Әскери қызметкерлерді вакцинациялау наурызда басталады

Сайт әкімшілігі

15.02.2021, 17:04

1090

Қазақстан Қарулы Күштерінде коронавирусқа қарсы вакцинация 2021 жылы наурызда басталады. Қорғаныс министрлігі жеке құрамның вакцина қабылдайтын басым санаттарын анықтады, — деп хабарлайды  Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Қазіргі уақытта вакцинацияға дайындық жүріп жатыр. Қарулы күштерді вакцинациялау 2021 жылы наурызда басталады. Екпе қабылдауда жеке құрам маңыздылығына қарай санаттарға бөлінді. Әскери және азаматтық қызметтегі қызметкерлер берген пікірлерді зерттеп, олардың коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауды қолдайтынын анықтадық", — делінген Қорғаныс министрлігінің «Жас Алашқа» жіберген хабарламасында.

Ведомство Қарулы Күштерде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны елдегі орташа көрсеткіштен едәуір төмен екенін айтты. Бұл, Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жауынгерлік даярлық пен оқу-жаттығу шараларын толық өткізуге, жауынгерлік әзірлікті қажетті деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Нұрлан Ермекбаев жауынгерлік даярлық шараларын қысқартуға, жауынгерлік даярлықты төмендетуге жол берілмейтінін айтты. Ол коронавирус инфекциясының таралуына қарсы профилактика шараларын жетілдіруді тапсырды.

«Шара түсіндіру жұмыстарын және сарбаздар денсаулығының күнделікті мониторингін, сондай-ақ жоспарлы вакцинацияны, жеке құрамның жоспарлы ПТР-сынама тапсыруын, ал қажет болған жағдайда білікті медициналық көмек көрсетуді қамтуы тиіс. Қарулы Күштердегі, аймақтық қолбасшылықтардағы, қарулы күштер бөлімшелері, әскери бөлімдер мен мекемелердегі эпидемиологиялық жағдай жауапкершілігі бас қолбасшы, командир мен бастықтарына жүктелген», — деді Қорғаныс министрлігінің өкілдерін 

Тегтер: вакцина медицина құқық қорғау ішкі істер министр құқық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 19:47
Байбек: Nur Otan-ның сайлауалды уәделері өңірлерде 14%-ке іске асырылды
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 24.09.2021, 13:06
Баланың мұңын кім тыңдайды?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2021, 10:08
Солтүстік қазақылана бастады
Әдина ЕРҚАРАЕВА 23.09.2021, 17:30
Құл ететін құмар ойындар
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.09.2021, 15:40
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 22.09.2021, 14:20
Аралас мектептер азаюдың орнына артып кетті. Неге?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39