. Шетелдікзерттеушілердің бұл мәселедегі негізгі көзқарастарын мақұлдай отырып, соныменқатар қазақстандық зерттеушілер арасында да осы мәселеге байланысты әртүрлікөзқарастар орын алып отырғанын айта кеткен жөн. Өзінің зерттеу еңбектерінде1931-33 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықты демограф ғалым Мақаш Тәтімов қазақхалқына қарсы жасалған геноцид деп сипаттаса, ал Қайдар Алдажұманов жәнеЖұлдызбек Абылғожин тәрізді зерттеушілер оны этноцид деп сипаттайды.        

     Біздің ойымызша, бұлашаршылықтың әртүрлі шаруашылықтық-әлеуметтік науқандарды ұйымдастыру нәтижесіндекеңестік билік тарапынан қолдан жасалғаны, бірақ оның қазақ халқына қарсы әдейіұйымдастырылмағаны анық. Бұлай дейтін себебіміз – кеңестік билік осы қасіреткеалып келген және 1925 жылдан басталған елді жеделдете индустрияландыру саясатынжүзеге асыру үшін Қазақстанды да елдің басқа өңірлері тәрізді орталықта салыныпжатқан өнеркәсіптерге шикізаттық өнімдер дайындау, оларды ауылшаруашылықөнімдерімен, азық-түлікпен қолдау үшін жергілікті жерде кеңестендіру, байшаруашылықтарын тәркілеу, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарынзорлап отырықшыландыру, бай-кулактарды тап ретінде жою, күшпен ұжымдастыру,ет-астық дайындау тәрізді шараларды жоғарыдан жүзеге асырды.                                                                                       Алайда стратегиялық мақсатты ғанакөздеген бұл науқандардың елді жаппай аштан қыруға алып келетінін Мәскеудегібасшылық алдын ала болжай алмады. Сондықтан да жоғарыдан қабылданған «қатесаяси шешімдер» ешкім «күтпеген және қаламаған» осындай алапат ашаршылыққа алыпкелді(Дэвис Р., Уиткрофт С.Годы голода: Сельское хозяйство СССР, 1931-1933. –М.: Российская политическаяэнциклопедия, 2011. С. 448.).Яғни ашаршылық қолдан жасалды десек те,оның жоғарыдағы билік тарапынан қазақ халқын этнос ретінде жойып жіберумақсатымен жасалмағаны,  қасақанаұйымдастырылмағаны анық. Оның үстіне шетелдік авторлар да мойындағандай, «кеңестікауыл шаруашылығы саясатын» осы жылдары жоғарыдан жүргізген «адамдар оншабілімді емес, ауыл шаруашылығы саласындағы танымдары аса шектеулі» жандар еді.Ең бастысы – ол шаруалар елін екпінді индустрияландыру идеясына бағындырды». Сондықтанда Қазақстандағы осы ашаршылық, негізінен алғанда, биліктегілердің қатесаясатынан туындады және өзінің салдарлары жағынан қазақ халқының жартысынажуығын жалмаған бұл қасірет геноцидтің қатерлі қорытындысымен бірдей болыпшықса да, оған алып келген Сталин бастаған тоталитарлық мемлекеттік жүйеніңелде жүзеге асырған жоғарыдағы шаралары қазақ халқын түбегейлі жойып жіберудімақсат етіп қоймағандықтан, бұл қасіретті геноцид ретінде сипаттау қиын. Осығанбайланысты америкалық Сара Камеронның Қазақстандағы ашаршылықтың БіріккенҰлттар Ұйымы қабылдаған геноцид туралы ережелерге сәйкес келе қоймайтыны туралыкөзқарасы да назар аудартады.                                                       

    Шетелдік тарихшылар әдеттесталинизмнің қазақ көшпелілеріне жасаған қысымын арнайы жүргізілген экспериментретінде қарастыруға құмар. Мысалы, неміс тарихшысы Роберт Киндлер «Сталинскиекочевники. Власть и голод в Казахстане» атты кітабында былай деп жазады: «Голодбыл неразрывно связан самым масштабным общественно-полоитическом экспериментом большивиков в Среднем Азии –переводом казахских кочевников на оседлое положение. До середины 1930-х гг.онпредставлял собой главную установку советского модернизационного проекта вКазахстане» (Роберт Киндлер: Сталинскиекочевники: власть и голод в Казахстане (= История сталинизма), Москва: РОССПЭН2017.7-б.).

