«Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды – Олжас Ордабаев

Сайт әкімшілігі

12.06.2021, 10:20

1475

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төртінші жыл қатарынан қазақстандық жоғары оқу орындарының білім бағдарламаларына рейтинг жүргізіп келеді. 2018-2020 жж. аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен үш рет жарияланды. «Атамекен» ҰКП Төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев  MEDIA CLUB QAZAQSTAN платформасында өткен эфирде рейтинг түрлі талаптар бойынша жүргізілуі керек екенін айтты.

    «Рейтинг оқу орны туралы алғашқы пікірді қалыптастырады. Ол қандай талаптар бойынша жасалатыны өте маңызды. Біз төртінші жыл қатарынан ұсынып жүрген рейтинг екі талап бойынша жүргізіледі. Біріншісі – түлектердің жұмысқа орналасуы, екіншісі – білім бағдарламаларының өзектілігі. Яғни студент оқып жүргенде керек дағдыларды қаншалықты көп меңгеретінін, оқу бітірген соң бір жыл ішінде жұмыс табуына қаншалықты көмектесетінін зерттейді. «Атамекен» рейтингі университеттің потенциалын анықтамайды. Олар әр түрлі талаптар бойынша жүргізілуі керек. «Атамекен» ҰКП рейтингі түлектердің жүмысқа орналасу деңгейі бойынша жасалады»,-дейді Олжас Ордабаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Атамекен» ҰКПжүргізген зерттеу жұмысында 2 мың білім беру бағдарламасы қамтылды, 68 мың түлектің жұмысқа тұруына талдау жасалды. Рейтинг 108 университет бойынша жүргізілді.

Рейтинг нәтижесі бойынша еліміз бойынша үздік деп танылған алғашқы 5 университет:

1. М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті;

2. Қазақстан-Британ университеті;

3. КИМЭП университеті;

4. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті;

5. Қазақстан-Неміс университеті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:15
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Сайт әкімшілігі 09:58
Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдей түсті
Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ 09:03
Ұлы даланың болашаққа жеті арманы
Бифат ЕЛТАЕВА 09:02
"Мен қазақ қыздарына қайран қалам"
Қуаныш ЕРМЕКОВА 16.10.2021, 15:38
Балаға қамқорлық - болашағымызға жасалған жақсылық
Нұрай РАХЫМ 16.10.2021, 14:34
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынан үміт көп

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29