Атырау мұнайдың емес, "мусордың" астанасы

08.08.2018, 19:22

520

Күн сайын Атырау қаласынан 236 тонна қоқыс шығарылады. Ол облыс орталығынан 5-шақырым жердегі 40 жыл бұрын ашылған полигонға жөнелтіледі. Мұнайлы астананы қоқыс құрсауынан Бергей РЫСҚАЛИЕВ, Бақытқожа ІЗМҰХАМБЕТОВ те шығара алмады. Есесіне, облыс былтырғы 2017 жылдың өзінде  42,3 млн. тонна мұнай өндіріп, бюджетке  5,6 трлн. теңге құйды. Бірақ та басқасын айтпаған бір полигонның мәселесі шешімін табар емес. Атырауда 2018 жылдың алты айында қоршаған орта жағдайына байланысты 69 тексеру жүргізіліп, ол бойынша 125 әкімшілік іс қозғалып, 507 млн.теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Жас Алаш сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.Атырау облыстық экология департаментінің мәліметіне сүйенсек 35 азаматтық іс бойынша келтірілген залалдық шығын 102 млн.теңге құрапты. Облыстық экология департаментіінң басшысы Қабижан ҚАПАНОВТЫҢ айтуынша, соңғы жылдары экология мәселесіне қатысты азаматтық қоғамның белсенділігі күрт өскен. Солардың арқасында заң бұзушылықтар да анықталыпты.-Біз олар бойынша жұмыстар жүргізіп те жатырмыз. Арманның далалық жерлерге қалдық төгіп, қоршаған ортаны ластайтындар жөніндегі бейнебаянынан кейін билік, прокуратура, ішкі істер органдарымен бірлескен шаралар қолға алынып, бірнеше тұлғаға айыппұл салынды, тексерулер жүргізілді, – дейді департамент басшысы Қабижан Қапанов. Заң бойынша, табиғатты бүлдірген жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салынып, бұл әрекет екінші мәрте қайталанса ісі сотқа жолданады. Алайда, қазірге дейін аталған бап бойынша сотқа жолданған іс жоқ. Сондай-ақ, тәуелсіз экологтардың зерттеулері қуантарлық нәтиже көрсетпеген.«Қазір қолымдағы мәліметтерге сүйеніп, облыс халқының денсаулық деңгейін анықтап отырмын. Ол бойынша Жылыой ауданы тұрғындарының денсаулығы ең нашар көрсеткішке ие. Одан кейінгі орындарда: Исатай, Мақат аудандары және Атырау қаласы. Ағзаның ішкі мүшелері, жүрек-қан тамырлары, жүйке, басқа да топтарға бөліп жүйелеген 18 ауру түрінің 11-інен Жылыой ауданы тағы да көш бастап тұр», — дейді ғалым Мұфтах ДИАРОВ.Геология-минералогия ғылымының докторы, академик Диаровтың қала басшылығына өз ұсынысы да бар.«Жайық өзенінің адамдар жиі шоғырланатын жағалау бөлігін және орталық көшелерді күніне 1-2 рет суару; автокөлік қозғалысын реттеу, қалаға ауыр жүк көліктерін кіргізбеу, бұл үшін айналмалы жолдар бар; көшелерде ауыр қозғалатын көлік құралдарынан шығатын газ шығарындыларына бақылауды күшейту, пайдаланылған газдар толық жанбайтын ақаулы автокөліктерді анықтау және оларды жөндеу бойынша шаралар қабылдау; жанар-жағар май станцияларында сатылатын бензин сапасын бақылауды күшейту, өйткені көлік құралдарынан шығатын газдардың жану дәрежесі соған байланысты болады; қала көшелеріндегі субұрқақтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету (Атырау субұрқақтары жұмыс істемейді деуге болады); атмосфера бассейніне қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары шығаратын технологиялық шығарындыларға бақылауды күшейту, олар нақты ауа-райын есепке ала отырып, желдің бағыты мен жылдамдығына қарай шығарылуы тиіс».Атырауда бәлкім қоршаған ортаны растайтын алпауыт компаниялармен күресу ауыр болар. Алайда, тұрмыстық қалдықпен шаһар маңы ласталып бітті."Қоқыс полигонын көшірмесе болмайды. Ол күнделікті бықсып, газ бөліп, халықтың денсаулығына, қаладағы өмір сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Мен мәслихат жанындағы экологиялық комиссияның мүшесімін. Біз қалалық әкімшілік алдына полигонды қаладан 15-20 шақырым алыс жерге көшіру және рекультивациялау мәселесін қойғалы отырмыз", — дейді «Байтақ Болашақ» республикалық экологиялық альянсы Атырау филиалының жетекшісі Арман Хайруллин.2013 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасы бекітілген.  Алайда, Хайруллин мырза айтып отырған Атырау қаласынан 5 шақырым жердегі қоқыс полигонын жабудың өзі мұң болып тұр. 40 жыл бұрын ашылған қоқыс алаңынан өрт шығып, қолқаны қабатын иістің облыс орталығына жетіп келетіні үйреншікті жағдайға айналғалы қашан.Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ кезінде бұл мәселені шешуге бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінген еді. 115,5 миллионы қашқын әкім кезінде ұрланды деп халықтың салығынан жиналған мол қаражат тағы да құрдымға кетіп, атыраулықтардың проблемасы шешілмеді.Қазақстанның мұнайлы астанасы қалайша қоқыстың ортасынан шыға алмай отырғаны таңқалдырады. Қаржы тапшылғынан дей де алмайсың. Мәселен, 2017 жылдың өзінде Атырау облысында 42,3 млн. тонна мұнай өндірілген. Ол дегеніңіз 5,6 трлн. теңге.Нұрлан НОҒАЕВ президент тапсырмасын орындай ала ма екен?Фото: arnapress.kzМАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.     
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 17:11
Алматының экология басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 09:50
Екі облыста су тасқынының қаупі күшейді
Сайт әкімшілігі 19.03.2023, 14:49
20 жылдық тәжірибесі бар 70 жастағы таксист апай өз таңдауын жасады
Сайт әкімшілігі 19.03.2023, 09:20
Қошанов сайлау әділ өтіп жатқанына сенімді
Сайт әкімшілігі 19.03.2023, 09:09
Ел бойынша 10 146 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр - ОСК
Еркежан АРЫН 18.03.2023, 15:45
Газ генерациясы – Қазақстанның энергетикасының тиімділігін арттырудың ұтымды жолы

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28