     Әрине, шетелдіктердің қазақ шаруаларынкүшпен отырықшыландыруға байланысты жүргізген шараларын арнайы экспериментретінде қарауларына келісуге болмайды. Шын мәнінде сталиндік билік бұл мәселегеамалсыздан назар аударды. Кезінде Қазақстан басшылығы шаруалардыотырықшыландырудың аса маңызды екенін Мәскеудегі басшылыққа мәлімдеп, жаппайұжымдастыруды Қазақстандағы шаруаларды отырықшыландыру негізінде жүргізудіұсынған болатын. Мұндай жағдайда Мәскеу бұл жұмысты арнайы қаржыландыруы керекеді. Ал Қазақстан Кеңестер Одағында Ойратия, Қалмыкия тәрізді елдердің арасындаотырықшыландыруды бірінші рет қолға алуда пионер ел болуы тиіс еді. АлайдаМәскеудегі басшылық қазақстандық басшылардың ұсынысын қабылдамай тастады.Осылайша Қазақстанда отырықшыландыру үдерістері жаппай күшпен ұжымдастырудыңнегізінде жүргізілді. Ал мұның өзі дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатынқазақ халқын тығырыққа тіреп, қиын жағдайға ұшыратты. Осы мәселені шетелдікғалымдар ескеруі керек.                                     

    Айта кеткен жөн, Бүкілодақтық санақматериалдарын ғана мойындайтын шетелдіктер аштық құрбандарын біржақты демографиялықжолмен ғана есептеп, 1930-33 жылдардағы өлген қазақтар санын әртүрлідеректермен бұрмалай құбылтып көрсетіп отыр. Мысалы, Р.Конквест оларды 1 млнадам көлемінде деп көрсетсе, Р.Дэвис пен С.Уиткрофт қазақтардың 1931-33 жылдардағықұрбандықтарын 1 млн адамнан астам, ал басқа ұлттарды қосқанда, бұл көрсеткіш1,3-1,5 млн адам шамасында деп ойлайды. Ал қазақстандық тарихшылардың бір тобы (Б.Төлепбаев,В.Осипов) осы аштықта 1,5 млн адам қырылғанын, тарихшыларымыздың және бір тобы (М.Қозыбаев,Ж.Абылғожин, М.Тәтімов) 1 млн 750 мың адамның өлгенін айтады. Бұл деректердіңбіразы нақты дәлелдері болмаса да, Қазақстан тарихынан іргелі зерттеулерге еніпкетті. Және осылайша ашаршылықтың демографиялық салдарлары туралы қорытындыларкөпе-көрінеу бұрмаланды.

Шетелдік ғалымдардың басым көпшілігі тәрізді РобертКиндлер де 1931-34 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық құрбандарын 1,5 млн адамдеп санайды. Бұл қазақтардың 3/1 астамы, республика халқының 4/1 деп, көпзерттеушілер көрсеткен мәліметті Роберт Киндлер де мақұлдайды. Осыайтылғандардың бәрі шын мәніңде шетелдік ғалымдардың зерттеуінде ешқандай дажаңашылдық, тың пікір немесе мәлімет жоқ екенін байқатады.                                                                    

Өкінішке қарай,  бұлмәселені өзіміздің тарихшылар да проблемаға айналдырып жіберді. Қазақстандықтарихшылардың бір тобы (Б.Төлепбаев, В.Осипов) осы аштықта 1,5 млн адамқырылғанын, тарихшыларымыздың және бір тобы (М.Қозыбаев, Ж.Абылғожин,М.Тәтімов) 1 млн 750 мың адамның өлгенін айтады. Бұл деректердің біразы нақтыдәлелдері болмаса да, Қазақстан тарихынан жазылған  іргелі зерттеулерге еніп кетті. Және осылайшаашаршылықтың демографиялық салдарлары туралы статистикалық қорытындыларөзіміздің тарапымыздан да көпе-көрінеу бұрмаланып кетті. Бұл жерде қазақстандықәріптестеріміздің, сондай-ақ осы тақырыпқа қалам тартуға құмар кейбіроқығандарымыздың 1992 жылы  22желтоқсанда жарияланған мемлекеттік комиссияның Қазақстандағы ашаршылыққұрбандарын 2 миллион 200 мыңдай адам деп көрсеткен ресми шешімін неліктенкөзге ілмейтіндері түсініксіз болып отыр.

 1930-1933  ашаршылық жылдарындағы қазақтардың саны  туралы

 Бұл өзі ашаршылық тарихын зерттеушілерүшін  аса маңызды, тіптен басты мәселедеген болар едік. Осы жылдардағы ауыл халқының, оның ішінде қазақтардың  санын бұрмалап көрсету  тарихи шындықтанадастыратынын кез келген зерттеуші ұмытпауы тиіс. Қазақ халқының 1930 жылдыңбасындағы нақты санын білмей, ашаршылықтан қырылғандардың пайыздық үлесінанықтау мүлде мүмкін емес. Бұл мәселеде мұрағат қойнауларында нақты деректер сақталғанын атап көрсетеміз.Негізінен, бұл Бүкілодақтық санақ көрсеткіштері. Олар бойынша 1926 жылдың соңында  Кеңестер Одағындағы қазақтың саны 3 млн 968мың адамды құраса, ал 1937 жылғы санақ мәліметі бойынша қазақтар – 2 млн 862мың адам, ал  1939 жылдың басындағысанақта 3 млн 842 мың адамды құрады.  Ашаршылықтыңдемографиялық салдарларын зерттеушілер әдетте осы мәліметтерді басшылыққа алады.

