Асхат Асылбеков: Әділ мемлекет пен қоғам құру үшін заңнамалық базаны өзгерту қажет

Сайт әкімшілігі

12.01.2022, 14:07

1212

Қазіргі таңда еліміздегі ахуалға байланысты қоғамда жалпыұлттық рефендум өткізу керек, Ата заңымызға өзгерістер енгізу маңызды екенін айтып жатқандар аз емес. Өйткені соңғы уақыттары әділетсіздік жағдайларға душар болғандарын айтып, наразылығын білдірушілердің қатары көбейгені рас. Ал президент Қ.К.Тоқаев осыдан екі жыл бұрын үкімет «еститін мемлекетке» айналуы тиістігін айтқаны есімізде.

          Қазақстан заңдарына кейінгі жылдары енгізілген өзгерістерге және оның кем-кетігіне қатысты пікір білдіріп жүрген заңгер әрі саяси сарапшы Асхат Асылбековке құлақ асатын болсақ, әділетті қоғам құру үшін Қазақстан Республикасының Конституциясына түбегейлі өзгерістер енгізу маңызды.           

          ‒ Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзіне қатысты айтар болсам, біз Конституцияға өзгеріс енгізу туралы ештеңе естімедік. Ал Ата заң түбегейлі өзгерісті қажет етеді. Қандай өзгеріс? Олар: Бір палаталы парламентке қайтып келу; Қазақстан азаматтарына партияға қатысы бар-жоғына қарамастан сайлану құқығын қайтару; партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарға 30%-ды қалдырып, ал орындардың 70%-ын бір мандатты округтерге бере отырып, парламентті мажоритарлық және тепе-тең (пропорционал) жүйелер бойынша қалыптастыру; Бақылау Палатасын заң шығарушы органның құрамына қайтару; Парламент сайлайтын Конституциялық сотты қалпына келтіру; судьялардың сайлануы және сот жүйесінің тәуелсіз болуы; барлық деңгейдегі әкімдердің сайлануы; президенттің өкілеттігін шектеу; президенттік-парламенттік республикаға көшу; жер қойнауын халыққа қайтару және пайдалы қазбаларды сатудан әрі қайта өңдеуден түскен кірістерді барлық азаматтар арасында бөлу; Ұлттық қорды халықтың бақылауы негізінде қалыптастыру; Конституцияда нақты критерийлерді көрсете отырып, «әлеуметтік мемлекет» ұғымының толық ашылуы – тегін медицина, тегін білім беру, тегін балабақшалар, халықпен келісілген зейнетақы, барлық азаматтар үшін тегін тұрғын үй, мемлекет есебінен коммуналдық қызметтерді төлеу; қоғамның бір бөлшегі – отбасын құру кезінде, балалардың тууы кезінде мемлекеттің жеткілікті деңгейде қаржылық көмек көрсетуі; еліміздегі қарт кісілер мен егде тартқан азаматтары үшін лайықты жағдай жасау: жоғары зейнетақы, ақысыз қызмет көрсету және қарттар үйіне орналастыру; мемлекеттің мәдениетті, өнерді, спортты, қоғамдық ұйымдарды барынша қаржылық және материалдық тұрғыда қолдауы; бай азаматтарға прогрессивті салық енгізе отырып, орташа өмір сүру деңгейіндегі ең төменгі жалақыға кепілдік беру; халық үшін несиенің төменгі шекті мөлшерлемелерін белгілеу арқылы елдің банк жүйесін халыққа қызмет етуге бағындыру; экономиканың ресурстықтан бүкіл тауар түрлері мен күрделі машина жасау өнімдерін өндіруге көшуін барлық тәсілдермен қолдау; еңбек етушілердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарына кепілдік беру, кәсіптік одақтардың мемлекеттен тәуелсіз қызметін қолдау; кәсіподақ ұйымы жоқ компаниялардың мемлекеттік қаржыландыруды пайдалануына жол бермеу; Акциздердің, баждардың және салықтардың барлық спектрін, соның ішінде өндірушіге арналған салықтық демалыстарды қолдана отырып, ел ішінде өнім өндіру үшін салық кодексі мен басқа да заңдарды тиімді ету; ұлттық компанияларды квазимемлекеттік сектордан министрліктерге қайтару.

Сол сияқты сот жүйесі, ауыл шаруашылығы және жерге жеке меншік ету туралы, геологияның жандануы және ғылым салаларына өзгерістер керек.

Бәрін заңдар арқылы өзгерту керек, бірақ Конституцияда түбегейлі өзгерістер жасау үшін барлық негіз қалануы тиіс.

Егер Тоқаев оны екінші кезеңге қалдырса, мұны да түсінуге болады. Бай-бағландар мен кландар арасынан өзіне қарсы оппозицияны күшейтпеу үшін сөйтуі мүмкін. Алайда, егер Тоқаев халықтың өмір сүру жағдайларын түбегейлі өзгертпесе және Конституцияға өзгерістер енгізбесе, онда ол дұрыс емес. Кез-келген дәрігер аурудың салдарын емес, оның себебін анықтап, емдеу керек екенін біледі. Сондықтан мемлекетті басқару бойынша да әділ мемлекет пен қоғам құру үшін заңнамалық базаны өзгерту қажет.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:00
Мектеп формасының құны 25-30% қымбаттады
Әділ АҚЫЛБАЙ 05.08.2022, 08:28
"Жасыл Қазақстан": Су ресурстарын басқару жөніндегі жобаның берері мол
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 16:28
Шолақайдағы жантүршігерлік оқиға: күдікті туралы деректер айтылды
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 15:30
Қашықтан оқыту енгізілмейді
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 14:30
Қазақстанның солтүстігі Ресейге қосылуы керек деп мәлімдеген ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Аңдатпа


  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47