Атаулы әлеуметтік көмекті қайтарудан бас тартқан отбасы сотқа шағымданды

26.12.2019, 17:01

180

Қарағанды облысынақарасты Шахтинск қаласында атаулы әлеуметтік көмекті негізсіз алды дегенСәрсембаевтар отбасы соттың алғашқы шыққан шешіміне қарсы аппеляциялық шағымтүсірген. Аппеляциялық сот шағымды қарауды бастады.  Бұл туралы өңірдегі «Жас АЛАШ» тілшісіхабарлайды.

Сот шешімі бойынша, жеті баласы бар отбасы  төрт айда алған517 мың теңге атаулы әлеуметтік көмекті кері қайтаруы тиіс. Әлеуметтік сала мамандары отағасы қыста негізгікүзетшілік жұмысына қосымша от жағушы болып еңбек еткенін жасырды деп кінәтаққан.

«Құжат тапсырғанда мамандар өздері неге тексермеген менқыста мектепте от жағушы болып жұмыс жасасам, ол жерден зейнетақы қорына аударылады, бәрі көрініп тұрады ғой.Кеше  және бүгін екі рет сот болды, нақтыбір шешім жоқ. Құжаттарды толтыру барысында кейбір мамандардың менің жұбайымныңқолын өтірік қойып жібергені анықталды. Сосын тағы бір күйінетінім, өз еліміздежүріп өз тілімізде сотта еркін ойымызды жеткізе алмаймыз. Өйткені Шахтинскісотындағылар мемлекеттік тілді дұрыс білмейді. Ал жұбайым орыс тілін дұрыстүсінбеген. Осыдан барып кейбір жерде қате шыққан»,- деді Әлібек СӘРСЕМБАЕВ.

Айта кететін біржайт, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындайтын табыс мөлшерінен Сарсембаевтаротбасының кірісі мың теңгеге артық болып кеткен. Жеті баланың әкесі әлеуметтіккөмектің осыншалық әуре сарсаңға салатынын білгенде бастапқыда бас тарту керекеді дейді. Енді келесі сот отырысын қаңтар айына қалдырыпты. Қарағанды облысыныңсотында атаулы әлеуметтік көмекті алған отбасылардан қаржыны кері қайтаруғақатысты бірнеше іс қаралып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58