Алайда  бұл санақтарда қазақтардыңсаны бұрмаланып көрсетілгені ешкімді ойландыра қоймайды. Мұны дәлелдеу үшін1897 жылғы  халық санағына жүгінейік: бұлкезде қазақтардың саны 3,5 млн  адамдықұрады. Егер 1921-22 жылдардағы ашаршылықта қазақтардың  30 пайызы қырылғанын ескергеннің өзінде де,1926 жылғы халық санағының қазақтардың санын толық қамтымағанын байқау қиынемес. 1916 жылғы патша өкіметінің есепке алу санағынан қаймыққан қазақтар 1926жылғы санақтан жасырынып қалуға тырысты. Зерттеушілер осы мәселені ескере бермейді. Ал 1937 жылғы қаңтардағы  және 1939 жылғы қаңтардағы  санақтардағы қазақтар санын салыстырғандакейінгі санақ  көрсеткіштерінің қазақтарсанын асырып көрсететінін  байқау қиынемес. Өйткені 1937 жылғы санаққа жауапты адамдар (санақ басқармаларыбасшылары)  түгелдей атылған соң, 1939жылғы  санақты жүргізушілер  ашаршылық халықты жалмаған аймақтарда адамсанын (оның ішінде қазақтардың) үстемелеп көрсетуге  тырысты.Бұлай болмаған жағдайда соңғы санақты жүргізушілер де  алғашқылардың қасіретті тағдырын құшатын еді. Бұдан шығатын қорытынды: аталмыш Бүкілодақтық санақ мәліметтері 1930-33жылдардағы ашаршылық құрбандарының санын анықтауда негізгі дереккөз болаалмайды. Оларды мұрағат қойнауындағы әртүрлі мекемелердің  ресмимәліметтерін талдауда қосымша, жалпылама және жанама деректер ретінде ғана пайдалануғаболады. Өкінішке қарай,  шетелдіктердіайтпағанда, өзіміздің зерттеушілеріміз де біз атап өткен олқылықтарды ескеребермейді.

    Шындықты  іздестірер болсақ, басты деректер қатарынаХалық комиссарлар кеңесі жанындағы отырықшыландыру жөніндегі республикалықкомитеттің техникалық кеңесінің ресми мәліметтері басшылыққа алынуы тиіс.  Осы мекеменің 1931 жылғы 14 желтоқсандағымәжілісінде мемлекеттік жоспарлау мекемесінің ресми мәліметі тыңдалған. Бұлбойынша Қазақстандағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтар санының706 мың екені атап көрсетіледі. Олардың 42 мыңы, яғни 5 пайызы ауқаттылар қожалықтары еді(ҚазақстанРеспубликасы орталық мемлекеттік архивы. 1179-қ., 6-т., 9-іс, 125-п.).  Бұл дегеніңіз – сол жылдары  осы мекемеде қызмет жасаған М.Г.Сириустың есебі бойынша 4 млн 236 мың қазақ болып шығады. Ол кезде Қазақстандағы барлықауыл халқының (басқа ұлттарды қосып есептегенде) саны 5 млн 100 мыңнан асыптүсетін (Сириус М.Г. Перспективы развития сельскогохозяйства Казахстана. –М.,1926. 7-б.). Бірақ бұл деректердің  де кемшілігі бар: біріншіден, мұндаашаршылықтың алғашқы жылында қырылған қазақтар есепке кірмей қалған;екіншіден,  мұнда тек көшпелі жәнежартылай көшпелі қазақ шаруаларының саны ғана есепке алынған. Бұл  дегенмен десол жылдардағы қазақ  халқының 90 пайызғажуығы болып табылады. Отырықшы қазақтарды есептемегенде, осы жылдарықазақтардың 6 пайызға жуығы  қалалардатұрғанын ұмытпауымыз керек. Бұл жылма-жыл өткізілетін, біршама шынайы  қала халқының санағында көрсетілген.                                                                

