Астаналық мұғалімдер сайлау науқанына жегілмейді

17.04.2019, 00:05

4

Елорда әкімдігі биылғы президент сайлауына мектеп мұғалімдерінің араласпайтыны жайлы мәлімдеме жасады.

Еуразия арнасының хабарлауынша ұстаздар мәжбүрлі түрде жұмысқа жегілмейді, оған қосымша дауыс беру, бермеуді де өздері шешеді. Ал, әкімдік тек үгіт-насихат ретінде дауыс беруге шақырады.

Бұған дейін өткенсайлаулардағыдай көше-көшені аралап, үй-үйдің есігін қағып, сайлау науқанын «қыздыратын»мұғалімдердің орнын кім басады? Қала билігі бұл мәселені жұмыссыз азаматтар менстуденттерді тарту арқылы шешпек.

Айта кетерлігі,бұл артықшылық әзірге тек астаналық мұғалімдерге ғана қатысты. Қалған өңірлермен облыс орталықтары әзірге мұндай мәлімдеме жасаған жоқ.

— Біз сайлау комиссиясының құрамына кіруге ешкімді мәжбүрлеген жоқпыз. Сайлау комиссиясы тиісті тәртіп бойынша әр бес жыл сайын жаңартылып отырады. Қазіргі комиссияның ішінде әр түрлі санаттағы адам бар. Мұғалімдер де, басқа да мекеме ұйымдардың қызметкерлері кірген", — дейді қала әкімі аппараты басшысының орынбасары Азамат АХМЕДЖАНОВ.

Ахмеджанов айтқантізімнің ішіндегі мұғалімдер мәжбүрлі түрде емес, өз еріктерімен кіріпалғандар. Өйткені, сайлау десе шаба жөнелетін мұғалімдер бұл науқанға даараласуға ниет танытыпты.

Мұғалімдернегізінен тегін жұмыс күші ретінде пайдаланылып келгені жасырын емес. Үй-үйдіаралап, түн баласы көше кезіп жүретін мұғалімдерге де көз үйренген. Бір қызығысоның барлығы ешқандай қосымша ақшаға емес, істеп отырған жұмысынан айрылыпқалмау үшін ғана «жалданатын». Ал биылдғы сайлауда ондай мәселелер болмайды.Өйткені, сайлау науқанына араласқан барлық азаматтарға арнайы ақша төленуге тиіс,өйткені, биылғы сайлауға мемлекеттік бюджеттен 9 млрд 348 млн теңге бөлінді,оның 70 пайызы азаматтардың еңбекақысы үшін қарастырылғанын айтылуда.

Биылғы сайлаудыңәділ әрі таза өтуіне уақытша президент Тоқаевтың өзі кепіл болатынын мәлімдегеніесте. Егер, мұғалімдерді сайлауға қатысуға, жұмысқа мәжбүрлеуге куә болсаңызнемесе директор дауыс көтеріп, қыр көрсетіп жатса 109 нөміріне қоңырау шалып,шағымдана алады. Және бұл тек мұғалімдерге ғана емес, барлық бюджеттік мекемегеқатысты.

Ал, науқанғаараласатын жұмыссыздар мен студенттер көше-көшені аралауға шыққанда қастарындаполиция қызметкерлері бірге жүретін болады.

ҚазақстанРеспубликасы президентінің кезектен тыс сайлауы 9-маусымда өтеді.

Фото: matritca.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04