Атаулы әлеуметтік көмек: Қызы оқымаса, ақша алар еді...

30.09.2019, 15:29

4

Алматы облысыныңКөксу ауданында 300-ге жуық көпбалалы ана осыған дейін алып келген атаулыәлеуметтік көмекті мемлекетке қайтаруы мүмкін. Аудандық жұмыспен қамту жәнеәлеуметтік бағдарламалар бөлімі қазынаға қайтарылатын соманы әлі есептепжатыр.

Балпық би ауылыныңтұрғыны 41 жастағы Гүлмира САРЛЫБАЕВА 3-топтағы мүгедек. 1996 жылдан бері жүрек ауыстыру үшін кезекте тұр.Мүгедектігіне қарамастан 4 баланы жалғыз асырап отырған көп балалы анағасәуірден бастап 86 мың теңге жәрдемақы тағайындалған екен. Бірақ жағдайы ендітәуір бола бастағанда үкіметтен берілетін қаражаттың уақытша тоқтатылатынынестіген.

–Ақша түсетін күні, әдеттегідей, поштаға бардым. Ештеңетүспепті. Кешке дейін күттім. Ертеңіне жұмыспен қамту орталығына барсам «сізгеенді ақша түспейді»  деп сүйіншілеп тұр.Тым құрығанда соны ертерек ескертсе болатын еді ғой, -дейді  жалғызбасты көпбалалыана.

Жүрегі ауыратынГүлмира Сарлыбаева үшін тосынсый мұнымен аяқталмағандай. Қыркүйек айында үйіне15 мәрте барып, тұрмысын тексеріп, артынша, есеп беру үшін баспанасын суреткетүсіргендер үлкен қызының жұмыс істейтінін анықтапты. Ал, Алматыда оқып жатқан18 жастағы екінші қызы анасымен бірге тұрмағаны үшін «айыпты» болған. Екібірдей «қылмысты» жасырғаны үшін енді мүгедек ана мемлекетке 200 мың теңгеқайтаруы тиіс. Ал, оны әшкерелегендер былай дейді:

– Министрліктен «сведение по отроботке» деп тізім түсті.Сол тізімде бұл кісі бар. Основания боп тұрған осы список. Бұл тізімде оныңқызы Алматыда оқып жатыр делінген. Яғни, анасымен тұрмайтыны жазылған. Біз текбұйрықты орындаушымыз. Басқа не істей аламыз?–дейді  Қазақстаніскер әйелдер қауымдастығының мүшесі әрі Көксу аудандық жұмыспен қамту жәнеәлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл ШАЯХМЕТОВА.


Бөлім басшысыныңсөзінше, Гүлмира Сарлыбаева 2 қызына беріліп келген төлемнен қағылғанмен,қалған екі баласына 46 мың теңге алады. Бірақ, ол үшін, алдымен, үкіметқазынасына 200 мың теңге қайтаруы тиіс. Аталған қаражат оның жәрдемақысынанавтоматты түрде ұсталып отырады екен. Яғни, жалғызбасты ана алдағы 5 айдаүкіметтен ешқандай ақша алмайды.

– Қазірдің өзінде дүкенге 50 мың теңге қарызым бар. Осыақшаға сенген соң, қарызға азық-түлік алғам. Қыс та кеп қалды, көмір түсіруімкерек. Балалардың киімі бар, дәрі-дәрмегім бар. 2 балаға бермей-ақ қойсын, оғанда көндім. Мүгедектігім үшін берілетін ақша мен 46 мың жәрдемақыға да күнкөрерміз. Бірақ, өздері берген ақшаны қайтару деген не сұмдық? Ешкімнен ештеңежасырғам  жоқ. Қызымды жұмысқа тұрғызғанда сол жұмыспен қамту орталығы болатын. Ал, екінші қызымның студент екенін оларбіледі ғой,-дейді  Гүлмира САРЛЫБАЕВА.


Арнайы комиссияқұрып, 1 айда 15 рет тексеріс жүргізген жалғызбасты ананың үйіне «Жас Алаш»тілшісі де барып көрді. Кішкентай ғана лашықтағы ең қымбат дүние 10 жыл бұрын сәнненқалған LG теледидары екен. Аулада жайылып жүрген мал мен құс байқалмайды. Көпбабалыананың сөзінше, аталған баспана көп жылдан бері жөндеу көрмеген.

«Жас Алаш» бұғандейін Қарағанды облысына қарасты Шахан елдімекеніндегі көпбалалы аналардыңісті боп жатқанын жазған. Атаулы көмек алып келген 2 отбасын табысын жасырғаныүшін жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сотқаберген болатын.  Азаматтық істі қарағанШахтинск қаласының соты Сәрсенбаевтар отбасының 5 ай бойы алып келген 517 мыңтеңгесін кері қайтарсын деген шешім шығарған еді. Алматы облысының Көксуауданындағы жағдайы ұқсас 300 отбасы (табысынжасырғандар мен тіркелген мекен-жайда тұрмағандар) үкіметке ақшанықайтармаса жауапқа тартылуы әбден мүмкін.

 

Оқи отырыңыз: https://zhasalash.kz/article/4654-sot-kopbalaly-ana-517-mynhdy-ukimetke-qaytarsyn


Олжас Сүлейменов:… шенеуніктердің өздері масыл 

https://zhasalash.kz/article/4622-oldgas-suleymenov-sheneunikterdinh-ozderi-masyl

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04