Алайда  қазақ халқының  саны 1928 жылғы  ірі байларды тәркілеу науқанынан бастапқысқара бастағанын ескеруге тура келеді. Бұл мәселеде де бізде нақты дерек бар.1928 жылы қазақтардың барлық қожалықтарының саны 826 мың (яғни 4 млн 836 мың адам) екенін көреміз. Бұлардың 120 мың қожалығы отырықшы болса, 700 мыңнанастамы  көшпелі және жартылай көшпеліеді. Міне, қасіретті зобалаң қарсаңындағы қазақтың  саны осындай. 1937жылдың 14 ақпанында республика санақ басқармасының бастығы (ҚазНарХозУчет)Саматовтың Мәскеудегі бастығы Кравальға және Мирзоянға жолдаған мәліметібойынша, 1930 жылы 1 маусымда  ауылхалқының саны 5 млн 873 мың адам (оның ішінде қазақтар 4,5 млн-нан асып түсетін) болатын. Осылайша ресми деректерашаршылық қарсаңындағы Қазақстандағы  қазақ және басқахалықтардың ауыл шаруашылығындағы санын анықтауға толық мүмкіндік беретін бұлтарихты жазғанда ескергеніміз жөн. Бұл айтылғандарды дәлелдейтін жанама ресмидеректер де баршылық. Олардың ішінде Сталинге жазылған  «Алтаудың хатындағы» (Ғ.Исқақов, И.Қаболлов, Ж.Арыстанов, В.Айбасов, Ғ.Тоғжанов, У.Жандосов (ОразЖандосовтың ағасы) ресми мәліметтер де бар. Онда авторлар   ҚазақстанныңҚазСовНарКом-ының мәліметі бойынша, 800 мың қазақ шаруашылығынан  (4 млн 800 мың адамнан) 1932 жылдың көктемінде450 мың қазақ шаруашылығы (2 млн 25 мың қазақ) қалғанын  атап көрсетеді.  Мұндай мәліметтерді  мұрағат қорларынан  келтіре беруге болар еді. Алайда осыайтылғандардың өзі шындықты бейнелейді деген ойдамыз.

    Ашаршылықпен қабаттасқан қуғын-сүргін

Ф.Голощекиннің «кіші Қазан» науқандарында, әсіресе  ірі қазақ байларын тәркілеу барысында жаппайсаяси қуғын-сүргін орын алды. Архив қойнауларында осы кісілердің  799 жеке ісі сақталған. Бұлар Қазақстанныңбасқа аймақтарына жер аударылып, 1930 жылдың басында бай-кулактарды тап ретіндежою науқандары басталған кезде өлім жазасына кесілді. 1928 жылғы Сталинөзінің  Сібір сапарында мемлекеткебелгіленген бағамен астық тапсырудан бас тартушыларды РСФСР Қылмыстық істеркодексінің 107-бабы бойынша соттауды ұсынды. Осыған байланысты Қазақстанда 40мыңдай шаруа қожалығы (шамамен 200 мыңдай адам) сот жазалау органдарыныңшешімімен жазаланды. Бұл қуғындаудағы тәжірибені ОГПУ органдары кейінгі науқандардада пайдалана бастады.

 Тек 1929 жылғы 15 желтоқсанға дейінғана астық дайындау  барысындағықуғын-сүргінде 30 800 адам сотталды. 1928 жылдың 1 қазанынан 1929 жылдың 1желтоқсанына дейін сот  органдарытарапынан 125 адам ату жазасына бұйырылды. Ал ГПУ органдары осы уақытта 326адамды  жазалап, олардың 152-сін атыпжіберді. 1929-33 жылдар аралығында, яғни бес жылдың ішінде  Қазақстан ОГПУ-ның Үштігі  9805 істі қарап, 22 930 адамға жазалаушараларын қолданды. Олардың ішінде  3386адам ату жазасына кесілсе, 13 151 адам 10 жылға дейін мерзімге концлагерьлергежөнелтілді. Бай-кулактарды тап ретінде жою науқанында қуғын-сүргін асқынатүсіп,  56 498 адам  жауапқа тартылды. Күштеп ұжымдастыружылдарындағы  әртүрлі әлеуметтік-саясинауқандар кезінде 165 мың шаруа қуғын-сүргінге ұшырады. 1932 жылы 7 тамыздаМәскеуде жарық көрген социалистік меншікті қорғауға байланысты заңды орындаубарысында  тек заң әрекет жасаған алғашқыжылы ғана Қазақстан бойынша 33 345 адам сотталды. 

