Әсіредіндарлық анаға ажал құштырды

14.09.2018, 19:38

194

Қыркүйектің 12-сі күні Атырау облыстық перинаталдық орталығында 25 жастағы Марта Баймұханова көз жұмды. Ол жүктіліктің 38 аптасында болған. Аталған орталықтың директоры Қуаныш Нысанбаевтың мәліметі бойынша, марқұм онда сағат 8:55-те өте ауыр, клиникалық өлім  жағдайында түседі. Бір сағат ішінде оның жүрегі үш  рет тоқтап, сағат 10:10-да қайтыс болғаны тіркелген. Ақ халаттылар қанша тырысса да әйелдің өмірін құтқарып қала алмаған.Өкінішке қарай, мұнайлы өңірде бұрын-соңды да мұндай өкінішті жағдайлар орын алған еді. Алайда, дәл осы жолы қайғылы оқиғаның жай-жапсары бірнеше тәулік бойына құпия ұсталды. Белгілі болғандай, көз жұмған келіншек салифилік бағытты ұстанған. Бір деректер бойынша, оның намазхан күйеуі «скорыйдағы» ер адамды «әйелімнің әуретті жерін қарайды»  деп кіргізбей бір сағат үйде отырған, соның салдарынан, әйелі комаға түсіп кеткен.- Ондай жағдай болған жоқ. Жедел жәрдемдегі әйел адам болды. Тек Марта үйдегі кішкентай балаларды ойлап әрі ертең керек-жарағын жинақтап, алып барайын деген оймен бармайтынын айтып, қолхат жазып берді. Ешкімге ешқандай талап-арызым жоқ, — деп қысқа қайырды марқұмның күйеуі Бектас «Жас алаш» тілшісіне берген сұхбатында.Сондай-ақ, бейресми дерек көзі М.Баймұқанованың мәйітін мәйітханаға беруде де жамағат тарапынан қарсылық болғанын жеткізеді. Бүгін оның денесі жер қойнына тапсырылды.P.S. Осы мәселеге орай, бүгін сағат 16.00-де Аймақтық коммуникация орталығы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен жедел медициналық көмек станциясы басшыларының қатысуымен брифинг өткізбек. Онда анықталған жайларды «Жас алаш» тілшісі қосымша хабарлайтын болады.Фото: YK-news.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді
Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ 20.10.2021, 12:35
Телеарналардағы ағаттықтың алдын алу керек
Нүкен БЕЙСЕНҒАЗЫ 20.10.2021, 10:03
Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31