Әскери білім - халықаралық ынтымақтастықтағы маңызды басымдық

Сайт әкімшілігі

07.04.2021, 16:15

775

Қазақстанда жоғары әскери білім беруді дамыту курсы тәуелсіздік алғаннан кейін және өзінің Қарулы Күштерін құрғаннан кейін бірден қабылданды. Өйткені, әскердің қорғаныс қабілеті офицерлер мен сержанттардың дайындығына, олардың біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Әскери оқу орындарының қабырғаларында қазіргі заманғы әскери техниканы және қазақстандық армияға жеткізілетін күрделі, жоғары технологиялық қаруды игеруге мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттіліктің негіздері қаланады. Бүгінгі күні елімізде қазақстандық армияның даму перспективаларына сәйкес келетін және ішкі және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ұлттық көп деңгейлі әскери білім беру жүйесі қалыптасқан. Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің әскери оқу орындары, әскери кадрларды бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша дайындайтын жоғары оқу орындары табысты жұмыс істеп тұр. Және де осы бағыт бойынша халықаралық ынтымақтастықпен білім алу мүмкіндіктері де мол.

 Жалпы,  Қазақстандағы аумақтық әскерлер  құрылымы бар. 

Бұл өте жас құрылым. 2017 жылы құрылған, биыл төрт жылдығын атап өтеді. Бір сөзбен айтқанда аумақтық әскерлер – елді ішкі және сыртқы қол сұғушылықтан қорғайтын, Отанды аман аалып қалу үшін халықты ортақ мүддеге жұмылдыратын, сөздің тура мағынасында айтқанда мемлекеттің сақтандыру жүйесі.        

Содан да болар көптеген шет елдерде тұрақты әскерлерден құралған армиялармен қатар, аумақтық әскери құрылымдар да бар. Мәселен, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Дания, Италия, Литва, Латвия, Нидерланды, Норвегия, Польша, Франция, Швеция, Финляндия мемлекеттерінің азаматтары аумақтыұ әскер құрамында болғандарын мақтан тұтып, жоспарлы әскери дайындыққа үлкен құрметпен қарайды және міндетіміз деп есептейді.

Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдары ішінде аумақтық қорғаныс құрылымдары бірнеше мәрте қайта құрулардан өтті. Әуелі жергілікті атқарушы органдардың құрамында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ретінде жұмыс істеді. Құрамы көбінесе доғарысқа шыққан бұрынғы әскери қызметшілерден жасақталды. Тек жаппай әскерге шақыру кезінде ғана аумақтық әскери құрылымдар ҚР Қарулы Күштері қатарына кірді. 2011 жылы олар Бас штабтан Құрлық әскерлері бас қолбасшылығы басқармасына берілді.

Бірақ, уақыт кез келген шешімге өз өзгерісін енгізбей қоймайды. Әсіресе, Таяу Шығыстағы (Сирия, Ливия, Ливан) қарулы қақтығыстар, Украинадағы шиеленіс біраз мәселеге жаңаша көзқараспен қаруға мәжбүрледі. Яғни, енді Қазақстандағы барлық әскери ұйымдар бірыңғай уәкілетті меммлекеттік орган – ҚР Қорғаныс министрлігінің басқаруына өтті. 2016 жылы ҚР ҚК аумақтық қорғаныс Бас басқармасы құрылды. 2019 жылы ол Департаментке айналды.

Аумақтық әскерлердің тиімділігі, әсіресе, 2020 жылы елімізде коронавирус пандемиясы белең алған кезде ерекше білінгенін айтуымыз керек. Дертке байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген кезеңде әскери міндетті азаматтар аумақтарда арнайы оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, тәжірибе жинақтады. Сандарды сөйлететін болсақ, еліміз бойынша арнайы оқу-жаттығу жиындарына 1500-ден аса әскери міндеттілер шақырылды. Оның сыртында 3 мың адам өз еріктерімен сұранып, жиынға келді. Аумақтық қорғаныс бригадаларының әскери міндетті қызметшілері жедел штабтарда, блокпостарда кезекшілікте болды, көшелерді күзетуге қатысты, емдеу орындарын қадағалады, карантиндік нысандарды қоршап, бұқырлау жұмыстарын жүргізуге көмектесті. Оған қоса Түркістан облысында орын алған төтенше жағдайдың салдарын жоюға көмектесті. Күні бүгін аумақтық әскерлер алдарына қойылған барлық міндеттерді абыроймен атқарып, еліміздің тыныштығы жолында адал қызмет атқарып отыр деп сеніммен айтуға толық негіз бар.  

Жaлпы, Қaзaқcтaнның Қaрyлы Күштeрі Ұжымдық қayіпcіздік кeліcімі шeңбeріндe бірлecкeн жaттығyлaр мeн оқытyлaр өткізy тәжірибecін жaлғacтырyғa мүддeлі. Мәceлeн, жыл caйын Рeceй мeн Бeлaрyccияның әcкeри оқy орындaрынa әcкeри қызмeтшілeр жібeрілeді, олaр aқыcыз жәнe жeңілдік нeгізіндe оқытылып жaтыр. Рeceйдің әcкeри оқy орындaрындa біз қaзіргі қaжeттіліккe cәйкec қaрyлы күштeрдің бaрлық түрлeрінe мaмaндaр дaярлaнyдa. Мұның бәрі тeгін жүрeді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 12:27
Қазақстан – БҰҰ: мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнама
Сайт әкімшілігі 11:19
ҚазҰУ-дағы жатақхана құрылысының анық-қанығы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:40
Бекшин мен Қиясовтың қаулысы елді індеттен құтқара ма?
Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58