         Ашаршылықжылдары Қазақстанда  арнайы қоныстанушылар(спецпереселенцы) және ГУЛАГ тұтқындары ретінде 180 015 адам азап шекті. 1929-31 жылдары Қазақстанды  халықкөтерілістері шарпыды. Олардың 15-сі  бұқаралық сипат алып,күшпен басылды. КСРО  Халық комиссарларыкеңесі жанындағы  мемлекеттік біріккенсаяси басқарма органдарының өзі ғана 5551 адамды соттап, оның 883-ін атыпжіберді. Жалпы алғанда, бұл көтерілістерге қатысқан 80 мың адамның бәрі дерлікқуғын-сүргінге ұшырады. Созақ, Ырғыз, Сарқан және Өскемен-Зырян көтерілістеріндеғана жазалаушы әскери бөлімдермен қақтығыста мыңнан астам адам өлді. Ашаршылықжылдарындағы құрбандар санын есептегенде, бұлар сол шығынның ішінде кетеді. Осыжылдары Алаш қозғалысының басшыларына және оған қатысушыларға сот процестеріболғаны тағы белгілі. Орталық Қазақстандағы Абыралы-Шыңғыстау көтерілістеріне қатысушылардың кейбірі Алашқозғалысымен байланысты болғандар ретінде де айыпталды.                  

Мәскеу ашаршылық құрбандарытуралы деректерді қалай бұрмалады?

Мәскеудегімемлекеттік, партиялық органдар күштеп ұжымдастыру салдарынан опат болғанқазақстаңдық шаруалар туралы өздерінің ресми деректерінде үндемей кетуге немесеосы демографиялық қырғынды көтеріңкі санмен жауып көрсетуге тырысқандарынҚазақстан халқының алапат ашаршылық жылдарыңдағы жалпы санын көрсететінтөмеңдегі салыстырмалы кестеден де байқай аламыз:


Мерзімі

ҚАКСР-індегі халық саны

 

Айырмасы

(мың)

 

ҚаэХШЕБ-ның есебі (мың)

Мемлекеттік жос. ОХШЕБ-ы есебі (мың)

 

1/1-32 ж.

5877,7

6756,7

879,0

1/1-33 ж.

4906,1

6796,1

1890,0

 

-971,6

+960,6

 


Кестеденкөрінетіндей, егер Қазақстанның Халық шаруашылығы есептеу басқармасы (ҚазХШЕБ) көрсетілген12 айдың ішінде республика халқы санының 971,6 мың адамға азайып кеткенінкөрсетсе, ал Мәскеудегі мемлекеттік жоспарлаудың орталық халық шаруашылығыесебі басқармасы (ОХШЕБ), керісінше, жантүршігерлік ашаршылықтың барынша кеңөрістеген айларында Қазақстан халқының 960,6 мың адамға көбейгенін «есептеп»шығарған.

   Шындықты бұлайша көпе-көрінеу бұрмалаушылыққа,яғни ашаршылықтың демографияпық апатын жасыруға наразы болған ҚазақстанныңХалық шаруашылығы есептеу басқармасы бастығының орынбасары Н.Мацкевич өзініңБК(б)П Қазақ өлкелік партия комитетінің жауапты хатшысы Л.И.Мирзоянға 1935 жылы23 қыркүйекте жазған «Қазақ АКСР-іңдегі халықтың жалпы санын есептеулер туралыбаяңдау хатында» былай дегені бар: «КСРО мемлекеттік жоспарлауының ОХШЕБ 1930және 33-жылдары Қазақстан халқының қозғалысында орын алған, осы жылдары халықсанының көп төмендеуіне алып келген сізге белгілі процестерді объективті түрдекөзге ілмей отыр».

Бұданкөрінетіні – осы жылдардағы ұжымдастыру саясатының жергілікті халық үшін ауырсалдарларын Мәскеудегілердің жасырмақ болған әрекеті. Н.Мацкевич мұны айқын аңғарыпжәне әшкерелеп, өзінің хатында Л.И.Мирзоянға алапат ашаршылықты өз атыменатамай, «белгілі процестер» деп жұмбақтайды. Осы соңғы сипаттама 30-жылдардағыбасқа ресми құжаттарда да осылай айтылады.

Өйткені,жоғарыда айтып өткеніміздей, И.Сталин БК(б)П-ның XVII съезінде атап көрсеткенел санының 1933 жылдың соңына дейін 168 млн адамға жетуі туралы көрсеткіш 1937жылға қарай халық саны 180,3 млн адамға жетеді деп болжауға мүмкіңдік берген еді.Бірақ ашаршылық кесірінен бұл болжамның орындалмай қалуы санақшыларды қаттысастырды. Болжам жасауда орын алған тағы бір дөрекі қателік – «тұрмыс деңгейікөтерілген сайын (ал 30-жылдары ол шұғыл өсті деп саналды) халықтың саны даавтоматты түрде арта түседі деп түсінілді. Социализмнің капитализмнен негізгіартықшылықтарының бірі осыдан көрінуі керек еді. Халық санының автоматты түрдеөсетіні туралы жорамал ресми тұжырымдамаға айналды». Сталиншілдер бұл жердетағы бір басты нәрсені ескермеді: ғасырлар бойы мал шаруашылығымен айналысқанқазақ тәрізді көшпелі және жартылай көшпелі халықтың дәстүрлі тіршілігін зорлапөзгерту олардың тұрмысын жақсартпайтынын былай қойғанда, жалпыхалықтыққасіретке, демографиялық апатқа ұрыңдыруы әбден мүмкін еді. Шын мәнінде осылайболды да.

