Ата-аналар онлайн-білімге тыйым салуды сұрап, Тоқаевқа үндеу жолдады

Сайт әкімшілігі

08.09.2020, 08:33

310

Қазақстандық ата-аналар Citizensengo.org платформасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Білім министрі Асхат Аймағамбетовтің атына петиция жариялады, онда мектеп оқушыларға онлайн режимінде білім беруді тоқтату талап етіледі, деп хабарлайды «Жас Алаш»  zakon.kz.-ке сілтеме жасап. 

— Біз, Қазақстан мемлекетіндегі балалардың ата-аналарымыз және біз балаларымызды электронды тәсілмен оқытуға мүлдем қарсымыз. Электронды білім беру жүйесіндегі қазіргі формат балаларымызға — олардың денсаулығына, психикасына, ақыл-ойына, әлеуметтік бейімделуі және әлемді қабылдауы үшін қауіпті деп санаймыз. Ұлтты бұзу және деградация процесі жүріп жатыр! — делінген петицияда.

Ата-аналар өз балаларын мектепте білім алуға мүмкіндік беретін дәстүрлі оқыту тәсілін қайтаруды талап етеді, сыныпта сабақ өтіп, балалармен мұғалімдері тікелей байланыста болатын.

Одан соң:

— білім берудегі заманауи цифрлық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау үшін шұғыл түрде тәуелсіз ғылыми сараптама ұйымдастыруды, сараптама әдістері мен оның нәтижелеріне қоғамның қолжетімділігін қамтамасыз етуді;

— оқушылардың, сыныптардың және білім беру ұйымдарының дәстүрлі білім беру формасынан электронды түрге өз еркімен көшуді қамтамасыз етуді;

— қашықтықтан цифрлық оқыту бойынша санитарлық талаптарды дамытуды, солайынша компьютер алдында отырған баланың денсаулығына келетін қауіптің мөлшерін азайтуды талап етеді.

Сонымен қатар, ата-аналар цифрлық форматта оқушылардың денсаулығын сақтау стратегиясын әзірлеу қажет деп санайды және қашықтықтан оқытуды заңдастыру бойынша дөңгелек үстелдер, қоғамдық тыңдаулар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамалары бойынша пікірталастар ұйымдастыруды ұсынады. Талқылауға ата-аналар қауымдастығы мен сарапшылар қауымдастығының кеңінен қатысуын қамтамасыз ету керек.

Петицияда айтылғандай, көптеген әртүрлі зерттеулер балалардың смартфондарды, компьютерлерді және басқа да сандық құрылғыларды ұзақ уақыт қолданудың қауіптілігін дәлелдеген:

• дене салмағы артады, майлар түзіледі;

• қанда қант диабетін қоздыратын заттар түзіледі;

• әлеуметтену және эмпатия дағдылары жойылады;

• өзін-өзі бақылау дағдысы бұзылады, зейіннің бір нәрсеге ұзақ уақыт шоғырлану мүмкіндігі;

• ұйқы мен тәбет бұзылады;

• мидағы қан айналымы бұзылады;

• психологиялық және психикалық проблемалар туындайды;

• қатерлі ісік дертінің қаупі артады.

Үндеуде SpaceX пен NASA-ның платформадағы құпиялылықтың жоқтығына сілтеме жасай отырып, Zoom қызметінен бас тартқаны айтылады. Оған Қазақстанда болған жағдайлар да дәлел, яғни онайлан-сабақ барысында ниеті алабөтен үшінші адамдар байланысқа шығып, ұятсыз нәрселерді платформаға орналастырып, балағат сөздер айтқан.

Олар оқушыларға әлі сынақтан толық өтпеген технологиларды сынауға қарсы.

— Біздің балаларымызға Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында көрсетілгендей, орта білім алу құқығы толық көлемде кәсіби мұғалімдердің тікелей, жеке қатысуымен барлық пәндер бойынша қамтамасыз етілуін талап етеміз. Мектептегі білім күндізгі, жанды және табиғи болуы керек, оны цифрлық суррогатпен алмастыруға болмайды, — делінген петицияда.

Ата-аналардың пікірі бойынша, цифрлық технологияларды тек қосымша әдіс ретінде, бекітілген ережелердің шектеулі шеңберінде қатаң және ерікті түрде ғана пайдалануға болады.

Қазіргі уақытта петицияға 4 мыңнан аса адам қол қойды.

Тегтер: ашық хат пікір пайым шағым арыз білім жүйесі

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30