Атеистердің құқықтары заңдастырылады

Еркежан АРЫН

16.09.2021, 17:30

524

Қазақстанда дінге сенбейтіндердің құқықтарын қорғау бойынша заңға түзетулер қабылданады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлім етті.

       Тиісті комитет басшысының айтуынша, республикада заң үстемдік етеді және барлық азаматтар діни көзқарастарына қарамастан, зайырлы мемлекет принциптерін ұстануға тиіс. Ол Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін, онда азаматтардың барлық процестері мен қарым-қатынастарын реттейтін заңдар маңызды екенін еске салды. «Біз сенушілердің де, сенбейтіндердің де құқықтарын қамтамасыз етуге тырысамыз. Осыған байланысты әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, нүктелік түзетулер аясында дінге сенбейтіндердің құқықтары сияқты ұғымды енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз зайырлы мемлекетпіз және бізде конфессияға, дінге, ұлтқа қарамастан, заң бәрінен жоғары. Заң барлығына бірдей және ол орындалуы тиіс», – деді комитет басшысы. Десе де, Е.Нүкежанов заңнамалық түзетулер қай заң жобасында қарастырылатынын және құжат қашан қаралатынын нақтыламады.

        2019 жылы Қазақстанда дінге сенбейтіндердің үлесі жалпы халықтың 18,8 пайызын құраған болатын. Қазақстандықтардың 75 пайыздан сәл астамы өздерін діндар санайды, бірақ тұрақты діни рәсімдерді орындамайды және ешқандай діни бірлестіктердің қызметіне қатыспайды.

        Еске салайық, дәл осы мәселе 2017 жылы көтерілген болатын. Содан кейін дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстанда мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастың өзіндік үлгісін, «артқа қарамай және шетелдік сыннан қорықпай, исламды түсінудің өзіндік мектебін әзірлеу қажет» екенін айтқан еді.

      Соңғы жылдары азаматтардың діндарлығының тез өсуі сәйкес мәдениеттің қалыптасуынан және діни догмаларды сыни қабылдау мүмкіндігінен асып түсті, сол себепті кейбір діндарлар дін ережелерін сөзбе-сөз орындауды заңдар мен зайырлы моральдан жоғары қоя бастады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АРЫҚБАЙ 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 08:57
Тоқаев тапсырмаса, Шөкеев те, Аймағамбетов те үнсіз
Тұрсынәлі РЫСКЕЛДИЕВ 20.10.2021, 12:35
Телеарналардағы ағаттықтың алдын алу керек
Нүкен БЕЙСЕНҒАЗЫ 20.10.2021, 10:03
Ескерткіштер – елдігіміздің белгісі

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31