              Адам шығыны қандай?

ХХ ғасырдың ең ауыр қасіреті – 1931-33 жылдарыашаршылықтан адамдардың қырылып қалуы, осы жылдардағы орны толмас демографиялықапат.1931-33 жылдардағы адам шығынынәңгімелегенде біздің қазақ оқығандары мұндай қалыптасқан ауыр жағдайдың біздіңреспубликамызда ғана орын алмағанын, оның бұрынғы кеңес қоғамы тарихына тәнқатерлі құбылыс болып табылатынын естен шығарып алады. Сөзіміз дәлелді болуүшін 1931-33 жылдардағы аштықтан бұрынғы бүкіл КСРО-ға мүше елдерде қанша адамөлді деген сұраққа шетелдік тарихшылар көзімен қарап, әйгілі зерттеушілердіңтек шетелде жарық көрген еңбектерінен бір ғана үзінді берсек, біздің жоғарыдағыпікірімізді оқырман жақсы түсінер деп ойлаймыз.

М.Геллермен А.Некрич өздерінің «Утопия у власти» атты 1982 жылы шетелде жарық көргензерттеулерінде жалпы Кеңестер Одағындағы жағдай туралы былай деп жазады: «Онжыл өткен соң, Сталин Черчилльге: «Коллективтендіру жылдарында «кедейлер» «онмиллиондаған» «кулактарды» жазалады, оның үстіне аса «үлкен көпшілігінің»көздерін жойды», қалғандарын Сібірге жөнелтті» десе, ал Молотов 1935 жылы«ауқатты және тұрмысты кулактардың» 1928 жылы 5 618 000 шаруа жаныесептелгенін, ал 1 қаңтарда «кулакқа айналдырғаннан кейін 149 мың қалғанын»мәлімдеді. Тағы бір ресми дерек коллективтендіру қарсаңында елде жойылуы тиістаптың өкілдері 6,8 миллион адам болғанын есептеп көрсетеді. Орыс АлександрОрлов тіптен Сталиннің саясатын көтере марапаттайтын кейбір шетелдікжурналистердің өздері де Кеңестер еліндегі аштық құрбандары саны 5-7 миллионадамға жетеді деп бағалайтынын хабарлайды. Ал ресми мемлекеттік мекеме – ОГПУСталинге берген мәлімдемесінде бұл цифрды 3-3,5 миллион деп атап көрсетеді.Совет демографы Б.Урланис 1932 жылдың соңынан 1933 жылдың соңына дейін халықтың7,5 миллион адамға қысқарғанын айтады. Мүмкін болған барлық есептеулердісалыстыра келіп, біз жоғарыда атаған шетелдік Роберт Конквест 1929-33 жылдардағыКеңестер Одағындағы аштық пен аурулар құрбандықтарының 5-6 миллионға жуық адамсанын абайлап айтады. Қазіргі жазбаларға Е.Юрьевский деген бүркеме атпенэкономикалық шолулар жазған зерттеуші Н.Валентинов «Сталиндік аграрлық реформа»жылдарында туғандар саны азайған елдің халқының революцияға дейінгі кезеңіндеқалыпты қозғалысымен салыстырғанда ең кемі 14,8 миллион адамды жоғалтқанынсанап шығады. И.Г.Дядькин 1976-78 жж. «өзі басатын баспадан шыққан мақаласында1929-1936 жж. халықтың кемуін 15,2 миллион адамға бағалады. Ғалымды тұтқындағанөкімет бұл сандардың дәл екенін дәлелдеп берді».

Жоғарыда құлаққағыс қылдық,қазақстандықтар да аштан өлген қазақтардың сандарын әртүрлі айтып жұр. ТіптенҚазақстанды зерттейтін шетелдік тарихшылар да әртүрлі сандарды көрсетеді.

