Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..

Жарас КЕМЕЛЖАН

12.05.2022, 08:12

2923

Бұрын әскерге бару абырой саналатын. Қазіргі жастар әскерге барудан қашады. Өйткені әскерде бұрынғыдай жүйе, тәртіп жоқ. Кеңес одағы кезінде де әскерде ұрып-соғу, жаңадан барғандарды «тәрбиелеу» деген сияқты қалыптасқан дәстүр болған. Қазір де бар. Бірақ бұрынғыға мүлде ұқсамайды. Қазір армияның уақыты 1 жыл ғана. Соның өзінде барған бала Ант қабылдамай жатып асылып өліп, құлап жазым болып жатады. Айыпты кім? Жауап беретіндер неге табылмайды? Неге жыл сайын Отан алдындағы міндетін өтеуге барған балалар үйіне табытпен қайтатын болды? Неге бәрінің өлім қағазы бірдей?

Өткен аптада ғана баласының шырылдағанына шыдамаған әйел әлеуметтік желіде ұлының жанайқайын жариялады. Оны кейін заңгерлер де өз парақшаларына салып, бассыздықтың алдын алу туралы мәселе көтерді. Таралған ақпаратқа сенсек, әскерге жаңа барған баласына сол жердегі әскери қызметкерлер әлімжеттік көрсеткен көрінеді. Тіпті біреуі «Осыдан айтсаң «анау» боласың, «мынау» боласың» депті. Тырнақшаға алып отырғанымыз, офицерлер өте анайы сөз айтқан. Оны мұнда жазудың өзі ұят.

Ал бір айдың алдында Отанын қорғаймын деп барып, сегіз күннен кейін опат болған Әлібек Қалбайдың тағдыры да ешкімді бей-жай қалдырмайды. Әлібекті түнде бір офицер алып кеткен. «Қызым боласың, атың Айжамал» деген. Міне, осының өзі әскердегі әлімжеттік тек ұрып-соғумен шектелмейтінін, жігіттердің намысын аяққа таптау, зорлау фактілері бар екенін көрсетеді. Оның алдында Қырғызстан территориясынан өлігі табылған сарбаздың ісі ше? Ол да бітеу жара болып қалды.

Былтыр армияға барып көз жұмған қызылордалық бозбаланы ешкім ұмытпаған шығар. Оған да әлімжеттіктің осы өрескел түрі жасалған. Жас жігіттің құлағын тесіп, есінен адастырды. Белгілі заңгер Ләззат Ахатова фейсбуктегі парақшасында: «Қызылордалық жігіттің ісін бір әріптесім жүргізді. Бейшара баланың қалай қорланғанын естігенде, төбе шашың тік тұрып, өмірден түңіліп кете жаздайсың. Зорлық та көрген. Құлағын кескен, әбден қорлаған. Есінен ауысқан ақырында» деп жазды.

Міне, тәуелсіз Қазақстанның армиясындағы жағдай осы. «Қазіргі жастар Отан алдындағы міндетін өтегісі келмейді. Бұлар қиыншылықтан қорқады, анау-мынау» деп айыптағанға бәріміз шеберміз. Бірақ соның төркініне үңілген кім бар? Қорғаныс министрі: «Өкпелесең көшіп кет» дейді. Ал офицерлер: «Қызым боласың» деп, кісілікке жат қылық көрсетіп жүр… Осыдан кейін кім әскерге барып Отан алдындағы міндетін өтеуге асығады? Жаңа Қазақстан құрамыз десек, ең алдымен әскердегі осындай бассыздықты тыйып, армияға түбегейлі реформа жасауымыз керек.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 06.06.2023, 16:45
Құс қорегіне айналған алқап
Еркенұр ҚОНЫСБАЙ 06.06.2023, 13:46
Жұмыс, бизнес, жастарға арналған несие...
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 16:30
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 11:18
Халықтың демалуға ақшасы жоқ
М.СӘУЛЕБЕК 02.06.2023, 09:00
Қаскөйлер онлайн да опындырады
Бифат ЕЛТАЕВА 31.05.2023, 14:55
Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11