Аты да, туы да жоқ "Nur Otan"

17.09.2019, 09:07

215

Ақпан айында өткен«Nur Otan» партиясының кезекті XVIIIсъезінде Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ басшылық ететін саяси ұйымның логотипі өзгергенболатын. Алайда, орталық қабылдаған өзгерістер шалғайда жатқан аймақтарғажетпеген  ұқсайды.  Мәселен, бас партияның атауын латынқаріпіне ауыстыру туралы  тапсырманы ұйымның Алматы облыстық филиалындағылар ендіғана жүзеге асыра бастады.

 Әдетте, Елбасының сарабдал саясатын қолдап,Бас партияның жүктеген міндеттерін орындауда Амандық БАТАЛОВ бастаған Алматыоблысының шенділері алдына жан салмайтын. Тіпті, облыстыңәлеуметтік-экономикалық мәселелері талқылануы тиіс кез келген басқосу, әржиында тұңғыш президенттің  еңбегінемадақ айтып, әкім Амандық ҒАББАСҰЛЫНА алғыс айтатын үрдіс пайда болған. Бұлжолы  жетісулық атқамінерлер жүрісіненжаңылғандай. Партияның орталық аппараты осыдан 7 ай бұрын «Нұр Отанның»атауын латын қаріпімен жазу туралы шешім қабылдаған еді. Басқаларын қайдам,Алматы облысы бұл тапсырманы бірінші боп орындайды деп күткеміз.

«Nur Otan» партиясыныңПанфилов аудандық филиалы, тіптен, тапсырманы орындауда алдына жан салмағансияқты. Қазір мұнда басты саяси ұйымның ту да, партияның атауы да жоқ. Қандайғимарат екенін осында жұмыс істейтін қызметкерлерден басқа ешкім білмейді.Жергілікті халықтың айтуынша, ғимараттың дәл осылай тұрғанына 3 айдай болған.Бірақ, аудандық партия төрағасының орынбасары мұны жоққа шығарды.

«Логотиптің ауысуына байланысты жазу мен ту алыныптасталды. Бірақ, халық айтқандай 3 ай емес, 10 күндей болды. Ғимарат 2013 жылысалынған, жаңа. Мұнда аудандық ардагерлер кеңесі, жастар ресурстық ортылығыжәне  «Nur Otan» партиясының мүшелері,барлығы 11 адам отырады"-дейді, «Nur Otan» партиясының Панфилов аудандықфилиалы төрағасының орынбасары Қанат ДОСМАЙЛОВ.

Алып ғимараттапартия төрағасының орынбасары айтқандай 11-ақ адам отырады. Бірақ, мекеменіңкоммуналдық шығыны қандай екенін мұндағылар білмейді екен. Партия ғимаратықашан жаңа атауға ие болатынын облыстық филиал басшысының бірінші орынбасарынанда сұрап көрген едік. Шенеуніктің сөзінше, жаңа атауды жазу туралы тапсырыстымердігерлерге тек орталық аппарат береді. Сондықтан, бұған филиалдардың қатысыжоқ. Бірақ, орын алған келеңсіздіктерді 2-3 күнде қалпына келтіреміз деп отыр.

«Үлгермей жатырмыз. Тапсырысты қабылдаған компаниябүгін-ертең  дайындап береміз деген. Менсоларға сеніп қалдым. Сондықтан, 6-қыркүйекте филалдарға жазуды алыңдар дептапсырма берген едім. Дайындап жатқан компания республика бойынша тапсырысқабылдаған екен. Сол себепті үлгермей жатқан көрінеді. Мен жазуларды ертешешкізіп қойдым. Бұл менің қателігім болды. Тезірек болса деген оймен жасапедім. Алып келгенде бір-ақ ауыстырыңдар деп айтуым керек еді. Күн жылыдаертерек бітірейік деген әңгіме ғой менікі», — дейді «Nur Otan» партиясы Алматыоблыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар САРЫБАЕВ.


Фотолар автордікі.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09:20
Коронавирустен емделіп жатқан 790 адамның жағдайы ауыр
Сайт әкімшілігі 09:12
COVID-19: қайтыс болғандар жөнінде ақпарат шындыққа сәйкес келмейді
Еркежан Арын 07.05.2021, 09:02
Сот жүйесіне жасанды интеллектінің көмегі бола ма?
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 07.05.2021, 08:49
«Жас қазақ» әні қалай туған?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 06.05.2021, 13:34
Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 10:32
Бауыржан Байбектің өкілі Мамайға қатысты азаматтық іс қалай жүріп жатқанын айтты

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56