Қазақстанның егіншілік халық комиссариатының (Наркомзем) мәліметтері бойынша1930-32 жылдары Қазақстандағы ауыл халқының кемуі 1 831 441 адам деп көрсетіледі. Бірақ бұл Қазақстанда әлі де алапаташаршылық аяқтала қоймаған кезеңдегі, яғни толық емес мәлімет болып табылады.Ашаршылық 1933 жылы да жалғасып, осы бір жылдың ішінде ғана Қазақстандағы ауылхалқының кемуі Қазақстан халық шаруашылығы есебі мекемесінің бастығы  М.Саматов көрсеткен мәлімет бойынша 723,5 мыңадамды, ал оның орынбасары Н.Мацкевич көрсеткен алғашқы мәлімет бойынша1 070 005 адамды құраған. Мұндағы алғашқы көрсеткіш қазақтарға қатысты, алкейінгі көрсеткіш жалпы ауыл халқын бейнелейді деп алар болсақ, қазақтардың1930-33 жылдардағы аштан қырылу көрсеткішінің 2 млн 200 мың адамнан асып кететінін тағы да мойындауға мәжбүр боламыз.Егер де архив қойнауындағы «алтаудың»И.Сталинге жазған мәліметтеріне және осы кезеңдегі санақ материалдарына назараударар болсақ, жоғарыдағы халық кемуінің 2 млн 100 мыңнан астамы тікелей аштыққұрбандықтары болып табылатынын аңғара аламыз(ҚазақстанРеспубликасы орталық мемлекеттік архиві. -1179-қ., 6-т., 9-іс, 125-п.).

Кезінде Қазақстан билігі бұл мәселеге саяси бағасын берді. Жоғарыдаайтылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі төралқасының осы мәселелердізерттеген комиссиясы өзінің қорытындысында тарихшы демографтардың жүргізген алдынала талдаулары «Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақтабиғи өлім деңгейінің үнемі жоғары болуынан 2 млн 200 мың адамынан, яғнибарлық қазақ халқының 49 процентінен айырылғанын» дәлелдегенін атап көрсетеотырып, сонымен қатар «қасірет құрбандарының саны туралы мәселе әзірге ашыққалып» отырғанын да ескертті. («Егемен Қазақстан», 1992 ж. 22 желтоқсан.).

Қорыта келгенде айтарымыз, Қазақстандағы  ашаршылық тарихы, әсіресе 1930-33жылдардағы  халық қасіреті әлі детарихымызда  бұрмаланып келеді.  Осы кезеңдегі Қазақстан тарихын жаңаша жазғанкезде  мынадай мәселелерге  назар аудару қажет. Біріншіден, Қазақстандағы1931-33 жылдардағы ашаршылық құрбандары туралы айтқанда түсінікті себептерменадам санын дәлме-дәл көрсету мүмкін емес. Алайда осы мәселеге байланысты архивқойнауында біршама нақты деректер сақталғандықтан, шындыққа жақын қорытындыларжасай аламыз. Мұндайда, негізінен, ауылды мекендеген қазақтардың аталғанжылдары кемуі 3 миллионнан асып кеткенін, алайда оның 1 миллионға жуығы тіріқалған босқындар болып табылатындықтан, аталған ашаршылықта 2 миллионнан астамқазақ қырылды, ал бұл республикадағы қазақ халқының жартысына жуығы деп қорытындыжасауға тиіспіз. Мұндай қорытынды жоғарыда аталған осы мәселеге байланысты  өкімет комиссиясы құрамына енген ғалымдартұжырымына да сәйкес келеді.

Екіншіден, Қазақстандағы 1931-33жылдардағы ашаршылық тақырыбы Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 30 жылға жуықуақыт болғанына қарамастан, дүниежүзілік тарихнамада әлі де өзектітақырыптардың бірі болып отыр. Оның басты себебі – шетелдік зерттеушілердіңбасым көпшілігі ашаршылықтың басты себептерін анықтауда әртүрлі көзқарастардыұстанып отыр. Мысалы, жоғарыда бірнеше рет аталған Роберт Конквест ашаршылықтыңбасты себебі ретінде сталиндік қуғын-сүргінді және күштеу реформасын алғатартса, ал басқа зерттеушілер 1931-32 жылдары бүкіл Кеңестер Одағында жәнеҚазақстанда егіннің шықпай қалуын, құрғақшылықты аталған қасіреттің бастысебебі ретінде ұсынады. Біз Қазақстан жағдайында егіннің шықпай қалуы негізгіемес, қосымша себеп болды деп ойлаймыз.                          Әрине, Қазақстандағы ашаршылықтыңсебептері бірнешеу, олар сол тұстағы республика басшысы Голощекиннің 1926-28жылдардағы «кіші Қазан» реформасынан бастау алады. Осы науқандағы 1928 жылғы іріқазақ малшыларын  (байларын) тәркілеуашаршылықтың алғашқы бастау себебі болып табылады. Сонымен бірге көшпелілердікүшпен ұжымдастыру, зорлап отырықшыландыру, ауылшаруашылық өнімдеріне салықсалу, астық және ет салығының үздіксіз қолданыста болуы, 1929-31 жылдардақазақтардың жоғарыда аталған науқандарға қарсы көтерілістерін әскери күшпенқырып-жойып, басып-жаныштау және т.б. қазақтарды жаппай босқыншылыққа ұшыратып,халықтың берекесін қашырып, елде ғаламат ашаршылықтың орын алуына негіз болды. Бұлсебептердің арасында әсіресе қазақтардың негізгі шаруашылығын құраған жәненегізгі тамақтану көзі болып табылатын дәстүрлі мал шаруашылығын күшпенкүйрету, жоғарыда аталған ет және астық салығының толастамауы қазақтардың аштанқырылуына алып келді. Қазақтардың 1931-33 жж. аштан қырылуы Қазақстанның өзіішінде де жоғарғы мемлекеттік деңгейде қорытындыланған жоқ. 1992 жылы 22желтоқсанда жарық көрген парламенттік комиссиясының осы мәселеге байланыстықорытындыларындағы ұсыныстар шын мәнінде ресми билік тарапынан ескерусіз қалды.

Үшіншіден, бүгінде  қазақ көшпелілерінің аштан қырылуын «геноцид»деп сипаттауға бола ма деген сауалға әлі ресми жауап жоқ. Геноцид туралыайтқанда 1948 жылы БҰҰ бекіткен осы мәселеге байланысты қағида басшылыққаалынады. Алайда бұл беделді халықаралық ұйымның геноцидке байланысты анықтамасындақазақ тәрізді дәстүрлі қоғамда өмір сүрген халықты тоталитарлық биліктіңреформалау саясатының қатыгездігі және адамгершілікке жат мәні жаппай қырғынғаұшыратуын қалай сипаттау керек деген мәселеге қатысты тұжырымдар жоқ.  Бұл халықаралық конвенцияда геноцид дегенұғым бір халықты немесе ру мен тайпаны басқалардың оларды жойып жіберу үшін  әдейі қасақана,  қаскүнем шаралар ұйымдастыруын бейнелейді. Алшын мәнінде халықты жойып жіберуді алдына мақсат етіп қоймаса да, билікжүргізген саясат немесе реформа халықты жаппай қырғынға ұшыратуға алып келсе,яғни  жүргізілген шаралардың нәтижесі геноцидтіңқорытындысымен  бірдей болып шықса, оғанқандай баға береміз деген сауалға БҰҰ-ның жоғарыдағы анықтамасы нақты жауапберуі тиіс. Сондықтан да бұл халықаралық ұйымның шешімін осы мәселегебайланысты қайта қарап, толықтыру керек шығар.

Осыған байланысты мынадай пікірқайшылығы орын алып отыр: геноцид туралы БҰҰ-ның ұстанымына және шешімінесәйкес келмейтіндіктен, бұл мәселе туралы нақты пікір айтудан шетелзерттеушілерінің көпшілігі жалтарса, ал қазақстандық мәдениет қайраткерлері бұлқасіретті геноцид ретінде сипаттауды ұсынады. Қазақстандық зерттеушілер қазақхалқының жартысына жуығын қырғынға ұшыратқан бұл ашаршылық науқанының этникалыққылмыс, яғни этноцид екенін айтып жүр. Бірақ архив қойнауында аталған тарихикезеңде Кеңестер Одағының большевиктер партиясының және үкімет органдарыныңқазақтарды қырғынға ұшырату туралы арнайы шешімдерінің болмауы жергіліктіғалымдардың өз зерттеулерінде қазіргі геноцид ұғымына және түсінігіне сайсипаттаулар жасауларына кедергі болып отыр. Дегенмен де бұл ашаршылық өзініңсалдарлары (себептері тұрғысынан емес) мен қорытындылары жағынан  геноцид деп тұжырымдауға сәйкес келеді,өйткені осы зұлматта республикадағы қазақ халқы жеке ұлт ретінде мүлде жойылыпкете жаздады.                      Әрине,мұндайда біз Кеңестер Одағы басшылығының жүргізген шаралары жалғыз қазақхалқына ғана емес, барлық қазақстандық ұлттарға бағытталса да, яғни олардыңсипаты интернационалдық бола тұрса да, нақты нәтиженің ұлттық қасіретке алыпкелгенін ескереміз. Міне, сондықтан да БҰҰ-ның геноцид туралы жоғарыдаайтылған  конвенциясы біз айтқанерекшеліктерді ескере отырып қайта қаралуы, толықтырылуы,  яғни өзгертілуі тиіс деп  ойлаймыз.


ТаласОМАРБЕКОВ,

Әл-Фарабиатындағы ҚазҰУ жанындағы Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерттеуорталығының директоры



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04